​Жетісайда тибеттік ем қабылдау орталығы ашылды

0
2 890

Ашылу салтанаты барысында бір апталық тегін ем-доу қабылдау лотереясы ойнатылды.


​Жетісайда тибеттік ем қабылдау орталығы ашылды

Бүгін Түркістан облысы, Жетісай ауданының орталығы – Жетісай қаласында тибеттік ем қабылдау емханасы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Медициналық нысанның ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Жетісай қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қадыр Смаилов, Жетісай аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әбдіманап Байдуллаев және бірқатар бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған нысанның ашылуына жетісайлық жеке кәсіпкер «Тәж» ЖШС-нің бас директоры Медет Тайманов мұрындық болыпты. Нақтырақ айтсақ, Қытайда арнайы білім алып келген 4 маманды осында жұмыс істеуге шақырыпты.

«Соңғы жылдары әкем науқастанып, шығыстық емдеу шараларының тиімділігін байқадым. Әсіресе, оның ішінде тибеттік ем-дом шаралары көңілімнен шықты. Сөйтіп, дәл осындай орталықты Жетісайдан ашуды жөн санадым. Астанада жұмыс істеген 1 дәрігер, 1 ине салушы, 2 массажшы маманды барлық жағдайын жасап, туған жеріме алып келдім», - дейді Медет Тойлыбайұлы.

Бұл медициналық орталықта 8 түрлі ем-дом шаралары көрсетіледі. Атап айтсақ, тамыр ұстап диагноз қою, инемен емдеу, массаж, физотерапия, банка қою, отпен емдеу, табиғи таза шөптермен емдеу, хижама жасау. Сондай-ақ, асқазан, бауыр, жүрек, бүйрек қанбасымы,инфарк, инсульт, ерлер және әйелдер, бел омыртқа, тері аурулары, грижа секілді шипалар жасалады.
Ашылу салтанаты барысында бір апталық тегін ем-доу қабылдау лотереясы ойнатылды. Нәтижесінде 15 азамат жеңімпаз атанып, бір апталық акцияның шарапатына бөленуге мүмкіндік алды.

Дереккөз: Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қуаныш Әуелбеков.