Жетісайдың әкімі 10 түрлі өнімді өзі таныстырды (видео)

0
2 847

Ауданның Орталық саябағында ұйымдастырылатын мерекелік шара 10 гектар жерді қамтымақ


Жетісайдың әкімі 10 түрлі өнімді өзі таныстырды  (видео)

Жетісайдағы «Қауын фест» фетивалінде қонақтарға ұсынылатын жергілікті 10 түрлі өнімді аудан әкімі өзі таныстырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Осыған орай бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев БАҚ өкілдеріне «Қауын фест» фестивалінің дайындық жұмыстарын баяндап, шара аясында кәсіпкерлер көрмесі өтетіндігін жеткізді.

Видео журналист Әлия Ортаеваның жеке парақшасынан алынды.

Ауданның Орталық саябағында ұйымдастырылатын мерекелік шара 10 гектар жерді қамтымақ. Мұнда көрме кешендері мен арнайы сахна, таныстыру алаңы, тамақтану орындары қамтылған.

Қазіргі таңда Жетісай қаласындағы Орталық саябақта ұймдастыру жұмыстары қарқын алған. Әсіресе тазалық жұмыстарына мән беріліп отыр. Шара өтетін аймаққа асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолақтары қайта қалыпқа келтірілуде.

Сондай-ақ, көрме кешендері мен таныстырылым алаңшалары әзірленуде. Шараның маңыздылығына тоқталған аудан басшысы фестивальге қажетті кешендердің сәулеттік келбеті мен көркемдігіне аса мән беруді тапсырды.

Естеріңізге салар болсақ, «Қауын фест» фестивалі 24 тамыз күні өтеді, деп белгіленген. Қазірдің өзінде Жетісай мен Мақтаарал аудандарына қарасты барлық ауыл округ әкімдіктеріне арнайы орын белгіленген.

Шара қорытындысы бойынша үздік өнім ұсынған ұжымдар мен әкімдіктерге бағалы сыйлықтар табыс етілетін болады.