​Жетісайдың жүзімдері Ресейге жөнелтілуде

0
668

Қазір мұндағы жүзімнің бір келесі 120 теңгеден сауданалуда. Жүзімдік алқабында 30 адам жұмыс істеуде.


​Жетісайдың  жүзімдері Ресейге жөнелтілуде

Жетісайдың жемістері жаппай шетел нарығына саудалануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Жетісай ауданы Абай ауыл округінде жүзімдік алқабы 280 гектарға жетіп отыр. Ауданда мұндай көлем ешбір округте жоқ. Қазір Абай округінде жүзім жинау науқаны аяқталуға жақын. Ең ірі «Махарам» шаруа қожалығы жүзімдікдің әр гектарынан 25 центнерге дейін өнім алуда. «Тайфы» сортынан жиналған өнімнің басым бөлігі Ресейге жөнелтілуде.

Жалпы аталған қожалықта 42 гектар жерге жүзім егілген. Соның 26 гектары өнім берсе, қалған 16 гектары алдағы екі жылда жемісін бере бастайды.
Қожалық төрағасы Махарам Нифталиевтің айтуынша, 1 гектарға шамамен 2 млн теңгеге жуық шығын кетеді екен. 50 жылға жуық өнім беруге қауқарлы жүзім бақтары жалпы кеткен шығынды 5-6 жылда толығымен ақтайтын көрінеді. Қазір мұндағы жүзімнің бір келесі 120 теңгеден сауданалуда. Жүзімдік алқабында 30 адам жұмыс істеуде.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет