​Жетісайлық боксшылар 5 медальді қанжығаға байлады

0
1 085

Алматы қаласында «Сидней олимпиадасының чемпионы - Бекзат Саттархановты еске алуға» арналған жасөспірімдер арасында Республикалық турнир өтті.


​Жетісайлық боксшылар 5 медальді қанжығаға байлады

фото: әлеуметтік желіден

Түркістан облысы, Жетісай ауданының жас спортшылары Алматыда өткен турде жеңіс тұғырынан көрініп, 5 медальді жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2018 жылдың 5-9 желтоқсан күндері аралығында бокстан Алматы қаласында «Сидней олимпиадасының чемпионы - Бекзат Саттархановты еске алуға» арналған жасөспірімдер арасында Республикалық турнир өтті.

Ол турнирге Қазақстан Республикасының барлық облыстарымен қоса Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 400-ге жуық спортшы қатысты. Сол дүбірлі додаға Түркістан облысы, Жетісай ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты №2 БЖСМ–нің жас спортшылары 5 медальді қанжығаларына байлап, жеңіс тұғырына көтерілді.
Жеңімпаздар жастарды таныстырып өтсек:
І орынды - Мырзахмет А;
ІІ орынды -Тұрпаш Н және Кенжебай М;
ІІІ орынды - Мүтәліп С және Пернебай Д жүлделі орындарды бағындырып, ауданның абыройын одан әрі асқақтатты.

Айта кету керек, жеңмпаз жастардың жаттықтырушылары Мейіржан Керімхан мен Бекзат Бахтияров.

Дарынды спортшылардан алдағы уақытта тек қана жеңіс күтіліп отыр.