​Жетісайлықтар жылды нәтижелі қорытындылауды мақсат тұтып отыр

0
1 287

Мәселеге жан-жақты қаныққан аудан басшысы жылды нәтижелі қорытындылау үшін жоспардағы қаралған қаржыларды толық көлемде игеру және индикторлардың орындалуы бойынша тиісті салалық бөлімдерге жұмысты жандандыру қажеттігін қатаң ескертті.


​Жетісайлықтар жылды нәтижелі қорытындылауды мақсат тұтып отыр

Түркістан облысы, Жетісай ауданы бойынша жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 2018 жылға 4 айдың жоспары 359,1 млн теңгені құрап отыр. Бұл көлем жыл соңына дейін толығымен орындалады. Бюджеттің шығыс бөлігі яғни 7 млрд 924,9 млн. теңге жоспарланған қаржы 99,9 пайызға орындалады деп күтілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жоспар орындалуы үшін үшін қала, кент, ауыл округінің әкімдері жер, мүлік, көлік тағы да басқа салық түрлерінің берешектерін қайтаруда белсенділік танытуы қажет. Бұл туралы аппарат отырысында Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.

Жиын барысында Жетісай аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Серікбай Пиримбеков 2018 жылғы бюджеттің орындалу жөнінде баяндама жасады. Мәселеге жан-жақты қаныққан аудан басшысы жылды нәтижелі қорытындылау үшін жоспардағы қаралған қаржыларды толық көлемде игеру және индикторлардың орындалуы бойынша тиісті салалық бөлімдерге жұмысты жандандыру қажеттігін қатаң ескертті.