​Өзін-өзі жұмыспен қамту тұрғысында мемлекет пен халық түсінігінің арасында қарама-қайшылық бар

0
1 228

«Атамекен» ҰКП өкілінің айтуынша, 326 мың 500 ге тарта тұрғыны бар Сарыағаш ауданы халқының 121 мыңы, яғни жартысына жуығы «жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың» тізімінде тұр екен.


​Өзін-өзі жұмыспен қамту тұрғысында мемлекет пен халық түсінігінің арасында қарама-қайшылық бар


ERNUR.KZ. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев жұмыссыздықты азайтуға бағытталған жобаларды ОҚО-да өткен таныстырылымының алдында тілшілерге берген сұқбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Атамекен» ҰКП Оңтүстік Қазақстан облысының ірі екі ауданында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде өзін-өзі жұмыспен қамту бағытында мемлекеттік органдарда тіркелген ресми мәлімет пен Палата зерттеулерінің арасындағы айырма 5 есеге дейін.

«Атамекен» ҰКП өкілінің айтуынша, 326 мың 500 ге тарта тұрғыны бар Сарыағаш ауданы халқының 121 мыңы, «жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың» тізімінде тұр екен.

«Шарбағы бар, екі үш малы бр. Сүтін сатып отыр. Табысы бар ма, оны табысы бар адамдардың қатарына қосады. Былай қарағанда оның жұмысы да жоқ. Шын айтқанда. Шарбақта жүрген тірлігін ол жұмыс деп есептемейді. Бұл жерде өзін-өзі жұмыспен қамту бағытында адамдардың түсінігі мен мемлекеттің түсінігінде қарама-қайшылық бар. Енді осының методикасын өзгерткіміз келеді. Адам өзін жұмыссызбын деп есептесе оны жұмыссыздардың қатарына қосайық»,-деді Эльдар Жұмағазиев.

Оған қоса, ауданда кәсіпкерлерді есепке алуда да қайшылықтар бар. Және бұл тек бір ауданға ғана тән емес, тұтас елдегі мәселе.

«Өзін кәсіпкермін дейні, бірақ тіркелмеген. Осындай «кәсіпкерміз» деп жүргендердің саны ресми цифрдан 40 пайызға көп екен. Ол кәсіпкермін дейді өзін. Бірақ тіркелмеген. Адамдарға жұмыс беріп отыр. Еш жерде тіркеуде жоқ. Салық төлемейді. Ондай мәселе тек Сарыағашта емес Қазақстан бойынша бар»-деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары.

Өңірдегі жұмыссыздықты азайту мен өзін-өзі жұмыспен қамтудың тиімділігін арттыру үшін «Атамекен» ҰКП бірнеше ұсыныс әзірлеген. Ол ең алдымен тұрғындарды кәсіпкерлікке оқыту. Өз ісін ашып, нәпақа тапқысы келетіндерге бизнес жоспар жасау, істі қалай жүргізу керектігі секілді бизнестік қыр-сыры үйретіледі. Одан кейін оған несие алуға көмектеседі. Және бір жылға дейін ісін жаңа ашқан азаматқа қолдау көрсетіп отырады.

Халықтың барлығы бірдей бизнесмен болуға икемі бола бермейтінін ескерген Палата тағы 75 мың тұрғынға кәсіпорын ішінен белгілі бір мамандықты үйрететін оқу орталықтарын ашуды көздейді. Онда азаматтар 2 айдан 6 айға дейін кәсіп меңгереді. Бұл алдымен уақытты үнемдейді. Ең маңыздысы - жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы тікелей жұмыс болғандықтан көп қаражатты қажет етпейді.