БАЛ, АШЫТҚЫ - бөлме гүлдерінің ТАМЫРЫН тез шығарады

0
6 746

Кәдімгі нан ашыту үшін қолданылатын ашытқы мен ыдыс түбінде қалған балдың қалдығына су құя салыңыз...


БАЛ, АШЫТҚЫ - бөлме гүлдерінің ТАМЫРЫН тез шығарады

Қазір үйде бөлме гүлдерін, аулада сәндік гүлдерді өсірмейтін қыз-келіншектер кемде-кем болар. Мәпелеп өсірген жасыл өсімдіктер жайқалып, неше түрлі гүл ашып тұрса, көңілге ерекше жылулық пен жайлылық сыйлайтыны сөзсіз. Бірақ әр нәрсенің өз қиындығы, мәселелері болып жатады.

Мысалы, өсімдіктерде ең қиыны - оларды көбейту үшін кесіп алынған көшеттерінің тамыры шықпай тұрып алуы немесе тамырламай жатып қурап қалуы. Әрине тамыр шығаратын арнайы дәрілер бар, бірақ ол біріншіден қаражат талап етсе, екіншіден құрамында химикаттары болары сөзсіз.

Тамырлатудың бірнеше оңай, әрі шығынсыз жолдарын төменнен оқи аласыздар.


Даршын (корица) және бал

Бұл тәсіл бұталы, яғни ағаш секілді өсетін өсімдіктер үшін өте тиімді.Ол үшін тамырлататын өсімдікті (өсімдіктің жас кескінін кесу керек) кесіп, кесілген жерді балмен сылап қою керек. Мейлінше балдың табиғи таза болғаны дұрыс. Егер балдың түбінде қалып қоюланып қалса, ерітудің қажеті жоқ. Сол күйінде жаға берген дұрыс. Отқа қойып еріген соң балдың құрамындағы пайдалы заттардың біразы жойылып кетеді.


Кішірек ыдысқа топырақ салып дайындап аламыз. 1 шәй қасық даршынды 1стақан суға араластырып, ыдыстағы топыраққа құямыз. Бұл топырақты залалсыздандырады.


Әселмен сыланған жағын төмен қаратып көшетті топыраққа егеміз. Бетін шыны ыдыспен (банка) жауып қоямыз. Көшетті суғарған кезде суды бетінен емес, түбіндегі тәрелкесіне құямыз. 5 күннен соң бетіндегі шыны құтыны аламыз. Өсімдік бұл уақытта жақсы тамыр шығарып қалуы керек.


Сондай-ақ, 2 шәй қасық балды 3л жылы сумен араластырып аламыз. Көшеттің 3 тен 1 бөлігі батып тұратындай етіп ыдысқа құйып, көшетті салып қоямыз. Осылай бал араласқан суда 12 сағат тұрғаны дұрыс. Уақыт өткен соң көшетті кәдімгі су құйылған ыдысқа ауыстыру керек.


Алоэ шырыны

Алоэ шырыны – өсімдіктердің тез тамырлауына жақсы көмектеседі. Себебі оның құрамында жасушалардың тез бөлініп шығуына мәжбүрлейтін зат бар. Сондықтан бар болғаны көшет тұрған суға алоэ өсімдігінің 4-5 тамшы шырынын тамызып жіберсек болғаны.


Ашытқы

Кәдімгі нан ашыту үшін қолданылатын ашытқының да өсімдіктерді тез тамырлатуда көмегі көп. Ол үшін 100 гр ашытқыны 1 литр суға араластырып, соған тамырлататын өсімдікті саламыз. 1 тәуліктен соң көшетті ашытқысы бар судан шығарып, таза суы бар ыдысқа саламыз.

Қосымша кеңестерге де мән беріңіз!

  • Тамырын шығару керек болған өсімдіктерді қара немесе күңгірт түсті ыдысқа салу керек. Бұл өсімдіктің тез тамырлауына септігін тигізеді.
  • Егер өсімдік салынған ыдыстағы су азайып кетсе, басқасына ауыстырмаңыз, тек үстіне қосымша құйып қою керек. Себебі өсімдік өз ыдысындағы судан басқа суға ауысқан соң, соған бейімделгенше тамыр шығармай жатып қурап қалуы мүмкін.
  • Тамырлату үшін өсімдіктерді жәй суға салған болсаңыз, оған 1 дана белсендірілген көмір салуды ұмытпаңыз. Бұл судағы бактериялардың өршуіне жол бермейді, суды залалсыздандырады.
  • Тамыры шығып болғанша ыдыстағы су азайып кетпес үшін, өсімдікті суға салған соң бетінен пенопластты үгітіп салып қоюға болады. Бұл судың буланып тез азайып кетпеуіне көмектеседі.

Оқи отырыңыз: КІРЛЕГЕН кілемді ШИКІ КАРТОП пен АШЫҒАН ҚЫРЫҚҚАБАТ жақсы тазартады.


Жеп болдыңыз ба? ҚАБЫҒЫ мен ҚАЛДЫҒЫНАН қайта өсіріп алыңыз.



Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ