БҰЛ гүлдер ЖАЛҒЫЗ ТҰРҒАНДЫ ұнатады

0
2 072

Кейбір бөлме гүлдері айналасындағы гүлдерді өсірмейді немесе өзі өспей қалып жатады.


БҰЛ гүлдер ЖАЛҒЫЗ ТҰРҒАНДЫ ұнатады

Кейбір бөлме гүлдері өзге гүлдермен көрші болғанды ұнатпайды. Олар жалғыз жақсы өседі. Бөлме гүлдерінің ішіндегі көп өсірілетін және жалғыз өскенді жақсы көретін өсімдіктер:


Қасқыржем (Аспарагус)


Аспарагус – жұмсақ сабақты, жалғыз тұрғанды жақсы көретін сәндік өсімдік. Күтімі жеңіл, тек өсу процесі кезінде жиі су құйып, минералды тыңайтқышпен қоректендіріп отыру қажет. Жарықты жақсы көреді, бірақ тікелей күн көзіне қоюға болмайды. Аспарагус өсімдігі улы болғандықтан айналасына өзге гүлдерді жақындатудың қажеті жоқ және балалардың қолы жетпейтін жерде тұрғаны жөн. Оның биіктігі 2 метрге дейін жетеді.


Сансевиерия


Сансевиерия – қылыш секілді ұзын жапырақты өте төзімді өсімдік. Ол ыстыққа төзімді, ұзақ уақыт сусыз да тұра береді. Ауа ылға лдылығы төмен, жарығы аз жерде де өсе береді. Бұл да улы өсімдік. Жалғыз тұрғанда жақсы өседі. Биіктігі 1 метрден асады.


Монстера


Монстера – өте үлкен, ауаны жақсы тазартып иондайтын өсімдіктің бірі. Сондықтан да оны көбіне үлкен бөлмелерде, офисте ұстайды. Монстера жақсы күтімді қажет етеді. Жарық пен ылғал мол болу үшін айналасына өзге гүлдерді қоюдың қажеті жоқ.


Фикус


Фикус – бөлме гүлдерінің ішіндегі ең кең таралған, күй талғай бермейтін өсімдік. Алайда фикус фиалка, бегония, орхидея және хризантема гүлдерімен бірге тұрғанды ұнатпайды. Өсімдікке мол су мен жарық қажет. Сондай-ақ фикус өте жылдам өсетін болғандықтан оған көп орын қажет. Оның жалпақ, қалың жапырақтары өзге өсімдіктерге жарық түсірмейді.


Шықшөп (Росянка)


Шықшөп – бұл жыртыштық қасиеті бар экзотикалық өсімдік. Қазіргі кезде бұл өсімдіктің танымалдығы артып келеді. Ол жәндіктердің жауы және түрі ерекше. Шықшөп те улы өсімдіктердің бірі, сондықтан өзге гүлдермен қатар өсіруге болмайды. Күтімі мұқият қарауды талап етеді. Жай ғана су құйып, тыңайтқыш себе салуға болмайды. Шықшөп өсіру үшін ауа ылғалдылығы 70 пайыз шамасында болу керек және мол жарықты қажет етеді. Шықшөп терезе алдында өспейді.


Юкка



Юкка – жалғыздықта өзін жақсы сезінетін бөлме гүлдерінің бірі. Оны көбіне «өтірік пальма» ағашы деп те атайды. Өсімдікке мол жарық және көп орын қажет. Бұл гүл құрғақ ауаны жақсы көреді. Егер су артығымен, молынан құйылса, онда өсімдік шіри бастайды. Юкканың бойыметрге дейін жетеді.


Сүттіген (Молочай)


Молочай – танымал бөлме гүлі. Өсімдіктің бөлетін ақ түсті шырыны улы болады. Сондықтан ол аллергия тудырады, теріні күйдіріп тітіркендіреді. Ал айналасында тұрған гүлдердің өсуі тежеліп, қурап қалады. Молочай гүліне күтім жасағанда қолға міндетті түрде қолғап киіп алған жөн.


Бөлме гүлдерін таңдаған кезде тек қана сәнін ғана емес, олардың қажеттілігін де ескерген дұрыс. Мәселен жоғарыдағы гүлдер айналасындағы өсімдіктерге зиянды болғандықтан оларды жеке қою керек.


Қандай гүлдерді бірге өсіруге болады

1. Кактус, бегония, хлорофитум, алоказия, калла, эухарис, белокрыльник.

Бұлар жапырақты, гүл ашатын өсімдіктер. Бір-бірінің жанында жақсы өседі.


2. Строманта, ақша ағашы, пеперомия – күй талғамайтын өсімдіктер.

Құрғақ ауаны жақсы көтереді. Суды мол құйған дұрыс. Әркез тамырын тексеріп тұру керек. Олар шіріп кетуге бейім келеді.


3. Орхидея, декабрист, алоэ, кактус, пальма, фиалка.

Бұл өсімдіктер мол жарықты жақсы көреді. Сондықтан терезе алдына жақсы өседі.


4. Традесканция, бамбук, драцена, кордилина.

Гүлдер ала түскен жарықты ұнатады. Әрдайым ылғалдап, су бүркіп тұрғанда жақсы өседі.


5. Үй раушаны, гибискус, жасмин.

Бұл өсімдіктер қосымша жарықты керек етеді. Молынан суғарып тұру керек. Қыста қоректендіріп, қосымша жарықтандырып тұрған жөн.


Дайындаған: Базарбаева Э,

ERNUR.KZ.


ПЛАСТИК ыдыстар АУЫР ДЕРТКЕ душар етуі мүмкін