Бұзылған азық-түлікті оп-оңай қалпына келтіруге болады

0
4 535

Бүлінген азық-түлікті тастауға асықпаңыз.


Бұзылған азық-түлікті оп-оңай қалпына келтіруге болады

Күз келсе де ыстығы қайтпай тұрған ауа-райы көптеген азықтардың тез бүлінуіне себеп. Сондай-ақ кейде азықты артығымен алып та бүліріп алатын кездер болады. Мұндай жағдайларда оны бірден тастауға асықпаған дұрыс. Себебі көптеген азықтарды кішігірім қулықтың көмегімен қайта жаңа қалпына келтіруге болады.


Ұнкейде дұрыс сақталмағанның кесірінен ұнның ішінде ұсақ құрттар пайда болады. Алайда ең қажетті азықтың бірін осы үшін тастап жіберудің қажеті жоқ. Шамалы уақыт бөліп, төмендегі кеңесті жасап көрсеңіз қайта қалпына келтіріп ұзақ сақтай аласыз.

Алдымен ұнды екі рет електен өткізіп алу керек. Еленген ұнды бірнеше бөлікке бөліп, пештің ыдысына салып, бетіне 3см қалыңдықта қағаз қойып 30-35градустағы ыстыққа жақсылап кептіріп аламыз. Кепкен ұнды таза ыдысқа салып сақтайсыз.


Ескеру: ұнды 30-35 градуста ғана қыздыру керек. Себебі 50градус ыстықта ұн жарамсыз болып қалады.



Қарақұмық – оны қалпына келтіру үшін, алдымен салқын суда жақсылап жуып, 50-60 градустағы ыстық пешке қыздырып алу керек. Суыған соң матадан жасалған қалтаға салып, құрғақ, салқын жерде сақтаған дұрыс.


Тары – тары көгеріп, дәмі қышқыл тартса, онда оны алдымен салқын суда жуып аламыз. Одан кейін үстіне ыстық су құйып 4 сағатқа қалдырамыз. Кейін суын төгіп тастап, сода араласқан (1л суға 1 шай қасық) жылы суда қолмен үйкеп жуу керек. Артынан салқын сумен шайып, пешке салып, шамамен 30 градус ыстықта кептіріп аламыз. Мұндай өңделген тарыны 1ай ішінде пайдаланған дұрыс.


Сүзбе (творг) - Егер сүзбе қышқылданып кетсе, онда оған сүт құю керек. Сүзбенің үстіне сүтті құйып 1сағатқа бетін жауып қоямыз. Уақыт өткен соң сүзгінің ішіне дәке салып сүзбедегі сүтті толықтай сүзіп аламыз. Сүзбенің дәмі бастапқы қалпына келіп, жұмсарады.

Сондай-ақ сүзбені сүзгіге салып, шүмектен аққан салқын сумен жақсылап жуып алуға болады. Оның жағымсыз иісі тез кетеді.


Сүт - егер сүттің асты күйіп кете, оны араластырмаңыз. Жақсылап піскен соң оттан мұқият түсіріп, басқа ыдысқа құйып алыңыз. Қайта отқа қойып қайнауға дейін жеткізу қажет. Сүттегі күйген дәмді кетіру үшін оған бір шымшым тұз салып, біршама уақыттан кейін сүт толы ыдысты салқын суға саламыз.


Сары май - қышқыл татыған, ескірген сарымайды қалпына келтіру үшін, 1л салқын суға 1 шай қасық ас содасын салып, майдың үстіне құямыз. 2-3 минуттан кейін суды төгіп тастап майдың үстіне 1 стақан сү құямыз. Оны отқа қойып ерітеміз. Сүт қосылған май еріп жатқанда бір үзім нан салып жіберу керек. бұл майдағы жағымсыз иісті алады. Майды отта алтын түске енгенше ұстаймыз. Кейін тоңазытқышқа салып қатырып алға болады.


Ірімшік (сыр) - егер ірімшік қатты кеуіп қалса, онда оны жұмсартып, бастапқы қалпына келтіру үшін ыдысқа салып үстіне сүт құйып, бетін жауып түнге қалдыру керек. Ал таңертең дәмді, жұмсақ ірімшік дайын.

Сондай-ақ туралған, айналасы кеуіп қалған ірімшікті суланған дәкеге салып орап қойсаңыз, бір жарым тәуіктен соң қайта қалпына келеді.


Жұмыртқа - Егер жарылған жұмыртқадан қайнатқан кезде ішіндегісі ағып кетеді деп қорықсаңыз, онда сол жарылып тұрған жерге лимонның жұмсақ етін үйкеу қажет немесе қайнататын суға сіркесу құю керек.


Өсімдік майы - егер өсімдік майының иісі жағымсыз болса, онда оған 1 литріне 1 шай қасық тұз салып, қараңғы жерге қою керек. Үш тәуліктен соң майды басқа ыдысқа құйып алыңыз. Майдың түсі жақсарып, жағымсыз иісі кетеді.


Аскөк пен салат жапырағын 1 стақан сумен қайта қалпына келтіруге болады. Егер тоңазытқышта тұрған аскөк пен салат жапырақтың солып қалғанын байқасаңыз, онда оны жарты стақан суға салып бетіне пакет жауып қою қажет.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Бөлме гүлдері СОЛЫП ҚАЛА БЕРЕ МЕ? Түбіне шаш көміңіз


СУПЕРжелім мен АС СОДАСЫ кез-келген затты желімдейді