Дастархан жабдығын жасауға қалайсыз?

0
8 580

Қазір заманына қарай қонақ күту үрдісі мен дастархан жабдығы eуропалық үлгіге көбірек сүйенеді. Осыған орай дастархан жасау ережелері мен ұстанымдарын біраз кеңірек қарастырып көрейік. Дастархан жабдығы күнделікті, қонақ келгенде және арнайы мерекелік күндерге арналған болып бөлінеді.


Дастархан жабдығын жасауға қалайсыз?


Қазір заманына қарай қонақ күту үрдісі мен дастархан жабдығы eуропалық үлгіге көбірек сүйенеді. Осыған орай дастархан жасау ережелері мен ұстанымдарын біраз кеңірек қарастырып көрейік. Дастархан жабдығы күнделікті, қонақ келгенде және арнайы мерекелік күндерге арналған болып бөлінеді.

Сонымен қатар, қонақ күту жағдайына байланысты да бірнеше түрге бөлінеді:

  • Қарапайым – көп шығынды талап етпейді яғни үйдегі бар ыдыстарыңызды әдемі етіп үйлестіресіз.
  • Классикалық – үлгі көбіне қарапайым үлгімен сәйкестеніп жатады. Сіз мұнда біртүсті ақ ыдыстарды, пайдаланасыз. Дастарханды, сулықты сәйкесінше жасайсыз.
  • Әдемі – көбіне ерекше мерекелік кештерге арналған. Мысалы туылған күн, кездесу, арнайы іс-шаралар сияқты. Мұндағы ерекшелік аксесуарлар. Сулық қағаздан емес дастархан түстес матадан болуы тиіс.
  • Заманауи – дастарханды заманауи ретте жабдықтау қазіргі кезеңдегі түрлі қалыптағы (сопақ, төртбұрыш, овал, үшбұрыш т.б) ыдыстардың қойылуымен ерекшеленеді.
  • Стилді – бұл ретте дастархан жабдығы отырыс жоспарына сай, көбіне іскерлік, ресми кездесулерге арналып жасалады. Мұнда жыл мезгілдеріне қарай күз болса сарғыш, көктемге жасыл, т.б vfqлықтарды үйлестіруге болады.

Бірақ мұндағы барлық үлгідегі мақсат біреу, ол дастарханның қонақтың тамақтануына ыңғайлы әрі сәнді етіп жасалуы. Дастарханның дұрыс ретте жабдықталуы, ондағы түстер мен үйлесімділік дастархан басындағы қонақтың көңіл күйіне тікелей әсер қалдырады.

Түсі үй ішінің ішікі көрінісіне сәйкес немесе ақ түсті болғаны жөн. Көлемі үстеліңізбен бірдей болсын. Психологтар мен диетологтардың мәлімдеуінше дұрыс таңдалған дастархан көңіл күйді көтеріп, тез тойып, аз тамақтануға және эстетикалық лаззатқа бөлейтін көрінеді. Ас үй ыдыстарының қымбат болуына қарамастан әрбір қонақжай қыз-келіншектің қонақтарға арналған ыдыстар жиынтығы болады. Ыстық және салқын тіскебасарларға, сорпа мен тәттілерге, сусындарға және де ыстық тамаққа арнайы ыдыстар болуы тиіс.

Ендігі ретте дастархан жабдығының жалпы қойылу тәртібін тізбектейік:

  • Ең алдымен стол шетінен 3-4 см қашықтықта үлкен тәрелке, үстіне көлемі одан кішілеу екінші тәрелкені қоямыз. Кейде ас мәзіріне байланысты сорпаға арналған шұңқыр ыдыс қояды.
  • Шанышқы тәрелкенің сол жақ шетіне қойылса, пышақ, кішкентай қасық одан кейін үлкен қасық оң жақ шетке қойылады.
  • Түрлі сусындарға арналған бокалдар мен стакан тәрелкенің оң жақ жоғары бұрышына орналасулары тиіс.
  • Одан кейін тіскебасарлар,салаттар және нан мен тәттілер жайғасады.
  • Ортаға ыстық тамақ қойылады.

Сондай-ақ бұл жерде ескере кететін жайттар:

  • Егер дастарханыңыздың үсті толы болып сусындар, жемістер қойылатын жай болмаса, онда қосымша кішірек жазу үстелін немесе арнайы үстелді бөлменің бір шетіне сәнді етіп жасап қоюға болады.
  • Шанышқының тістерін жоғары қаратып қойыңыз. Ал пышақтың алмас тұсы сол жақта, яғни, тәрелкеге қарап тұруы тиіс.
  • Майлықтар кіші тәрелкенің ортасына немесе үлкен тәрелкенің шетіне қойылады.
  • Ыдыстарыңыздың ұзын тұғыры болса оларды біркелкі орта жаққа қойған жөн.

Төріңізден әрдайым қонақ кетпесін.

Дайындаған - Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ.