Көкөністер мен жемістерді ұзақ сақтаудың сыры неде?

0
7 338

Сәбізді балшығымен кептіріп сақтаса, көктемге дейін егістіктен жаңа жұлынғандай болып тұрады.


Көкөністер мен жемістерді ұзақ сақтаудың сыры неде?

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші қысқа арналған банкаларыңызды жауып тастап ендігі көкөністер мен жемістерді сақтаудың жайын жасап та кеткен боларсыздар. Алайда бір қарағанда еш қиындығы жоқ жұмыс секілді болғанымен қысқы мезгілге қап-қаппен алынатын көкөністерді ұзақ мерзімге сақтау қиындық тудырып жатады.

Барлық заттың бағасы шарықтап тұрған мына кезеңде шығын шығарып алған затың бүлініп, қалтаны жұқартып жатса қиын-ақ. Ендеше біліп-білмейтіндерге аз да болса көмегі тисін деп, көкөністер мен жемістерді ұзақ мерзімге қалай сақтауға болатыны жайындағы әдістермен бөліспекпіз.


1. Картоп. Оны құрғақ, салқын, қараңғы жерде сақтау керек. Ең дұрысы, жертөле немесе азық сақтайтын салқын қойма болуы керек. Егер іші дымқыл, жылылау болса, арнайы шұңқыр, қазлуы тиіс. Оны ауланың биіктеу, құрғақ жерін таңдап, тереңдігі 60см ден, 1,5 м ге дейін қазған жөн. Картопты көміп, үстінен міндетті түрде тақтай төсейді. Үстіне оның бір қабат құрғақ топырақ төсеп, сыртынан жарты метрдей сабаннан немесе жылуды нашар өткізетін кез келген материалмен жабады. Шұқырға ауа өткізіп тұратын пластик түтік қойып, оны шұңқырдың түбіне дейін жеткізіп қойған дұрыс. Ол ауа өткізіп, желдетіп тұру үшін керек. Мұндай әдіспен көмілген картоп көктемге дейін сақталады.


Сондай-ақ картопты қысқа сақтаудың тағы бір әдісі - ол үшін алдымен оны 1 сағатқа жайып кептіреді. Содан кейін оны іріктеп (бұзылған, ұрынған, майда, ірісін бөліп) биіктігі 1метр жәшіктерге салып, 2-5 градус салқын әрі жел тиетін жерде сақтау қажет. Сонымен қатар жәшіктегі картоп бетін шетен (рябина) жапырақтарымен жапса шірімейді.


2. Пиязды да әбден күнге жайып кептіріп алған жөн. Содан кейін іріктеп тор қапшықтарға салып жел тиетін жерге жоғары іліп қоюға немесе ағаш жәшіктерге салып құрғақ топыраққа көміп сақтаса да болады.


3. Қырыққабатты қысқа сақтау үшін сыртын газетпен ораған жөн. Егер де ораған қағаз суланып, қырыққабат жапырақтары қарая бастаса, сыртындағы жапырақтарын алып тастап, қайта жаңадан басқа қағазға орап салқын жерде ұзақ мерзімге сақтауға болады. Сонымен қатар көкөністің тұрған жері өте құрғақ болғаны жөн.

4. Сәбізді де түрлі тәсілдермен сақтауға болады. Біріншісі - 90-95% ылғал және 0-1С сақтауға болады. Яғни жәшікке салынған сәбіз үстіне ылғал топырақ салады.

Екіншісі - сәбізді балшыққа батырып, кептіріп сақтаса, көктемге дейін егістіктен жаңа жұлынғандай болып тұрады. Әр сәбізді балшыққа біртіндеп батыру онай емес, сондықтан бұл тәсіл төзімділікті қажет етеді.

Үшінші - жертөленің немесе салқын қойманың бір бұрышына қалыңдығы 5см болып етіп құм төсеп, үстіне сәбіздерді өзара жанаспайтындай етіп қойып, үстінен құм төсеп, үстіне тағы сәбіздерді саласыз. Осылай сәбіздерді араластырып бірнеше қабат жасайсыз.

5. Қызылшаны ұзақ уақыт сақтау үшін, ылғалдау топырақ салынған жәшіктерге көмеді.

6. Бақшадан алынған асқабақ пен кәдіні сақтау тәсілі өте оңай. Олар бөлме температурасында кереует, шкаф астында тұрса болғаны.

7. Баялдыны газет қағаздарына орап, күл салынған ағаш жәшіктерге салып сақтайды.

8. Алманың құрт түспеген, ұрылмаған түрлерін ғана сақтаған дұрыс. Ол үшін ағаш жәшіктерге сабан төсеп үстіне бір-бірлеп қатарластыра алманы қойып шығады. Сосын оның үстіне қалың етіп сабан салады да қайта алманы қатарластыра қояды. Осы тәсілмен жәшік толғанша салып, ең беткі бөлігін сабанмен жабу қажет. Алмаларды біртіндеп қағазға орап сақтаса да болады. Алма салынған жәшіктерді құрғақ жерге орналастыру керек. Сонымен қатар дәл осы тәсілмен алмұртты да сақтауға болады.

Аударған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз: Қыстың қақаған суығында үйдің ішін жылы ұстаудың 7 құпиясы.