ҚЫСТА қабырғаға ТҮСҚАҒАЗ жапсыруға бола ма?

0
7 225

Қыста жапсыруға қағаз түсқағаздар өте ыңғайлы.


ҚЫСТА қабырғаға ТҮСҚАҒАЗ жапсыруға бола ма?

Үйге жасалатын жөндеу жұмыстары көбіне жаз айына қарай басталады.

Жаз айларында өзге де шаруалар мен нағыз демалатын уақыт екенін ескерсек, жөндеу жұмыстарын қысқы мезгілде-ақ істеп тастағың келеді. Бірақ ауа райы оған келіңкіремейді. Бірақ кейбір шаруаларды қыстың күні де атқарып тасауға болады. Соның бірі - түсқағаз жапсыру.

Ендеше түсқағазды қыста ауыстыруға бола ма? Оның тиімді және тиімсіз тұстары туралы төменнен біле аласыздар.


Түсқағазды қысқы маусымда жапсырудың тиімсіз тұстары


  • Қыста жапсырылған түсқағаз үшін ылғал, өкпек жел және ауа-райының бірден өзгеруі қауіпті.

  • Сондай-ақ салқын мезгілде жылыту батареялары тұсындағы жапсырылған түсқағаздар алынып кетуі мүмкін.

  • Себебі ыстыққа түсқағаз желімі тез кеуіп кетеді де толық сіңіп үлгермей қалады. Жасалған еңбек еш кетпес үшін ондай тұстарға желімді қабырғаға да түсқағазға да молынан жағып жапсыру қажет.

Кеңес: Түсқағаз мықты жапсырылу үшін ПВА желімін қолдануға болады.


Қыста түсқағаздың қай түрін жапсырған дұрыс?

Әрине егер үйдің, кеңсенің іші жақсы жылытылған болса түсқағаз жапсыру қиындық тудырмайды. Ал жылыту жүйесі әлсіз, қабырғалар салқын болған жағдайда түсқағаз жапсыру мүмкін бе деген сұрақ туындайды.

Әлбетте, мүмкін. Тек ол үшін бірнеше кеңесті біле жүрген жөн және жұмыс сапалы шығу үшін біраз күш жұмсауға тура келеді. Себебі салқын қабырға, төмен температура түзқағаздың тез кебуіне жол бермейді. Нәтижесінде ұзақ уақыт ылғалды болып тұрған түсқағаз қабырғадан түсіп қалады. Егер дәл осындай жағдайда жұмыс жасауға тура келсе, онда ең алдымен арнайы желімді қолдану қажет және қосымша жылытатын құрылғыларды пайдаланған дұрыс. Сондай-ақ түсқағазды дұрыс таңдау да маңызды.


  • Қыста жапсыруға қағаз түсқағаздар ыңғайлы болады. Себебі ол жұқа келеді, сондықтан желімі де тез кебеді. Түсқағаздың мұндай түрімен жұмыс жасағанда, мамандар түсқағазды ұшпа-ұш емес, бір-біріне сәл асырып жапсыруға кеңес береді. Себебі қағаз түсқағаздар кепкен соң жиналып, аралары ашылып қалуы мүмкін.

  • Соңғы жылдарда түсқағаздың винилді түрі көп қолданыста. Ол қағаз түсқағазға қарағанда нығыз келеді және қабырғаның тегіс емес жерлерін жақсы жасыра алады. Сондай-ақ суға төзімді, тез кебеді. Винилді түсқағазды тек құрғақ қабырғаға жапсыру керек.
  • Ал қабырғаның қаншалықты құрғақ, түсқағаз жапсыруға дайын екенін оп-оңай тексеруге болады. Ол үшін құрылысқа арналған жабысқақ таспаны қабырғаға жапсырып қайта алу қажет. Егер қабырғадағы сылақ жабысқақ таспаға жабысып түссе, онда ол жерге әзірге түсқағаз жапсыруға болмайды. Қабырғаны дұрыстап кептіру қажет болады.

Сондай-ақ қыста түсқағаз жапсырғанда түсіп қалғандарын қайта қалай жапсыру керектігін де біле жүрген дұрыс. Егер мұны дұрыс жасамаса, онда сол жедің түсқағазы үнемі ажырап қала беретін болады.

Ол үшін:

  • Алдымен ажырап кеткен түсқағазды жұмсартып аламыз. Ол үшін суға малынып алынған шүберекпен түсқағаздың астыңғы жағынан мұқият сүртіп шығу керек. Тек су беткі қабатына шығып кетпейтін болсын.
  • Ары қарай қабырға мен түсқағазға жұқалап желім жағып 25 минут шамасына жақсылап сіңу үшін қалдыру қажет. Уақыт өткен соң тек түсқағазға тағы бір қабат жұқа желім жағып10 минутқа қойылады. Одан кейін қабырғаға жапсырып, қолмен немесе арнайы құралмен тегістеп шығу қажет. Желімнің артық шыққандарын ылғалды шүберекпен тазартып тастаған жөн.


Түсқағаз жапсыру жылдың қай мезгілінде болсын жасала береді. Тек мамандардың қажетті кеңестерін дұрыс орындасаңыз болғаны.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева

ERNUR.KZ.

Сізге қызықты болуы мүмкін: Тез тамырлап жайқалып өсу үшін ГҮЛДІҢ ыдысына ДӘН СЕБУ КЕРЕК