Шалбардың балағын, етегі ұзын көйлекті қысқартып алудың оңай әдісі

0
7 683

Сіздер үшін пайдалы ЛайфХактар. Олармен тігу қызықты, қызықты, ең бастысы қарапайым іс.


Шалбардың балағын, етегі ұзын көйлекті қысқартып алудың оңай әдісі

13 маусым "тігін мәшинесі күні" екен. Әрине ресми емес, дегенмен бұл күн шет елдің көптеген жерлерінде аталып өтіледі. Алғашқы тігін машинасына патентті ағылшын өнертапқышы Томас Сейнт алған, алайда оның өнертабысы кең тарала қоймаған. Бірінші практикалық және ыңғайлы тігін машинасын 1830 жылы француздық Бартелеми Тимонье жасап, әлемдегі алғашқы тігін фабрикасын ашқан.

Осыдан бірнеше ондаған жылдар алдын тігін мәшинесі әрбір шаңырақтан табылатын болса, қазіргі кездері тұрмыстық тігін машиналары өзінің танымалдығын жоғалтқан — адамдардың көпшілігі дайын киімді сатып алуды қалайды екен. Алайда ең қарапайым белдемше тігу, әсіресе жыртықты жамау немесе түймені қадауды әрбір қыз-келіншек білуі тиіс. Сондықтан бүгінгі санымызда тігіс тігудің оңай жолдары туралы құпияларымен бөлісетін боламыз.


Қалың маталарды тігу. Көпшілік қыз келіншектердің тігіс тігудегі негізгі бас ауруы - бұл матаның қалың бөліктеріндегі жолдар. Мысалы, джинсы матасынан жасалған заттармен жұмыс істеу қиындық тудырады. Матаның қалың бөлігіндегі тігісті жеңілдету үшін, мәшиненің ине тұрған жердегі табанның артқы бөлігінің астына картон төсеу қажет. Бұл әрі оңай, әрі рахат.



Белдемше мен көйлектің етегін оп-оңай қысқартып алуға болады

Көйлектің немесе белдемшенің етегі ұзын, ал оны қысқарту үшін ателье іздеп сабылудың қажеті жоқ. Оны шебер тігінші болмасаңыз да керек бөлігін дәл өлшеп қорықпай-ақ үйде қысқартып ала аласыз.

Ол үшін: есіктің ойығына (дверной проем) өзіңізге қажетті биіктікте қалың жіпті керіп бекітіңіз, оны бормен молынан сүртіңіз. Киімді үстіңізде киіп тұрған бойы тигізіп қажетті сызықты түсіріп аласыз.

Сондай-ақ балаларға арналғанүй ішінде киетін жеңіл киімді де пішіп алу өте оңай.

Матаның шетін біртегіс әдемі етіп қайтару үшін, қағазға сызып алып,суреттегідей жасауға болады.

Тігісте қатпарлар жасау үшін шанышқыны пайдалануға болады. Өте әдемі шығады.


Керек кеңестер қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

Сүтке ЖАЛБЫЗ салып жіберсе, АШЫП КЕТПЕЙДІ.