СУПЕРжелім мен АС СОДАСЫ кез-келген затты желімдейді

0
4 165

Ас содасы мен супер желім қосындысы қымбат желімдерден де асып түседі.


СУПЕРжелім мен АС СОДАСЫ кез-келген затты желімдейді

Супержелімнің көмегіне жүгінбеген жан кем де кем болар. Ол әртүрлі затты жылдам желімдеу үшін тұрмыста кеңінен қолданылады. Бірақ супержелім метал, мата және пластмасса секілді заттарды жапсыруға қауқарсыз. Алайда ас содасының көмегімен бұл жағдайды шешуге болады.

Ас содасы мен супержелім қосындысы қымбат желімдерден де асып түседі. Бұл екі қосындының тиімділігі таңқаларлық.


Супержелім және ас содасы

Ас содасы әр үйдің асханасында бар. Ол арзымайтын ақша тұрғанымен оның пайдаланылатын ауқымы кең. Ал желіммен біріккен кезде кез-келген затты берік етіп біріктіре алады. Егер супержелім мен ас содасы өздігінен қатып қалса, онда кәдімгі пластик секілді болып қалады. Сондықтан супержелімнің өзінің күші келмейтін металл, ағаш, пластмасса секілді заттарды сода араластырып жапсыруға болады. Тіпті мұндай желімнің көмегімен автокөліктің бүлінген бөлшектерін де біріктіре аласыз. Біріктірілген заттағы артық желімді ысқыш қағаздың көмегімен тазартып алуға болады.


Қолданылуы

Ең алдымен біріктіретін заттың бетін шаң мен майлы дақтардан сүртіп тазартып алу керек. Бұл затты сапалы желімдеу үшін қажет. Себебі желім майлы жерді дұрыс жабыстырмайды. Сондықтан спирт пен сірке қышқылының көмегімен заттағы майлы дақты сүртіп тазартып алу қажет. Құрғақ бетке қажетті мөлшерде ас содасын сеуіп, тегістеп жайып шығамыз. Үстінен супержелімді мұқият тамшылату қажет. Желім мен ас содасы араласқан кезде жылу мен ерекше иіс бөлінеді. (мүмкіндік болса иіскемеуге тырысу керек).

Ескеру: Материалдың түріне және жағдайына қарай, бірінші желімді жағып ас содасын үстінен себуге де болады. Затты біріктіріп болған соң ас содасының артық қалдықтары түсу үшін сілкіп жіберу керек. Мұндай желім жоғары температура мен суға төзімді, берік болады.



Супержелімді үй жағдайында жасап алу

Сынған, шытынаған заттарды біріктіру, түсіп қалған кафелді қайта жапсыру үшін сапалы, жақсы, ерекше желімді қолда бар заттардан өзіңіз-ақ жасап ала аласыз. Қолдан жасауға болатын желімнің 4 түрі.

Америкалық супержелім – бұл желіммен шыныны металға, металды металға және кафель секілді көптеген заттарды біріктіруге болады. Жасалуы өте оңай.

Қажет емес эмальды немесе шыны ыдысқа пенопластты майдалап сындырып салу керек. Үстінен өзіңізге қажетті шамада ацетон немесе тырнақтағы лакты өшіруге арналған сұйықтықты құю керек. Пенопласт көбірек болса желім қою болады. Қатты сыммен қоспаны жақсылап араластырып кез-келген затты желімдеп біріктіре аласыз. Мұндай желіммен тіпті тазартылмаған, май тиген заттарды да жапсыруға болады.


Пенопластың орнына капрон шұлық пен линолеум пайдалануңа болады. Алайда ондай желім пенопластқа қарағанда шамалы әлсіз болады.


Резеңкелі желім – резеңкені ұсақ етіп кесіп тәулік бензинге салып қою керек. Уақыт өткен соң сұйық ерітіндіні құйып алып, түбіндегі қою массаны қоюланып біртекті болғанша далаға қояды. Резаңке желім дайын.


Линолеум желімі – мұндай желім шыны, ПВХ, фарфор, былғарыны жақсы жапсырады. Желімді дайындау үшін линолеумның астындағы мата секілді затты алып тастап қақпағы бар ыдысқа ұсақтап турап аламыз. Үстіне ацетон құйып 12 сағатқа бетін мықтап жауып қоямыз. Егер дайын бол,ан желімге 1:1 мөлшерде бор немесе күл қосылатын болса, онда тіптен керемет желім шығады.


ПВА желімі – бұл желімді түсқағаздың астына, картон, қағаздарға пайдаланады. Пва желімді үйде дайындау үшін глицерин – 4г, бидай ұны – 100г, желатин – 5г, этил спирті – 20г, су – 1л қажет болады. Желатинді өз алдына суға 1 тәулікке жібітіп қою керек. Кейін су буына 1л су қоямыз. Ұнды бөлек ыдысқа сұйықтау етіп сумен аралстырып, су буында тұрған 1л суға қосамыз. Оның үстінен көпіршіп тұрған желатинді қосып, қайнауға дейін жеткіземіз, бірақ қайнатпаймыз. Қозғап отырып қою қаймақ секілді жағдайға жеткізіп, үстіне спирт пен глицеринді құямыз. Желімді тек салқындаған соң пайдалану керек.


Желімге қатысты бірнеше кеңестер:

- Кейбіреулер шыныны шыныға сарымсақпен жапсыруға болады дейді. Сарымсақты бөліп шынының екі шетін ысқылап кейін бір-біріне жақсылап жабыстырып ұстап тұру керек.

- Түсіп қалған кафелді силикатты желімге аз ғана тіске арналған ұнтақты араластырып жағып қайта жабыстырса берік ұстайды.

- Ағаш желімі суға төзімді болу үшін, 100г құрғақ желімге 25г олиф қосу керек.


Дайындаған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз: Піспеген қызанақтарды БАНАН тез қызартады


Ұқсас материалдар: СЫРТҚЫ ЕСІКТІ сабын жақсы ТАЗАРТАДЫ