​Терезеден СУЫҚ кіре ме? ДӘРЕТХАНА қағазымен БЕКІТУГЕ болады

0
2 635

Пластик терезелер мығым, қалың қабатты болғанымен, бұдан да салқын ұрып, үй ішінде жел есіп әбігерге салатыны бар.


​Терезеден СУЫҚ кіре ме? ДӘРЕТХАНА қағазымен БЕКІТУГЕ болады

Күн салқындағалы үйдің ішін жылы ұстауға, барлық салқын ұратын жерлерді бекітуге күш саламыз. Салқын ауа әсіресе терезе арқылы көбірек кіреді. Баяғы ортасына мақта салып, қымтап жататын ағаш терезелерді сирек кездестіреміз. Қазір барлығы пластик терезелерге ауысқан. Пластик терезелер мығым, қалың қабатты болғанымен, бұдан да салқын ұрып, үй ішінде жел есіп әбігерге салатыны бар.


Мұндай келеңсіздіктен терезені ауыстырып құтылуға болады. Бірақ бұған біріншіден сырттағы ауа-райы мүмкіндік бермейді. Екіншіден бұл қалтаға шығын. Сондықтан терезеден салқын есіп, мазаңызды алса, төмендегі бұрыннан қолданылып келе жатқан, әдісті ұсынамыз.


Жабысқақ таспа (СКОТЧ) қажет емес

Әрине терезедегі тесіктерге мақта тығып, оның бетін жабысқақ таспамен (скотч) бекітіп тастауға болады. Бұл да жақсы көмектеседі. Бірақ бұның әуресі көктемде басталады. Жабысқақ таспа терезеден алынбай бір әуреге салса, соңынан оңайлықпен кете қоймайтын із қалдырып тағы да әбіржітеді. Жабысқақ таспаның ізінен арылу үшін сағаттап жұмыс жасауға тура келеді.


Осындай әуреге түспес үшін сіздерге терезе саңылауларын бекітудің ең оңай әдісін ұсынамыз. Ол үшін қолда балауыз шам мен дәретхана қағазы болса болғаны.

Алдымен бір ыдысқа 2 балауыз шамды ерітеміз. Еріген уақытта үстінен 1 ас қасық өсімдік майын құямыз. Жылы еріп тұрған балауызға дәретхана қағазын ұзына бойынан батырып алып, суып қалмай тұрып бірден терезедегі саңылауға жапсырамыз.

Балауыз бірден кеуіп саңылауға жабысып қалады. Осылай үйдің ішін сырттағы қолайсыз ауа-райынан сақтайды. Оңай, қаражаты аз әрі көктемде алып тастау ешқандай қиындық туындатпайды. Балауыз терезеден өте оңай алынады және ешқандай із қалмайды.



Тағы оқыңыздар: "Көлемі, түсі, сабағы: Асқабақтың ең дәмдісін таңдай біліңіз"

Дайындаған: Эльмира Абилханқызы

ERNUR.KZ