​Ықылық атуды тоқтатады, дақты кетіреді, көгеруден сақтайды

0
1 991

Сондай-ақ ол ауырсынуды жылдам басады.


​Ықылық атуды тоқтатады, дақты кетіреді, көгеруден сақтайды

Қант – әр үйдің асханасынан табылады. Алайда қант тек қана тәтті пісірмелер дайындау үшін ғана емес, сұлулық, өсімдіктер, заттарды тазалау үшін де пайдалануға болады. Қантты өзге жағдайларда пайдалану туралы қажетті кеңестер.


Кірді кетіру

Егер даланың жұмыстарын жасап, бақша тазартып қолыңыз қатты кірлесе, онда сабынға азғана қант қосып жуыңыз. Немесе арнайы скраб жасап қойыңыз. Ол үшін қантты сұйық сабынға 1:3 мөлшерде араластырып қою керек. Сұйық сабынның орнына ыдыс жууға арналған сұйықтық пайдалануға болады.


Жаңа жұлынған гүлдерді ұзақ сақтауға көмектеседі

1 литр жылы суға 3 шай қасық қант пен 2 шай қасық сіркеқышқылын құйып жаңа жұлынған гүлдерді салып қою керек. Қант гүл сабақтарын қоректендірсе, сіркеқышқылы бактериялардың өсуіне жол бермейді. Бір күннен соң суын ауыстыру керек.


Шыбыннан құтқарады

Шыбыннан құтылу үшін, оларды жапсыратын таспа дайындап алу керек. Ол үшін бал мен қантты және суды бірдей мөлшерде араластырып, қоюланғанша баяу отта қайнатамыз. Кейін осы қою қоспаны қағазға жағып қойыңыз.


Көмірді жылдам тұтатады

Көмірді тұтандыратын кезде оған аздап қант сеуіп жіберу қажет. Қантқа от тие салысымен ол тарап, өзінен тез тұтандыратын зат бөледі.


Көк шөптен қалған дақты кетіреді

Қант пен суды қою болатындай етіп араластыру керек. Шөптен түскен даққа дайындаған қоспаны 1-2 сағатқа жағып қоямыз. Кейін киімді кәдімгідей жуып аламыз.


Тұрмыстық техникаларды тазартады

Еттартқыш, кофе ұнтақтағыш немесе блендер секілді заттарды тазарту және ондағы иісті кетіру үшін қанттың көмегі зор. Ол үшін стақанның 4/1 бөлігіндегі қантты тазартатын затқа салып, бірнеше минутқа іске қосу керек. Кейін қантты түсіріп, ыдысты шайып тазартып, құрғақ шүберекпен сүртіп аламыз.


Пісірмені жаңа піскен күйінде сақтауға көмектеседі

Пісірме тұрған ыдысқа бірнеше түйір қан салып қою керек. Қант барлық ылғалды өзіне тартып алады және нан, печенье секілді пісірме азықтар ұзақ сақталады.


Сырды көгеруден сақтайды

Сыр салған ыдысқа бір-екі түйір қант салып қою керек. Ол ұзақ уақыт сақтауға шыдайды.


Жағымсыз иістерді кетіреді

Ас үйде неше түрлі иіс шығатыны белгілі. Бірде майдың, бірде күйіктің деген секілді. Ол иісті кетіру үшін азғана қантты ыдысқа салып, баяу отта карамел түске енгенше ұстаймыз. Карамельдің табиғи иісі табиғи ауа тазартқыш бола алады. Сонымен бірге қайнатқан кезде иісі жүректі айнытатын, жақпайтын өсімдіктер болады (брокколи немесе түсті қырыққабат). Исі жақпайтын өсімдік қайнап жатқан кезде 2-3 түрлі қант салып жіберу керек.


Далаптың ерінде ұзақ тұруына әсер етеді

Ерінге далап жаққан соң бетінен кішкене қант ұнтағын себіңіз. 1 минут ұстап кейін қантты жалап қойыңыз. Қант далаптағы ылғалды тартып, түстің ұзақ тұруына көмектеседі.


Теріні жылтыр, тегіс етеді

Қанттан скраб жасап теріні жылтыр, тегіс етуге болады. Ол үшін бар болғаны қант пен зәйтүн немесе какос майын араластырып үгітіліп тұрған қоспа дайындаймыз. Егер қаласаңыз эфир майын да қосуға болады. Қоспамен теріні ысқылап кейін жуып тастайсыз.


Тағы бір қажетті скраб

1бананды жақсылап езіп езбе дайындап аламыз, оған 3 ас қасық қант және шай қасық зәйтүн майын араластырамыз. Қажетінше пайдалана бересіз.


Ықылық атқанды тоқтатады

Кейде ықылықтың басылмай кететін кездері болады. Сондай кезде 1 шай қасық қантты жеп жіберу керек. Бұл нәтижелі тәсіл.


Ауырсынуды басады

Ыстық Сорпа немесе шайды ұрттап алдыңыз ба? Онда сол мезетте шай қасық немесе 1 түйір қант жеп жіберсеңіз ауырсынуды тез басады.


Баланы тез тыныштандырады

Шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тәтті қоспа (қант пен су), баланы егуден болған ауырсыну кезінде тыныштандыруға көмектеседі.


Дайындаған: Базарбаева Э,

ERNUR.KZ.