Жуылатын ТҮСҚАҒАЗДЫ қандай бөлмеге ЖАПСЫРУҒА БОЛМАЙДЫ

0
2 025

Үйдегі жөндеу жұмыстарын жеңілдетуге болады


Жуылатын ТҮСҚАҒАЗДЫ қандай бөлмеге ЖАПСЫРУҒА БОЛМАЙДЫ

Кейде үй шаруасындағы ұсақ-түйектің өзі үлкен мәселе тудырып жатады. Мысалы, шеге қаға салайын десең, дұрыс кірмей қолды жаралап, жылтыр жиһаздың бетін балалап ойнап жүріп сызып кетеді. Мұндай мысалдар толып жатыр. Осындай ұсақ-түйек мәселелердің барлығының да оң шешімі бар.


Үйдегі жөндеу жұмыстарын жеңілдетуге болады

  • Егер шегенің ұшын өсімдік майына батырып алса, тез қағылады.
  • Цемент ерітіндісіне қант қосып жіберсе, онда оның беріктігі арта түседі.
  • Алебастрді (ақ гипстің бір түрі) сүтпен араластырса, бірден қатып қалмайды. Саңылауларды щеткамен оңай бітеп алуға болады.
  • Майлы жұмыстарға арналған щетка қатып қалса, онда оны қайнаған суға қосылған сіркесуға 1 минутқа салып алу қажет.
  • Түсқағаз жапсырылған бөлмені бірнеше күн желдетуге болмайды. Себебі арасына ауа кіріп алынып кетеді.
  • Кафельдік тақтаны сулап барып кескен жөн. Суланған кафел тақтасы аз сынады.
  • Жуылатын түсқағазды күн көзі мол және ұзақ түсетін бөлмеге қолдануға болмайды. Күн сәулесінің әсерінен мұндай түсқағаздар адам ағзасына зиянды заттар бөледі.


Үй тазалағанда есте ұстаңыз

  • Жылтыратылған (полированный) жиһазға түскен сызықты, аяқ киімге арналған жақпамаймен майлап кетіруге болады. Тек жақпамай жиһаз түсімен сәйкес келу керкек.
  • Айнаның бетін спиртке немесе әтірсу, иіссуға малынған мақтамен сүртіп, тазалауға болады. Сондай-ақ салқын суға араласқан кірге арналған ніл (синька для белья) қоспасымен де сүртуге болады. Бұл - айнаның жалтырап тұруына жақсы көмектеседі. Дәл осы мақсатта демделген шәй тұнбасын да пайдалануға болады. Шәй тұнбасымен сүртілген айна беті, ерекше жарқырайды.
  • Сарғыш тартқан эмальді ваннаны тұз бен сіркесу араласқан қоспа жақсы тазалайды.
  • Кафель тақтайшаларын сіркесу қосылған сумен (1:5) сүртіп тұру керек. Орнына мүсәтір қосылған сабын ерітіндісін пайдалануға да болады.
  • Ашық майлы бояу жағылған немесе эмальді бояумен боялған заттарды ештеңе қоспай (сабын, ас содасы) таза сумен сүртіп сүртіп шығу керек. Суға мүсәтір спиртін (1л суға 1шәй қасық) қосуға болады. Ол кірді тазартып, жылтыр реңк береді. Сулап сүртіп болған соң, құрғақ шүберекпен міндетті түрде тағы бір сүртіп шығу керек.
  • Жаңа сыпырғыны қолданар алдында ыстық сабынды суға салып алса (15минут), ол ұзақ қызмет етеді.
  • Жылтыратылған ақ жиһаз бетіндегі ыстық заттан пайда болған сары дақты, спиртке өсімдік майын қосып сүртіп кетіруге болады. Оны жүн матамен шеңбер жасай отырып сүрту қажет.
  • Кілемнің түсі жалтырай түсу үшін, кешкісін ұсақ ақ тұзды сеуіп тастау керек. Ал келесі күні тұзды жұмсақ, таза, дымқыл шүберекпен сүртіп шығу керек.

  • Линолеумның бетін ыстық сумен немесе суға ас содасын, мүсәтір спиртін қосып сүртуге болмайды. Бұндай жағдайда линолеумның түсі оңып, бүліне бастайды. Сабын қосылған жылы сумен сүртіп, артынан таза шүберекпен құрғатып, тазартып алу қажет. 3 айда 1 рет табиғи зәйтүн майымен линолиумның бетін сүртіп тұрған дұрыс. Артынан құрғақ шүберекпен сүртіледі. Бұл линолиумның реңін аша түседі.
  • Паркет еденнің бетін салқын суға глицерин майын араластырып (1стақан суға 1 ас қасық) сүрту керек. Паркет еденді ыстық сумен сүртуге болмайды.
  • Хромдалған беткі қабаттарды сабынды суға малынған шүберекпен сүртіп алу жеткілікті.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!

Оқи отырыңыздар: Пешіңіз қысқа дайын ба? Жылыту қазандығын бір тексеріп алыңыз

Дайындаған: Эльмира Базарбаева
ERNUR.KZ