​2020 ЖЫЛ жемісті де табысты болуы үшін не істеу керек?

0
2 430


​2020 ЖЫЛ жемісті де табысты болуы үшін не істеу керек?


Тоқты

2020 жыл – Тоқтылар үшін сәтті, жаңа белестер, жеңіс пен жетістік жылы болғалы тұр. Біреулері мансап жолында биік шыңға шығады, енді бірінің әлеуметтік дәрежесі жоғарылайды, тағы бір Тоқтылар жаңа қырын ашып, талантымен танылады.

Кедергі мен мәселелер, әлбетте, кездеседі. Бірақ тек Тоқтыны шыңдау үшін ғана берілетіндей. Қарқын жоғалтпай, алға батыл қадам бассаңыз, өмірге оң өзгерістер енгізу өз қолыңызда. Бар қуатыңызды биік мақсаттар мен ізгі ниетті амалдарға жұмсап, өзіңізге де, өзгеге де пайдаңызды тигізіңіз.

Бұл жылы шыдамдылық, іскерлік қасиеттеріңіз шыңдала түседі. Солардың арқасында ауқымды да болашағы зор жобаларды іске асырасыз. Өзіңізді тәлімгер, ұстаз, мемлекеттік қызметкер, жетекші немесе кәсіпкер ретінде сынап көріңіз. Туыстық қатынастарға да көңіл бөліп, байланысты нығайта, тереңдете түсуге күш салыңыз.

Қаңтардың соңын ала сәуір айын5dfc6c4018d29.urlа дейін айналаңызда маңызды өзгерістер орын алады. Жыл басында жаңа білім алуға, үйренуге, араласатын ортаны кеңейтуге талпыныңыз. Көктемде бойыңызда дамуға, алға ұмтылуға ерекше құлшыныс пайда болады. Осы сәтті пайдаланып жаңа кәсіп бастаңыз, жаман әдеттермен күресіңіз, жаңа жақсы әдеттерді қолға алыңыз. Күзге қарай отбасыңызға, үй шаруашылығына көбірек көңіл бөліңіз.



Торпақ

2020 жыл Торпақтар үшін көзқарасы мен ұстанымдарын өзгертетін маңызды кезең. Осы жылы орын алған жайлар көптеген күтпеген, жағымды тосынсыйлар ұсынады. Осылайша алдағы жыл табиғатынан реалист болып келетін белгі иелерін ғажайыптардың болатынына, армандардың орындалатынына сендіреді.

Мансап баспалдағының бірінші сатысы, табысты кәсіптің іргетасы, мол қаржы қорының алғашқы салымы – Торпақтар үшін бәрі де осы жылдың еншісінде. Айналасын кез келген уақытта көмек қолын созуға әзір жандар қоршайды. Бұл жылы сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Бастысы, алдыңыздан ашылған есіктерді, берілген мүмкіндіктерді көре, сезе білсеңіз, қолданып үлгерсеңіз болғаны.

Белгі иелері осы жылда отбасын құрып, балалы болу, көшіп-қону жоспарларын құрса, сәтті жүзеге асады. Өткен жылдан қалған мәселенің бәрі өздігінен шешіледі не маңызын жоғалтады. Бірақ, осының бәрі аздаған сабырлылық пен шыдамдылықты қажет ететінін естен шығармау керек. Қиын сәттер туғанда өзіңізді дамытумен, ойыңызды реттеумен айналысыңыз, медитация жасаңыз.

Сәуірдің аяғына қарай күш-қуатыңыздың сарқылғанын сезесіз. Сондықтан бұл уақытқа маңызды жұмыс жоспарламаңыз, қарым-қатынаста да барынша абай болыңыз. Мамырда энергия қорыңыз қайта толығып, өмірді жақсы жаққа өзгететін істерге қызу кірісе аласыз. Маусым айында аздаған қаржылық қиындықтар орын алуы мүмкін, маңызды құжаттарға қол қоюда мұқият болыңыз. Тамыз – тынығу, демалыс үшін таптырмас уақыт. Қыркүйек айы мен қазанның алғашқы жартысы – кәсібіңіз өрге домалайтын шақ. Қараша айы айрықша кездесулерге, қызықты оқиғаларға, саяхатқа, сезімге, күтпеген ұсыныстар мен жобаларға толы.



Егіздер

Бұл жыл Егіздер үшін өтпелі кезең. Көп нәрсенің жақсы не жаман болмағы өзіне, сенімділігі мен шешім қабылдау қабілетіне байланысты. Бұрынғыға қош айтып, бәрін басынан қайта бастағыңыз келсе, өміріңізді өзгерткіңіз келсе, оны дәл осы жылы жасауға тиіссіз.

Тышқан жылы күтпеген оқиғалар мен тосынсыйларға толы. Бір қарағанда бәрі жағымды бола бермеуі мүмкін. Бірақ, қандай жағдайдың болмасын жақсы қырын көріп, пайдалы жағын ала білу өз қолыңызда. Жолыңыздың болатынына сеніңіз, сонда маңызды шаруаның бәрі оңынан шешіледі. Жыл соңында абырой, мансап, табыс – барлық жағынан көшбасшылар қатарынан табылуыңыз ғажап емес.

Жеке өмірде ата-анаңызбен, жақын туыстармен ара-қатынасты алдыңғы орынға қойған абзал. Тұрғын-жай мәселесі мазалап, жиі көшіп-қонуға тура келуі ықтимал. Сондай-ақ, достармен арада аздаған түсініспеушіліктер туындайды.

Жылдың бірінші жартысы түбегейлі өзгерістер, саяхат, кездесу, жаңа жұмыс, қызықты хобби іздеу үшін қолайлы. Ал, екінші жартысында ұйымдастырушылық қабілетіңізді дәлелдеуге, көбірек жауапкершілік алуға тура келеді.



Шаян

Белгі иелерін 2020 жылда көптеген жаңа мүмкіндіктер мен тағдырдың тосынсыйлары күтіп тұр. Кәсіби және жеке өмірде өзгерістер орын алады. Бұлардың біріне басымдық беріп, бірін артта қалдыру мүмкін емес, екі кемені де қатар алып жүруге тура келеді.

Бұл жылы Шаяндарға ештеңе оңайлықпен берілмейді. Ойындағысына қол жеткізу үшін біршама күш жұмсауға тиіс. Бірақ, дәл осы кезеңдегі еткен еңбегі алдағы 12 жыл бойы жемісін беретін болады.

Тұла бойы айрықша күш-қуатқа толы екені, өзіне бұрынғыдан сенімдірек бола түскені жыл басынан-ақ сезіледі. Энергиясын шығармашылыққа, отбасылық, достық, романтикалық қарым-қатынасын нығайтуға, өзін іштей де, сырттай да дамытуға арнағандар ұтады.

Тек астрологтар маусым айының бастапқы жиырма күнінде маңызды шешім қабылдаудан сақтандырады. Бұл күндері энергия қоры түгесілетіндіктен, қателік жіберу, жағымсыз жағдайға түсу мүмкіндігі басым дейді болжамшылар. Жылдың екінші жартысы ғылыммен айналысу, жаңа іскерлік жобаларды бастау, өзін дамыту үшін оңтайлы шақ. Сондай-ақ, осы уақытта қаржылық өзгерістер де орын алады.



Арыстан

Арыстандар үшін 2020 жыл – жаңа қабілеттерін ашып, өзге қырынан көрінуге қолайлы уақыт. Егер әлі өз сүйікті ісіңізді таппаған болсаңыз, осы жылы іздеңіз. Жеке кәсібіңізді ашқыңыз келсе де нақ осы жылы қимылдаңыз.

2020 – жай жыл емес, маңызды. Жаңа нәрсені үйренуге, жаңа кәсіп игеруге, жаңа ортаға түсуге тура келеді. Тіпті, кей жағдайлар уақытша болса да шетелге көшуге міндеттеуі де мүмкін. Қандай жаңашылдық болса да, ол жаңа көжиектің бастамасы деп біліңіз.

Жыл басында жоспарланбаған шығындар, қаржылық мәселелер туындайды. Ақпан-наурыз айларында көздеген мақсатқа жету жолында кедергілер кездеседі. Оларды жеңу үшін жұмысқа барынша жауапты да мұқият болған жөн. Сәуірдің соңынан бастап бәрі өз арнасына түседі. Келесі бір кібіртіктетер кедергі тамызда туындайды. Кері айналмай, төзімділік танытсаңыз, күздің ортасына қарай бәрі оңынан шешіледі.



Бикеш

2020 жыл Бикештер үшін шығармашылық өзгерістер мен жағдайлардың сәтті тоғысқан уағы болғалы тұр. Көпшілігі хэппи-энд болып біткен керемет ертегіні бастан өткізеді десек артық болмас.

Бикештердің ешқашан құр қарап отырмайтыны белгілі. Бұл жылы жұмысы бұрынғыдан да көбейе түспек. Тоқтаусыз келіп жатқан жаңа идеялар мен ұсыныстарды жүзеге асыруға жетерлік күш-қуат қашан да табылады.

Иә, ештеңе оңайлықпен келмейді. Қиындықтар мен кедергілер Бикештің жолында да жоқ емес. Алайда кез келген жағдайда тәжірибе түйіп, мінез-құлықпен жұмыс жасап, төзімділікті шыңдасаңыз болғаны, жеңіп шығуға кепілдік бар.

Мансап жолында жаңа белестер бой көрсетеді. Әр ісін барынша жинақы, жауапты, сапалы атқарған Бикештердің бұл жылдан алар үлесі көп. Алға қойылған мақсаттар мен берілген тапсырмалардың бәрінің үдесінен шығуға тырысыңыз. Қашанғы әдетіңізге салып мінсіздікке ұмтылмаңыз, бұл бәрін қатар тындыруға кедергі келтіреді. Бастысы негізгі міндет орындалса болғаны.

Ақпанның соңы-наурыздың басында қызметке қатысты қызықты да тиімді, материалдық жағдайыңызды жақсартар ұсыныстар түседі. Жеке өмірде де оң өзгерістер күтеді. Жылдың екінші жартысында энергияңыз өзгеріп, мінез-құлқыңыздың да құбылуына әсер етеді. Сезімтал, жұмсақ, бауырмал бола түсесіз. Бұл дос, әріптес, серіктестермен арақатынасыңызға оң әсерін тигізіп, жағымды жайлар, жақсы естеліктер қалдырады.



Таразы

Бұл жылы Таразының алдында тұратын негізгі міндет – қарбалас жұмыс пен тынығу балансын сақтау. Өмір – қозғалыс, онсыз болмайды. Бірақ, соның арасында әлсін-әлсін тоқтап, алды-артын бажайлап алу да керек. Осы екеуінің алтын ортасын тапқан Таразыларға жаңа, жойқын мүмкіндіктер есігі ашылады.

Жыл басы жайлы да бірқалыпты өтеді. Көктем келісімен қозғалып, ойдағы жоспарларды жүзеге асыруға кіріскен жөн. Әсіресе, кәсібіңізге, іскерлік қарым-қатынастарға басымдық беріңіз. Бар біліміңізді, тәжірибе мен талантыңызды салып, жан қалауымен жұмыс жасасаңыз, ақша ағынының астында қаласыз.

Өзіңізді шығармашылық жағынан дамыту қажеттілігі туындайды. Бұл шығармашылықпен айналысып, оны кәсіпке айналдыру үшін емес. Өмірдің барлық саласында – жұмыс орнында, күнделікті өмірде, тұрмыстық тірліктерде, жеке және отбасылық қатынастарда кез келген шешім қабылдарда шығармашылық ойлау қабілетін, өзгеше идеяларды қосу үшін керек.



Сарышаян

2020 жыл Сарышаяндарға берекелі, өмірін өзгертуге қолайлы жыл болып келеді. Бір сәтте өткенмен қоштасып, өмірді жаңадан бастау бұл жылы оп-оңай. Белгі иелерінің көпшілігі үшін араласатын ортасын кеңейтуге, саяхатқа шығып, ел-жер тануға, ашылмаған қабілеттері мен талантын көрсетуге оңтайлы кезең.

Жыл басынан-ақ «жыбырлап» жаңа әсер, жаңа білім іздеп, өмірден өз орнын тапқысы келіп алға ұмтылған Сарышаяндар көбірек қармайды. Ұсыныстардың тиімді-тиімсіз тұстарын мұқият зерделеңіз. Себебі, көбісі жалған уәде мен алдамшы елестен тұруы мүмкін.

Өзіңізге деген сенімділік пен оптимизмді жоғалтпау маңызды. Әсіресе, қыс айларында. Көктемде жаңа бір табыс көзі кездеседі, мүміндікті пайдаланып қалуға тырысыңыз. Мамыр-маусым айлары романтикалық оқиғаларға, іскерлік қарым-қатынастарға, материалдық көмектерге толы. Маусым – оқу оқып, біліктілікті арттыруға, іссапарға шығуға ең оңтайлы ай. Шілде-тамызда жағымсыз жайлар орын алып, қарбалас тіршілік алқымнан қысуы мүмкін. Алайда, бұл көпке сөзылмайды, қыркүйекте бәрі қайта орнына келеді.



Мерген

Бұл жылы Мергендерге даму жолында алға үлкен бір қадам жасауға мүмкіндік мол. Жаңа қырыңызды ашуға, жаңа істен өзіңізді табуға, аяққа нық тұруға талпыныңыз.

2020 жылы өміріңіз түрлі жағдайлардан тұратын ұйық секілді, бірінен соң бірі тартып, босатпайды. Есесіне, әр күніңіз қиын қарбалас болумен қатар, қызықты да маңызды.

Жыл бойына сезім мен эмоцияңызды, қаржыңызды қатаң бақылауда ұстаған жөн. Қаржы қорын жинақтауға, жаңа жоспар құрып, жобалар бастауға оңтайлы жылды жіберіп алмаңыз. Бұл істі әсіресе, мамыр-маусым айларында қолға алсаңыз, сәтті аяқтайсыз. Жыл соңына қарай энегияңыз сарқылып, денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Сондықтан күзге қарай қуатыңызды есеппен жұмсап, күтім мен тынығуға уақыт бөлген дұрыс.



Тауешкі

2020 жылы Тауешкілерге көкжиектен жаңа белестер ашылады. Алдағы он екі жылдың қалай өтпегі осы жылды қалай өткергеніңізге тікелей байланысты болмақ.

Бұл жыл көптеген Тауешкілер үшін жаңару жылы болмақ. Өзгерістер өмірдің барлық салаларында байқалады – кәсіби, әлеуметтік, қаржылық, жеке өмір, тіпті, әлемге көзқарас тұрғысынан да. Біршама белгі иелері жетекшілік, көшбасшылық қасиеттерімен танылады.

Өмірдің түрлі салаларындағы даму ақпан-наурыз айларында-ақ біліне бастайды. Алайда, денсаулық жағдайыңызға көңіл бөліңіз. Үздіксіз ой мен үлкен жүктемелер әсерінен созылмалы ауруға душар болу қаупі басым.

Жұмысыңыз жемісті болуы үшін түйсігіңізді тыңдауды үйреніңіз. Сондай-ақ, жыл бойы алдыңыз бен қолыңызға өзі келгеннің бәріне сене берудің қажеті жоқ. Шынайы мен жалғанды ажыратуға назар аударыңыз.

Жыл соңында өмірлік энергияңыз күрт төмендейді. Осы бір кезеңде белсенділікті бәсеңдетіп, жаңа жобалар мен маңызды шаруаларды келесі жылға қалдыра тұрған абзал.



Суқұйғыш

2020 жылы Суқұйғыштардың алдында үлкен өзгерістер мен шығармашылыққа қатысты ауқымды міндеттер тұр. Оларды табысты орындауға белгі иелерінің қабілеті жетеді. Астрологтардың айтуынша, Суқұйғыштарды көбіне ақыл-ой жұмысында, ғылым, өнер, әдебиет салаларында сәттілік күтіп тұр.

Қиындығы мен қызығын қатар ұсынатын бұл жылда белгі иелері күтпеген оқиғаларды, тосын кездесулерді, жоспарланбаған саяхаттарды, жаңа әсерлерді бастан өткереді.

Жыл басында энергияңыз аздап әлсіз болуы мүмкін. Сондықтан, бойыңыздан оптимизм таппай, сарыуайымға салынып, енжар тартсаңыз, таң қалмаңыз. Бұл кезеңде дұрысы демалыс алып, тынығу, жан қалауымен айналысу. Ақпан айынан бастап күш-қуатыңыз қалпына келе бастайды.

Жаңа таныстық пен жаңа жұмыс бастауға дайын, тәуекелшіл Суқұйғыштарды табыс күтіп тұр. Бірнеше жылдан бері бұлдырап келген сағым-мақсаттарға қол жеткізу осы жылда мүмкін нәрсе.

Жаз айларында артық ақша жұмсаудан абай болыңыз. Қажетсіз ұсақ-түйекке шашылып, шығыныңыз кіріс көлемінен қалай асып түскенін байқамай қаласыз. Табысты болып көрінген жобаларға да тәуекел етпей қоя тұрыңыз. Барлық маңызды шаруа мен шешімдерді күз басталғанша ысыра тұрған абзал.



Балықтар

2020 жыл Балықтар үшін күнде қайталанатын, жалықтыратын өмірден бас көтеріп, бой жазу үшін үлкен мүмкіндік кезеңі. Батылырақ болыңыз, сонда ойыңызға да кіріп-шықпаған биіктерді бағындырасыз. Онымен қоймай, жасаған сайын шабытыңыз ашылып, позитивті қуат беретін сүйікті ісіңізді табасыз.

Ал, беріліп тұрған мүмкіндіктерді қолдануға қорқақтаған Балықтар үшін бұл жыл қиын көрінуі бек мүмкін. Оған қоса, бір жаңаны алу үшін бір ескімен қоштасуға тура келетіні тағы бар. Бірақ, осының бәрінің соңында жақсы нәтиже тұратынын ұмытпаған дұрыс.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ