​3-9 қыркүйек: күздің алғашқы аптасынан не күтесіз?

0
2 793


​3-9 қыркүйек: күздің алғашқы аптасынан не күтесіз?

көрнекілік фото: s43.radikal.ru

Бұл күндер біреуге сәтті болса, біреуге сәтсіз. Өзі үшін қалай болатынын әркім-ақ білгісі келеді. Білу — өте оңай, жұлдыздар мен астрологтар біз үшін бәрін әзірлеп қойған.


Тоқты

Осы аптада өзіңіздің нағыз жеңімпаз бен шебер екеніңізді көрсетуге мүмкіндік болады. Жылдамдық, энергияға толы рух пен өзіңізге деген сенімділігіңіз бәсекелестердің мысын басады. Қызметте қалағаныңызға тез қол жеткізе аласыз. Жеке өмірде де бәрі өзіңіз ойлағандай өтеді.


Торпақ

Ой-өрісіңіз жаңа арнаға түсіп, көптеген тың идеялар келеді. Көкей тескен көп сұраққа жауап табасыз. Табысыңыз да қомақты. Әйткенмен, оларды жұмсауға асықпаңыз, керісінше, бұрынғыдан да үнемді болуға тырысыңыз. Бұл аптада келіссөз, саудаласу сындылар сіздің пайдаңызға оңай шешіледі. Сәттілік серік болып, тиімді келісімшарттар, бизнес-идеялар келеді. Әйткенмен, олардың барлығында «ақыын жүріп, аңдап басқаныңыз» жөн.


Егіздер

Осы аптадағы жаңа таныстықтар өте пайдалы, мансап баспалдағында жоғарылауға көп көмегі тиеді. Сондай-ақ, кездесулерге, сауда-саттық жасау мен сауық кештерін өткізуге оңтайлы күндер. Жеке өміріңізде аздап түсініспеушіліктер мен әбігерге салатын жайлар орын алуы мүмкін. Өзіңізге қатысы жоқ мәселелерге араласпаңыз, тек жүрсеңіз, тоқ жүретініңізді естен шығармаңыз.


Шаян

Қызметтік, ресми шаруаларға қатысты сәттілік серігіңіз болады. Ықпалды таныстарыңыздың арқасында маңызды шаруалар оңай шешіледі. Қандай да бір сайыста жеңімпаз не сыйақы, ұтыс иесі болуыңыз мүмкін. Әріптестер арасында өз ой-пікіріңізді ашық айтыңыз, сіздің дәл әрі дұрыс ескертпелеріңізге құлақ асушылар көп болады.


Арыстан

Осы аптада достарыңыздың қатары біршама артады. Жеке өміріңізде сәттілік күтіп тұр. Жаңа таныстықтар көбірек болу үшін жақындарыңыз бен достарыңыз шақырған шаралардан қалмаңыз. Күздің алғашқы аптасында денсаулығыңызды күтуді естен шығармаңыз.


Бикеш

Апта күндері қызметтік жетістіктерге толы. Маңызды, ықпалды тұлғалардың сенімі мен сыйына ие боласыз. Көтеріңкі көңіл-күйіңіз, күлімсіреген жүзіңіз бен жақсы идеяларыңыз айналадағыларға қуаныш сыйлайды. Бос уақытыңызда жаттығу жасап, белсенді физикалық қозғалыста болыңыз.


Таразы

Сіздің өміріңізде табысқа толы период басталғалы тұр. Түскен табысты тиімді жұмсағыңыз келсе, сауда-саттықты да кешіктірмеген жөн. Тұрмыстық техника, компьютер не ұялы телефон сынды қажеттіліктер сатып алуды қаласаңыз, осы аптадан қалдырмаңыз. Апта бойы көңіл-күйіңіз көтеріңкі болатындықтан, сәттілік пен табыс та оңай келеді.


Сарышаян

Бір мезетте бірнеше шаруаны қатар тындыруды қалайсыз, бұл қолыңыздан келеді де. Жеке өміріңізде көп өзгерістер орын алады. Оларды көлденең көзден жасыра алмайсыз, сондықтан, өзіңіз туралы алып-қашпа сөздер шығып жатса, мән бермеңіз.


Мерген

Шиеленіскен жағдайды шешу үшін интуиция мен жылы жүзіңізді пайдаланыңыз. Жанжалдан аулақ болыңыз. Жаңа идеяларыңыз болса, оларды жүзеге асыруға, өміріңізге өзгеріс енгізуге батылдық қажет. Ол дәл осы аптада беріледі, мүмкіндікті пайдаланып қалыңыз.


Тауешкі

Қажетсіз өсек-аяңға үн қоспаңыз, сізді араластырғысы келгендердің жетегіне ермеңіз. Бұл жеке өміріңізге зиянын тигізуі мүмкін. Жалғызбасты Тауешкілердің сезімі бұл күндері тым құбылмалы. Бүгін ғашықтықтан күйіп-жанып тұрсаңыз, ертеңіне суып қалуыңыз ықтимал. Сондықтан, асығыс шешім қабылдаудан аулақ болып, «жеті рет өлшеңіз». Қызметте де осы қағиданы ұстанғаныңыз абзал.


Суқұйғыш

Қызметтік міндеттеріңізге кәсіби көзқараспен қарайтын уақыт жетті. Жаңа ұсыныс түседі не сіз күтпеген жағдай орын алады. Ал, нәтижесі тіптен таң қалдырарлық болады.


Балықтар

Бұл аптадағы жылдамдығыңыз бен белсенділігіңіз әдеттегіден өзгеше. Жалқаулықты жаратпай, шағым айтқыш жылаңқыларды жақтырмай жүресіз. Мұндай көңіл-күймен тілді тістей жүрген дұрыс. Олай етпесеңіз, жақындарыңызды не әріптесіңізді ренжітіп алуыңыз мүмкін.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ