АҚШАңызды көбейткіңіз келсе, осы АМАЛДЫ жасап көріңіз

0
2 555

Астрологтар ақпан айында әр жұлдыз иесіне табысын арттырып, ақшасын көбейтетін жолдарды көрсетті.


АҚШАңызды көбейткіңіз келсе, осы АМАЛДЫ жасап көріңіз

Ақша – әлемнен, Жаратушыдан сізге берілетін несібе. Ол да бір тылсым күшке ие. Ал, қаржылық жұлдызнама сізді осы тылсымның сырымен таныстырып, қаражат құпиясының кілтін табуға көмектеседі. Қарапайым сөзбен айтсақ, табысты қай тұстан іздеу керегін, қандай қаржылық операциялардан сақ болуды, қай шығыннан тартынуды көрсетеді. Осы арқылы қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ете аласыз.

Тоқты

Ақпан айы күтпеген жайттарға толы. Оның ішінде жағымдысы да, жағымсызы да бар. Осыған байланысты шығындарыңыз өзіңіз жобалағаннан көп болады. Алайда, бұл жағдайдың жақсы жағы – кіріс-шығысыңызды есептеп, өзіңізге есеп беріп және үнемдеп үйренесіз. Үйренбесеңіз, қалтаңыз құр қалады. Бір нәрсені ұтымпаңызшы: айдың басында ешкімге қарыз бермеңіз және артық ақша жұмсаудан тартыныңыз. Яғни, қаржы қорыңыздың мұртын бұзбауға тырысыңыз, ай соңына дейін одан да маңызды мәселелерге қажет болады. Ірі көлемді сауда-саттық пен көп шығынды қажет ететін шаруаларды ай ортасына қарай қолға алыңыз. Жалпы алғанда, айдың соңы көлік, қатынас құралы, киім-кешек сатып алуға қолайлы кезең. Ал, тұрғын үй сату-сатып алу қажеттілігі туса, келесі айға қалдыра тұрған абзал. Сондай-ақ, жаңа кәсіп бастау ойыңызда болса, оны да ақпанда жүзеге асыруға асықпаған жөн.



Торпақ

Бұл айда белгі иелері жаңа табыс көзін табады. Онымен қоймай, кіріс пен шығыс тепе-теңдігіне қол жеткізеді. Әсіресе, айдың бірінші онкүндігінде асығыңыз алшысынан түсіп, материалдық жағдайыңызды біршама жақсартып ала аласыз. Бастысы – өзіңіз қалаған, жаныңыз сүйетін, шаршау емес, шабыт сыйлайтын сүйікті іспен айналыссаңыз болғаны.

Азық-түлік пен күнделікті жұмсалатын шығыныңызды қайта қарап, кей нәрселерді қысқартсаңыз, ай соңында айтарлықтай соманың жинақталғанын көресіз. Ол ақшаға өзіңізге сыйлық жасап, көңіліңізді көтеріп қойыңыз. Жоспар мен есептеулеріңізге сенімді болсаңыз, осы ай жаңа кәсіп ашуыңызға да сәттілік сыйлайды. Астрологтардың баса ескертетіні – осы айда біреуге қарыз беруге болады, алайда өзіңіз ешкімге тиын-тебенге де борышкер болмаңыз.



Егіздер
Бұл айдың сізге дайындаған тосынсыйы өте көп. Олардың ішінде құрбандық шалуды, ақшалай садақа беруді талап ететін жайлар да бар. Сонымен қатар сақ болыңыз, алаяқтармен, ұрылармен жолыңыз тоғысуы бек мүмкін. Қаржылай көмек сұраушылар қатары да көп, олардың қолын құр қайтарғыңыз келмейді. Алайда, байқамасаңыз, бұл да алдап-арбап ақша алғысы келетіндердің әрекеті болуы ықтимал. Дұрысы – түйсігіңізді тыңдаңыз, ол сіздің тақырға отырғаныңызды қаламайды.

Бұл айда артық ақшаңызды жаңа білім игеруге, саяхатқа, маманнан қызмет алуға (мыс., дәрігерге көріну), жаңа табыс көзін ашуға жұмсасаңыз, жолыңыз болады. Тұрмыстық техника, ұялы телефон не компьютер керек-жарақтарын, үйге керек заттар сатып алу қажет болса, одан да қашқақтамаңыз. Ал, үй, көлік және аяқкиімге шығындалмай тұра тұрған абзал. Күтпесеңіз, көпке түсесіз.


Пайдалы кеңес ешқашан артық болмаған. Иіссу таңдауда оның иісі ғана емес, өзіңіздің мінез-құлқыңыз, теріңіздің типі, тіпті, шашыңыздың түсін де ескеріп таңдау жолдарымен танысыңыз. Бүгін болмаса да, кейін керек болары сөзсіз.


Шаян

Белгі иелері осы айда қысқа мерзімдік қуаныш, бір сәттік әсер үшін шығындалмауды, қаржыны жоспармен жұмсауды үйренуге тиіс. Барлық сатып алғысы кеп жүрген армандарынан бас тартып, ақшасын өзін дамытуға, жаңа іс бастауға жұмсағандар ұтады.

Жақын арада қомақты салым салып, нәтижесінде мол табысқа кенелуге болатын мүмкіндік туады. Сол кезде мүмкіндікті қолдана алмай қалмау үшін осы бастан қор жинаған жөн. Ол үшін артық шығынды азайту керек.

Бұл ай ұзақ уақыт қолданылатын қомақты дүниелерді сатып алуға сәтті.



Арыстан

Белгі иелері ақпанда көлемді сыйақыға ие болады немесе көптен күткен қаражатқа қол жеткізеді, тіпті болмағанда біреу алған қарызын қайтаруы мүмкін. Бұл көптен армандаған, алайда ақшаңызды жеткізе алмай жүрген қомақты дүниені алуға жақсы мүмкіндік. Тек айдың басында алып қоюға асықпаңыз. Сондай-ақ алдаудан, ұрлықтан, жанжал мен басқа да жағымсыз жағдайлардан сақ болыңыз.



Бикеш

Бұл айда қорыңыздағы біршама банкнотпен қош айтысуға тура келеді. Өйткені, ірі көлемді күтпеген шығын бар.

Айдың бірінші жартысында алдау-арбауға түсіп қалудан, ақша жоғалтудан абай болыңыз. Себебі, осы күндері қызықты, бірақ алдамшы ұсыныстармен басыңызды айналдырып, сізге билік жүргізу – оңай.

Ал, айдың екінші жартысында артылған аз ақшаның өзін, тиын-тебенді де «бір жыртығымды жамайды» деген ниетпен жинай беріңіз.

Қатты қажеттілік болмаса, сауда-саттықтан аулақ болғаныңыз абзал. Себебі, осы күндері алаяқтардың арбауына түсіп, өз аңғалдығыңыз бен сенгіштігіңізден опық жеп қалуыңыз мүмкін.


Таразы

Таразылар осы айда кіріс пен шығыс тепе-теңдігіне қол жеткізеді. Сондай-ақ қосымша табыс көзін тауып, арманына айналған саяхатқа артық ақша жинауға мүмкіндігі бар.

Ай басында алаяқтарға ұрынуыңыз ықтимал. Ол қарыз сұраушылар немесе сатып алған сапасыз тауар болуы мүмкін. Әсіресе, ғаламтор арқылы көзбен көріп, қолмен ұстамаған тауарды сатып алудан аулақ болыңыз.

Бұл айда ұсақ-түйек бұйымдар сатып алудың еш зияны жоқ. Алайда, ірі көлемді сауда жасауға асықпаңыз. Оның орнына артық ақшаңызды жинай тұрған абзал.



Сарышаян

Ойламаған жерден сәттілік аяғыңызға оралып, олжалы боласыз. Олжаңызды көптен армандаған затыңызды алуға жұмсаңыз, осы айда оны жақсы жеңілдікпен алудың да сәті түседі. Үнемделген ақшаны өзіңізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға жағымды нәрсеге жұмсаңыз. Бұл бойыңыздағы жағымды ақша энергетикасын, тартылыс күшін арттырады.

Сүйікті ісіңізбен айналысуға қажетті құралдарды осы айда сатып алған дұрыс. Ол хоббиді табыс көзіне айналдыруға жол ашады. Ал, пәтер, автокөлік, басқа да көп қаржыны талап ететін қымбат дүниелер алуды аса қат болмаса, кейінге шегере тұрыңыз.



Мерген

Ақпанда күтпеген жағдайларға байланысты жоспарланбаған шығындарыңыз біршама. Үйдегі тұрмыстық техникалар істен шығып, жаңасын алу не жөндету үшін біраз қалтаңызды жұқартуға тура келеді. Айдың басына жоспарлаған сатып алулар да сәтсіз аяқталады. Не сіз қалаған бұйым табылмайды, не өзгелердің үгіттеуіне көніп, мүлдем өзіңіз қаламаған затты алуыңыз мүмкін. Сондықтан, сауда нүктелерінен сәл қашықтау жүріңіз.

Кез келген мүмкіндікті мүлт жібермей, қосымша табыс көзіне айналдыруға барынша тырысыңыз. Үнемдеуді де ұмытпаңыз. Әйтпесе, ай соңында қарыз не несие алуға мәжбүр болуыңыз мүмкін.


Астрологтар кеңесін оқыңыз:

ҚЫСТЫҢ СОҢҒЫ АЙЫНДА НЕДЕН САҚТАНУ КЕРЕК?


Тауешкі

Сіз үшін өзіңіз таңдаған мамандық не кәсіп бойынша үлкен жетістікке жететін, арманыңызды жүзеге асыратын шақ келді. Ойдағыны орындап, мақсатқа жету үшін бар жиған-тергеніңізді салудан қорықпаңыз, салым еселеніп қайтады.

Ай ортасында ірі көлемде шығындалуға мәжбүр боласыз, бұл үшін қорыңыздағы қаржы жетпей, қарызға ақша іздеуіңіз де мүмкін. Бұл күндері несие алу – дұрыс шешім емес, одан да таныстар мен туыстардан көмек сұраңыз. Ай соңында қарызды қайтаруға, онымен қоймай, кәсіп үшін үлкен көлемде сауда жасауға жететін қаражат түседі қалтаңызға.



Суқұйғыш

Қыстың соңғы айы Сарышаяндар үшін молшылықтың алғашқы айы болғалы тұр. Қосымша табыс көзі болатын жаңа мүмкіндіктер есігі айқара ашылады. Қоржынына түскен қаржы бар арманын орындауға, бар қалауына қол жеткізуге жеткілікті. Алайда, жетеді екен деп желге шашудан аулақ болған жөн. Оның орнына садақа беруге, жақсылық жасауға, жақындарға сый ұсынып қуантуға, өзін дамытуға, білім алуға, ой-өріс көкжиегін кеңейтуге, саяхаттауға жұмсаңыз.



Балықтар

Ақпан айы ақшаға келіп тірелетін армандарыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік сыйлайды. Тек, есебіңіз дұрыс болса және ұсақ-түйекке шашылмасаңыз болғаны. Қаржылай көмек сұраған сенімді адамдардың, дос-туыстың қолын құр қайтармаңыз.

Ай басында күтпеген қиындықтар, шығындалуды талап ететін жағдайлар туындайды. Бірақ, олардың соңында рухани да, кәсіби де, финанстық та даму күтеді.

Кей жағдайларда өзіңіздің қаржылық әл-ауқатыңызды шынайы бағалау маңызды. Мәселен, автокөлік сатып алу қажет болса, осыған дейінгі қорға, несиеге иек артпай, алдымен тағы да ақша жинаңыз.

Ақпанда ақшаңызды саяхатқа, хоббиге, сапалы киімге жұмсасаңыз, сатып алған дүниелеріңіз сәттілік әкеледі. Ал, тұрмыстық техника, электрқұралдар, аяқкиім саудалары сәтсіз болуы ықтимал. Алған затыңыз сапасыз, ұнамсыз болуы бек мүмкін.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


2020 – кібісе жылы НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?


Ең батыл жұлдызнама белгілері