Астрологтар: ҚЫСТЫҢ СОҢҒЫ АЙЫНДА НЕДЕН САҚТАНУ КЕРЕК?

0
1 980

Ақпан айына арналған жұлдызды жорамал


Астрологтар: ҚЫСТЫҢ СОҢҒЫ АЙЫНДА НЕДЕН САҚТАНУ КЕРЕК?

Фото: Unian.net

Тоқты

Белгі иелеріне ақпанның бірінші және екінші онкүндіктері жайлы да сәтті болғалы тұр. Тұла бойы қуатқа толып, күндерін белсенді, позитивті қалыпта өткізеді. Іскерлік, шығармашылық қабілеттері артады. Осы уақыттарда адамдармен жақын араласуға, тіл табысуға тырысып, өзін дамытумен, жаңа білім алумен айналысса, көптеген жобаларын іске асыруға, материалдық жағдайын жақсартып алуға мүмкіндігі көп. Әсіресе, тәуекелге бас тіге алатын, тез арада шешім қабылдап үйренген Тоқтылардың айы оңынан туғалы тұр. Жеке өмірінде де оң өзгерістер орын алуы ықтимал.

Айдың үшінші онкүндігінде энергиясының азайғанын сезінеді, шаршаңқы қалыпта болады. Осы уақытта аздап белсенділігін де бәсеңдеткен абзал. Әсіресе, күрделі де маңызды жобалар мен іс-шараларға қатыспай, қарыз алмай және сұрағандар болса, бермей тұра тұрған жөн.


Торпақ

Торпақтарды бұл айда бірқатар сәттілік күтіп тұр. Оның бәрі кәсіп не қызметіне және қоғамдық істерге қатысты болмақ. Ақпанның бірінші және екінші онкүндіктерінде шығармашылық, ақыл-ой еңбегі салаларында белсенділігі жоғары болады.

Тиісті сәт пен тиісті жерінде орынды шешім шығара біліп, тез әрекетке кіріссе, қаржылық жағдайын жақсартатын қомақты табысқа қол жеткізеді. Алайда, осы уақыттарда қаржылық мәселелерді шешуде аса сақ болған дұрыс. Әсіресе, қоғамдық қаражатты орнымен жұмсау, ашық есеп беру, күмәнді келісімшарттардан бас тарту, салықты уақытында төлеу сындылар бірқатар күрделі мәселелердің алдын алады. Айдың 15-25 күндері аралығы маңызды кездесу, іссапар, келісімшартқа отыру және жаңа жұмыс іздеу үшін сәтті.


Егіздер

Ақпан айы белгі иелеріне жаңа мүмкіндіктер мен жақсы өзгерістер есігін ашады. Әйткенмен, бұрыннан келе жатқан серіктестерімен арада қиындықтар туып, бұл мәселе біршама жаңашылдықтарға кедергі болуы ықтимал. Сондықтан, бір істі бастамас бұрын бұрынғы серіктестермен араны ашып, есеп айырысып немесе қарым-қатынасты нықтап, бейбітшілік пен келісім орнатып алған жөн.

22-29 ақпан күндерінде аса сақ та мұқият болған дұрыс. Асығыстыққа бой алдырса, салдарынан бірқатар сәтсіздікке ұрынуы, оның кесірінен абыройына нұқсан келуі және басшылықпен, қарамағындағы қызметкерлермен арада жағымсыз жайлар орын алуы бек мүмкін.


Шаян

Ақпанда Шаяндардың интуициясы ерекше сезімтал. Соның арқасында көздегеніне оңай жетеді, тиімді келісімшарттарға отырады, өзгелерді сендіре де, көндіре де алады. Сондай-ақ, белгі иелері үшін ақпан – саяхат, іссапар айы болғалы тұр.

9-14 ақпан аралығында аздаған қиындықтар бар. Оларды болдырмау үшін әр адымын аңдап басқаны, мінез-құлқын түзегені, қажет емес жерде эмоцияға ерік бермегені абзал. 15-27 ақпан күндері бірқалыпты, тыныш өтеді. Осы күндері барлық мәселелерді шешіп, қиындықтармен қоштасып, өзін жақсы жағынан көрсетуге мүмкіндік көп. Шешендік, аудиторияны аузына қарата алу не ұстаздық қабілеттеріңізді қолдансаңыз, атақ пен абырой, мол табыс әкеледі.


Арыстан

Ақпанның бастапқы 20 күні Арыстандарға мансабын жоғарылату, қаржылық жағдайын жақсарту үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Кәсіп пен шығармашылықта жаңа бағыттарды, тың жобаларды қолға алса, сәтті аяқтайды. Жаңа серіктестер мен табыс көзі пайда болады. Бірқатар Арыстандар қоғам үшін пайдалы іс атқарып, қайраткерлігімен танылады.

Айдың соңғы онкүндігінде жағдай аздап өзгеріп, кішігірім мәселелер бірінен соң бірі бой көтереді. Кей кедергілерді жолыңызға бәсекелестердің тастауы бек мүмкін. Сондықтан, бұл күндері келісімшарттарға, құжаттарға қол қоюда, салық және құқық қорғау органдарына қатысты шаруаларда сақтық танытқан дұрыс. Ал, отбасы, жақын қарым-қатынас тұрғысында ақылдылық пен сабырлық серігіңіз болсын.


Бикеш

Ақпанның 5-9 аралығы – қарқынды жұмыс жасауға жайлы күндер. Әсіресе ұжымдық жұмыстар, серіктестік, келісімшарттарға қол қою, бизнеске қатысты күрделі сұрақтардың жауабын табу үшін сәтті. Осы күндері отбасылық мәселелер туындауы мүмкін, сондықтан, жұмысты кішкене кері ысырып қоя тұрып, бірінші орынға отбасыны қойған абзал. Үй-ішіңізге, жақындарыңызға көбірек көңіл мен уақыт бөліңіз. Сонда 9-15 ақпан күндерінде болуы мүмкін кедергілер мен келіспеушіліктердің біразының алдын аласыз.

15-20 ақпан аралығында жайлылық пен тыныштықты сезінесіз. Аураңыз тазарып, қуатыңыз артады. Соның арқасында жұмысқа, жаңа істі бастауға құлшыныс пайда болады, елдің назары сізге ауады. Осы күш-қуатты, құлшынысты, сәттілікті пайдаланып қалуға асығыңыз.


Оқи отырыңыз:

Ең батыл жұлдызнама белгілері


Таразы

Ақпанның бірінші және екінші онкүндігі шығамашылықпен айналысатын Таразылар үшін сәтті уақыт. Сондай-ақ, бұл күндері белгі иелерінің өмірінде тағдырдың тосын тартулары, үлкен оң өзгерістер бар. Қоғамдық міндеттері мен қызметінде мол табыс күтіп тұр. Жалпы, Таразылар осы айда қандай істі қолға алса да, сәтті аяқтайды. Әсіресе, 5-9 және 15-20 ақпан аралықтарында өміршең де сәтті идеяларға, жақсы ұйымдастырушылық қабілетке ие. Бұл күндері жаңа тиімді байланыс орнату, адамдарды идеяларына сендіру оңай, сондықтан, оларды жүзеге асыруда демеуші, серіктес не көмекші табу да қиын болмайды.


Сарышаян

Бұл айда белгі иелерінің тәртіп пен тазалыққа деген айрықша махаббаты, ұйымдастырушылық қабілеті оянады. Аяқсыз қалған шаруаларды тындыру, кеңсе мен үй ішін жайлы етіп реттеу, айналасы мен араласатын ортасын «артық адамдардан тазарту» сындыларды қолға алу керек. Бұл жұмыс қарқыны мен өнімділігін арттырып, біршама жетістіктерге қол жеткізуге үлкен көмек болады.

Айдың алғышқы күндерінде туыстары, сүйіктісі немесе балаларына қатысты жағымды жайлар күтіп тұр. 5-9 күндері аралығында еңбегінің жемісін жеу құрметіне, абыройға ие болады. 15-20 ақпан күндері интуициясына қалтқысыз сенуіне болады. Ол Арыстанды дұрыс қадамдарға, табысқа жеткізер мүмкіндікке жетелейді. Айдың үшінші онкүндігінде жеңістермен қатар жеңіліс те, кедергілер де күтіп тұр. Шыдамдылық татынуға дайын болыңыз.


Мерген

Ақпан айы Мергендер үшін жылдың ең сәтті де жемісті айларының бірі. Қызықты оқиғаларға, жағымды жайларға, кездесулерге, сондай-ақ, шығармашылық шабытқа, позитивті ойларға толы. Денсаулық қамын жасауды, рухани дамуды, дене бітімін қалыпқа келтіруді қолға алғысы келетіндер үшін де осы уақыттан оңтайлы кез жоқ. Сондықтан, ақпанның әр күніне жоспар құрып, әр сағатын бос өткізбеуге тырысқан жөн.

9-15 ақпан аралығында отбасылық қарым-қатынасқа аздап сызат түсуі, жақын адамынан көңілі қалуы, үмітінің ақталмауы мүмкін. Алайда, 15-20 ақпан күндері жағдай түзеліп, жайлылық қайта орнайды. Айдың соңғы онкүндігінде белсенділігін бәсеңдетіп, жауапкершілігі мен міндеттерін азайтқаны, бірқатар шаруаларды қоя тұрғаны дұрыс. Өйткені, денсаулығына зиян келтіру қаупі бар.


Тауешкі

Ақпан айы – Тауешкілердің бизнесіне табыс, мансабына өрлеу әкелетін сәтті кез. Алайда, жеке өмірінде аздаған келеңсіздіктер мен күтпеген жағымсыз жайлар болуы мүмкін. Жақындарымен түсінісу, тіл табысу қиынға түседі. Осының салдарынан қызметтегі жетістіктеріне қарамастан өзіне көңілі толмаушылық, сенімсіздік мазалайды.

9-15 ақпан аралығында әр тиынды есеппен жұмсаған абзал. Кішкене мүлт келіп, бос ақша жұмсаса, артынша біраз қаржысын желге ұшыруына тура келеді. 15-20 ақпан күндері бойының жағымды қуатпен толығып жатқанын, өзіне сенімділігінің артқанын сезінеді, көп нәрсеге жеңіл қарай бастайды. Батылдық пен тез шешім қабылдай алу қасиеті артады. Айдың үшінші онкүндігінде Тауешкілер үшін жақындарының, серіктестер мен демеушінің қолдауы маңызды. Бұл күндері жазатайым жарақат алу, дертке шалдығу қаупі зор, сондықтан жолда, қауіпті іспен айналысқанда, жалпы күнделікті өмірде абай болған артықтық етпейді.


Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін осы жылдың ең сәтті айы – ақпан. Әсіресе, бірінші онкүндік. Болашақта мол табыс пен жетістікке жеткізетін істің іргетасын қалау осы айда оңайға түседі. Барлық қабілеттері мен мүмкіндіктерін пайдаланып, қаржылық тұрақтылық пен ұжымдағы беделін қалыптастыруға да оңтайлы уақыт. Тиімді де қызықты ұсыныстар көптеп түседі. Сондықтан, осы айда жаңа жобаларды қолға алыңыз, озық идеяларыңызды жүзеге асырыңыз.

9-15 ақпан аралығында аздаған қаржылық қиындықтар туындайды. Бұл кезде мойнына жауапкершілік ала білу, аяқсыз қалған шаруаларды реттеу маңызды.

Келесі кезең – 15-20 ақпан күндері достар мен әріптестердің қолдауының, өзіне деген сенімділіктің арқасында тыныштық пен үйлесім қайта орнайды.


Балықтар

Ақпан айында Балықтардың психоэмоционалдық жайы, энергетикалық потенциалы бірқатар сынға түседі. Көңіл-күйі, өмірге көзқарасы құбылмалы, жағдайы тұрақсыз, тіпті, денсаулығы да аздап сыр беруі мүмкін.

Бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселелер қаржылық жағдайына, бизнес пен мансабына кесірін тигізуі мүмкін. Әсіресе, 9-15 ақпан аралығында. Осы күндері жақындарының қолдауына, сеніміне мұқтаж. Сондай-ақ, бұл қиындықтан шығуына жаңа білім алу, жаңа нәрсені игеру сынды өзін дамыту жұмыстары көметеседі.

Айдың үшінші онкүндігінде Балықтардың өмірлік потенциалы артады, өзіне сенімді бола түседі. Сондықтан, маңызды шаруалар мен кездесулерді ақпанның 19-нан кейінгі күндерге жоспарлауға болады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

Тағы да ОҚЫҢЫЗ:

2020 – кібісе жылы НЕ ІСТЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?