Бойыңыздағы ең ЖАМАН ҚАСИЕТ қандай?

0
2 249

Онымен күреспесеңіз, кесірі өзіңізге тиеді.


Бойыңыздағы ең ЖАМАН ҚАСИЕТ қандай?

Тоқты – шектен тыс қатыгездік

Сіздің ашуыңызды сөзбен сипаттау мүмкін емес. Қабағыңыздың қатулануы мен қаныңыз қарайып, қатыгездікке баруыңыздың арасы бір-ақ қадам. Егер ашу-ызаны дер кезінде тұсауламасаңыз, соңы жамандыққа ұрындыруы әбден мүмкін.


Торпақ – көрсеқызарлық

Қалауыңыз бен қызығушылығыңызды бақылауда ұстай алмайсыз. Бар тапқан-таянғаныңызды жақсы өмір сүру жолында бір-ақ сәтте құрбан етіп жібересіз. Сән-салтанат, сауық-сайран, дәмді ас – мұның бәрі уақытша. Тақыр кедей күйіне түскенде азды-көпті тиын-тебен жинамағаныңыз үшін бармақ тістейсіз.


Егіздер – жалған сөйлеу

Жалған сөзге жиі жол бересіз. Астарында арам ой болмауы да мүмкін. Кейде болжалдап айта саласыз. Алайда, мұныңыздың зияны өзіңізге де, өзгелерге де тиеді. Сондықтан, бірнәрсені айтпас бұрын ақиқатына көз жеткізіп алыңыз.


Шаян – жабысқақтық

Жақыным деп санаған адам үшін жаныңызды беруге дайынсыз. Қашан да қасынан табылуға тырысасыз. Көбіне тым артық кетіп, кері итерсе де кетпейтін жабысқаққа айналасыз. Бұл әдетіңіз жақындарыңызды тұншықтырады. Олар сізден демалғысы, аулаққа қашып кеткісі келеді. Сондықтан, махаббат пен қамқорлықтың шегі мен шекарасын сақтауды, сүйікті адамдарыңызға еркіндік беруді үйренгеніңіз жөн.


Арыстан – тәкаппарлық

Кеудемсоқтықтың, өркөкіректіктің ең жоғары шегіндесіз. Ешкімге бас игіңіз келмейді. Тек мені ғана ұлықтаса, абыройым аспандай берсе дейсіз. Сөйте тұра өзіңізді көкке көтерген адамдарды менсінбей, астамшылыққа жол бересіз. Бүйте берсеңіз, сізді көтеріп тұрған «тіреулер» тайқып, төменге құлдырауыңыз ғажап емес.


Бикеш – қызғаншақтық

Қызғаныш – орнымен болса ғана қызық сезім. Шектен шығып, жөнсіз кетсе, кері әсері орасан. Қарым-қатынаста мұндай қызғаныштың орын алуы кімге болсын ұнамасы анық. Сенім білдірмей, секем ала берсеңіз, жақындарыңыздың бәрінен айрылып, жалғыз қаласыз.



Таразы – атаққұмарлық

Белгі иелерінің бойына табиғат көптеген артықшылықтар берген. Оларды елге паш етіп, басымдықтарын баса көрсетуге барын салады. Атағын шығаруға деген құмарлық жақсы қасиеттерінің бәрін жоққа шығарады.


Сарышаян – нәпсіқұмарлық

Жақын қарым-қатынасты, жағымды жанасуды жақсы көреді. Екінші жартысына билігін жүргізіп, айтқанын жасату да басты мақсаттарының бірі. Бұл қалауыңызды тізгіндей білгеніңіз жөн. Әйтпесе, өмірдің басқа да маңызды сәттерін бос жіберіп аласыз.


Мерген – шектен тыс сүйіспеншілік

Сүйіспеншілік сезімін үнемі сезінуді қалайсыз. Айналамдағылар мені шексіз жақсы көрсе, жиі көңіл бөлсе деген тілек бар ішіңізде. Қалауыңыз орындалмаса, сүйікті адамдарыңыздан талап ете бастайсыз. Бұл талабыңыз да орындалмаса, сырттан іздеуден тайынбайсыз. Дәл осы тұстағы әрекетіңіз артық болып, арты өкінішке ұласуы ықтимал.


Тауешкі – сараңдық

Еңбекқорсыз. Еңбегіңіздің жемісі де аз емес. Алайда, тапқаныңызды өз рахатыңыз үшін, жақындарыңыздың көңілі үшін жұмсауға қимайсыз. Бәрін ертеңге сақтап, бүгінгі күніңізді тапшылықпен кешесіз. Осылай жүріп өмірдің өтіп кеткенін, жақын адамдарыңызды өкпелетіп алғаныңызды кеш байқауыңыз мүмкін.


Суқұйғыш – менмендік

Өзіңізді өзгелерден артық санайсыз. Бұл шындыққа жанаспайтын, алдамшы сезім болуы әбден мүмкін. Егер солай болса, бос мақтан мен құр кеуде көпке апармайды. Өзін дамытуға тырысқандар мен алға ұмтылғандар өрге шығады. Ал, астамшылыққа алданып, алысқа көз салмаған сіз тесік астауда қаласыз.


Балықтар – жалқаулық

Арманшылсыз. Алайда сол арманды мақсатқа айналдырып, алға қадам жасауға жалқаулық жол бермейді. Өз әлеміңізде отырып, алыс-жақынға қиялмен барып-келу, жоспардың бәрін ойша жүзеге асыру жетістікке жеткізе ме? Әрине, жоқ. Арманыңыздың шындыққа айналғанын қаласаңыз, бірінші кезекте жалқаулықпен күресіңіз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Сізге қандай гүл БАҚЫТ сыйлайды?