ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ туралы сандар да "АЙТЫП" БЕРЕ АЛАДЫ

0
8 478

Ол үшін жеке нумерологиялық саныңызды білсеңіз болғаны.


ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗ туралы сандар да

Нумерология бойынша, сандар сіздің денсаулығыңыз жайлы біраз ақпар бере алады. Ол үшін туған күн, ай және жыл бойынша жеке саныңызды есептеп шығарсаңыз болғаны. Қалай есептеуді тағы бір еске салайық. Мәселен, 23. 10. 1963 жылғы кісі болса:

2+3+1+0+1+9+6+3=25

2+5=7

Яғни, бұл кісінің нумерологиялық саны – 7.

Дәл осылай өз саныңызды анықтап алыңыз.


1

Ағзаңыз жүрек-қантамыр жүйесі, көз аурулары мен астигматизм алдында әлсіздеу. Аритмия, тахикардия, қанайналымның бұзылуынан сақтанып жүріңіз. Жасыңыз ұлғайған сайын қан қысымын үнемі бақылауда ұстауға тырысыңыз. Әсіресе, 19, 28, 37 және 55 жаста саулыққа аса сақтықпен қараған дұрыс.

Жаяу серуендеу сіз үшін аса пайдалы болмақ. Сондай-ақ, арпа наны, жебіршөп, көздәрі, қазтамақ, түймедақ, сәлбен, қалампыр, адамшөп тамыры, лавр жапырағы, лаванда емдік шөптері, лимон, апельсин, зімбір, құрма, мейіз, балдың берер пайдасы көп.


2

Асқазан және асқорыту жолдарының аурулары бір емес, шыр айналдыруы мүмкін. Әйелдерде қалқанша безіне қатысты бірқатар мәселелер болады. Мүмкіндігінше, дұрыс тамақтану мен ас ішу режимін бақылауда ұстаған жөн.

Жолжелкен, зығыр дәні, цикорий, салат жапырақтары, қырыққабат, қауын, қияр, көк пияз, банан және шалқанды жиі тұтынуға тырысыңыз. Олар жоғарыда аталған аурулардың алдын алуға көмектеседі.

20, 25, 29, 43, 47, 52 және 65 жасқа толғанда өзіңізге айрықша күтім жасаңыз. Жыл сайын қаңтар, ақпан, шілде айларында жоспарлы түрде емдеу-сауықтыру шараларын қабылдағаныңыз жақсы.


3

Жүйкеңізді барынша сақтап, өзіңізді қатты шаршатпауға, депрессияға түспеуге тырысыңыз. Себебі, сіздің осал тұсыңыз – жүйке және тері аурулары.

Пайдалы емдік шөптер мен азық-түліктер қатары: жалбыз, бозғалдақ, сәлбен, қалампыр, қасқыржем, рауғаш, зәйтүн, бадам дәні, зімбір, жаңғақтар, алма, қызылша, шабдалы, анар, ананас, жүзім, қара қарақат, құлпынай, қарлыған және шие. Осы аталғандарды күнделікті рационда кезектестіріп отыруды ұмытпаңыз.

Ағза саулығына 21, 39, 48, 57 жастарда баса мән беріңіз.


4

Стресс пен депрессиядан сақтаныңыз. Табиғат аясында көбірек болуға тырысыңыз, рухани практикалар жасаңыз, йогамен, өзіңізді дамытумен айналысыңыз, кітап оқыңыз. Осының бәрі ойыңызға ғана емес, жалпы ағзаңызға сергектік пен саулық сыйлайды. Қаназдық, бас ауруы мен омыртқа ауруларының алдын алатын әрекеттер жасаңыз.

Жасыл түсті жемістер мен көкөністер, баялды, кольраби қырыққабатын көбірек тұтыну сіз үшін аса пайдалы болар еді.

22, 31, 40, 49 және 58 жасқа жеткенде күтімді күшейтіңіз. Емдік-сауықтыру шараларын қаңтар, ақпан, тамыз, қыркүйек айларына жоспарлаған жөн.


5

Сізге ашушаңдық, ұйқысыздықтан сақтану керек. Бұл үшін жиі тынығуды қолға алыңыз. Көңіліңіз тоқ болуы үшін бәрін жасаңыз. Зиянды әдеттерден аулақ болыңыз. Өзіңіз үшін ыңғайлы әрі жеңіл, қатты шаршатпайтын күн тәртібін құрып, сол бойынша жүріңіз. Әйтпесе, ауру-сырқаудың бәрі осы ашушаңдық пен ұйқының дұрыс болмауынан келеді.

Пайдалы азық-түліктер тізіміне ақжелкен, зере дәні, теңіз орамжапырағы, саңырауқұлақ, жаңғақтың барлық түрлері, сәбіз, қырыққабат, картоп, сұлы наны, сұлы ботқасы және күрішті жазып алыңыз.

23, 41, 50 жастарда әр адымыңызды аса сақтықпен басқаныңыз жөн. Жыл сайын маусым, қыркүйек не желтоқсан айында емдік-сауықтыру шараларын қабылдауды әдетке айналдырыңыз.

6

Тыныс алу органдарын сақтаңыз. Әсіресе, күз бен көктем мезгілдерінде. Темекіге жоламай, тыныс алу жаттығуларын жасап, таза ауада көбірек серуендеп, жалпы ағзаңызды шынықтырыңыз. Ас мәзірінде сүт және нан өнімдері мейлінше аз болғаны жақсы.

Жалбыз, інжір, асжапырақ, бадам, грек жаңғағы, алма, анар, қауын, шабдалы және бұршақ тұқымдастардың барлық түрі пайдалырақ болғандықтан, осыларды көбірек тұтыныңыз.

24, 42, 51, 60 жас – сақтықты қажет ететін қауіпті белестер. Жыл сайын мамыр, қазан, қараша айларында бір ем алып қойыңыз.


7

Әлсіз тұстарыңыз – бауыр мен бүйрек. Осы екі ағза мүшесіне келетін барлық ауру түрлерінің алдын алыңыз. Ашу мен уайымға жол бермеңіз, барлық жағдайда сабырлық танытып, түсіністікпен қарауға дағдыланыңыз. Бұл бірінші кезекте өзіңіз үшін пайдалы. Таза ауада көбірек серуендеңіз, жаныңыз қалайтын шаруамен шұғылданыңыз, позитивте болыңыз. Дәріханалық өгейшөп, зығыр дәні, тау жалбызы, адамшөп тамыры, азық-түліктен – көк шай, цикорий, қымыздық, кепкен өрік, көкөніс шырындары, қырыққабат, салат жапырағы, қияр, алма, алмұрт, жүзім мен қарбыз молырақ тұтынған жөн.

16, 25, 34, 43, 52, 61 жас кезеңдерінде денсаулығын айрықша күткені абзал.


8

Басты қауіп – буындарыңызда. Сол үшін көбірек қимыл-қозғалыс қажет. Сүйек пен буындарға физикалық күш түсіретін ауыр жұмыстарды азайтыңыз. Оның орнын тынығу, жеңіл жаттығулар, серуенге алмастырыңыз. Дұрыс тамақтанып, артық салмақ болмауын қадағалаңыз. Көк шай, қымыздық, кешью жаңғағы, күнбағыс дәні, саңырауқұлақ, қырыққабат, үрмебұршақ, баялды, тәтті бұрыш, қызанақ, қарбыз, жидек түрлері, алманың қышқыл сұрыптары, алмұрт және өрік күнделікті ас мәзірінен табылып тұрса игі.

27, 35, 44, 53,62 жасқа қарай өзіңізге күтімді күшейтіңіз.


9

Тірек-қимыл жүйесінің жарақат алу қаупі басым. Сондықтан нумерологтар абайлап қимылдауға, ауыр еңбекпен, қиын спорт түрлерімен айналыспауға кеңес береді. Жиі массаж қабылдап тұрыңыз, буындар мен бұлшықетті босаңсытудың ең жақсы жолы осы. Иммундық жүйенің әлсіреуі мен инфекциялық аурулар алдындағы осалдық та бар.

Ас мәзіріне сарымсақ, пияз, ақжелкек, балдыркөк, зімбір, лимон, киви, мүкжидек, итбүлдірген, асқабақты көбірек қосыңыз.

18, 27, 36, 45, 63 жастарында ағзасына көбірек қауіп төнеді, барынша денсаулықтың қамын жасау қажет.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Белгі иелерінің тазалығына астрологтар қандай баға береді?


ТЕГІН өзгерткен адамның ТАҒДЫРЫ да өзгереді