ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫНЫҢ арасын НУМЕРОЛОГИЯ арқылы ЖАҚСАРТУға бола ма?

0
3 717

Сандар жұбайлық қатынасты жақсартуға ықпалды дейді. Неге байқап көрмеске?


ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫНЫҢ арасын НУМЕРОЛОГИЯ арқылы ЖАҚСАРТУға бола ма?

«Үйлену – оңай, үй болу – қиын» деседі. Рас сөз. Үй болуды қиындататын бір себеп – ерлі-зайыптылардың бір-бірін жақсы танымауы, дұрыс түсінбеуі. Олардың арасында үйлесім, жарасым болуы үшін, бір-бірін көзінен оқып, сөзін айтқызбай ұға алуы үшін түсіністік маңызды.

Төменде берілген нумерологиялық болжам өзіңізді жарыңыздың көзімен көруге және оның жанын жақсы түсінуге, сол арқылы жақсы арақатынас қалыптастыруға көмектеседі.


Сіз жасауға тиіс бірінші қадам – өзіңіздің және өмірлік серігіңіздің жеке кодын, яғни, санын айқындап алу. Ол үшін туған күн, ай және жыл сандарын бір-біріне қосамыз. Мәселен, 1981 жылдың 18 тамызы болса

1+8+0+8+1+9+8+1=363+6=9

Яғни, ол адамның жеке коды – 9 саны.


1 – Бойында лидерлік және диктаторлық қасиет басым. Өзгелерді емес, өзін тыңдағанды, тыңдатқанды және үстемдік еткенді жақсы көреді. Мұның эгоизмге ұласып кетуі бір сәтте. Ол ер болсын, әйел болсын, отбасы көшінің тізгінін өз қолында ұстайды. Соңғы шешімді қабылдау құқығын да ешкімге бермейді. Егер оның өмірлік серігі билікке таласатын болса, ұрыс-керіске, талас-тартысқа толы күн кешеді. Сондықтан, оның табиғатына түсіністікпен қарап, өзін бір-екі саты төмен ұстағаны абзал. Ал, жеке коды 1 болатын жандардың тарапынан керегі – өз эгоизмін, бойындағы жоғарыда аталған басым қасиеттерін тізгіндеп ұстау. Отбасының басқа мүшелерімен санасуды, олардың пікірі мен қалауын ескеруді үйренсе, тіптен жақсы. Сонда ғана екеуара келісімге, келіп, алтын ортаны табуға болады.


2 – Олар үшін ең бастысы – ауызбіршілік пен татулық. Бүкіл отбасының қай істе де бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара әрекет еткенін дұрыс көреді. Мұндай жандар жұбайының бірінші кезекте жақын досы болғанын қалайды. Досы бола алмаса, сүйіктісі, құрметтісі болу мүмкіндігі де аз. Қарсы алдынан қиындық не күрделі мәселе шыға қалса, оны шешудің, жеңудің орнына қашып құтылғысы кеп тұрады. Сондықтан маңызды мәселе шешуді тапсырып, алаңсыз нәтижесін күту жөн болмас.

Дербес коды «2» болатын жандарға нумерологтардан бір кеңес – жұбайыңыздың әр басқан қадамын бақыламай, оған бостандық беруге тырысыңыз. Әйтпесе, қарым-қатынас ұзаққа бармай, шорт кесіліп, шаңырағыңыз шайқалуы мүмкін.


3 – Қашан да көңілді жүретін оптимист жандар. Күнделікті күйбеңмен күресіп, сүреңсіз өмірді түрлі түске бояуға талпынып жүреді. Қолынан келеді де. Отбасылық өмірдің әр күнін қуанышқа толтырып, әр сәтінен бақыт сезінгенді қалайды. Бұл, әлбетте, жақсы. Алайда, мұның екінші жағы да жоқ емес. Тек көңілді жүріп, жақсы өмір сүргісі келетін «3»-тіктер қиындық туған жағдайда онымен күресудің орнына, елеңсіз қалдыруды таңдайды. Мәселенің өздігінен шешілгенін күтеді. Нәтижесінде одан да күрделендіріп алуы бек мүмкін.

Айтылар кеңес: асып-тасқан күш-қуатыңызды пайдалы бағытқа жұмсап, маңызды мәселелерге тиісінше ден қоюды үйреніңіз. Әсіресе, қарым-қатынасқа қатысты мәселелер. Әйтпесе, некеңіздің беріктігіне ешкім кепілдік бере алмайды. Көңілді өмір сүру мен қамсыз күн кешудің ара-жігін ажыратуға талпыныңыз. Шырылдауық шегіртке секілді «көгал қуып, гөлайттап» қана өмір өткізгеніңізді түсінгенше кеш боп қалуы ықтимал.


4 – Отбасына шын берілген, мықты қорған, тірек бола алатын тұлға. Өмірлік жарына деген сезімі бірқалыпты. Отбасын құру үшін арада аздаған жылулық, құрмет, сыйластық пен түсіністік болса жеткілікті деп санайды. Күйіп-жанып ғашық та болмайды, кей сәттерде жек көріп, азар да безер де болмайды. Соның арқасында шаңырағында ұрыс-керіс те, бақыттан бас айналдырар сәттер де аз. Өмірлік серігінің де көзқарасы осындай болса, олардың некесі берік, шаңырақтары биік, бақыты баянды болмақ. Отбасылық дәстүрлерді, туыстық қарым-қатынасты жоғары қояды. Бір кемшін тұсы – қызғаншақтығы. Бұл жұбайымен арадағы қатынасқа сызат түсіретін бір себеп болуы мүмкін. Сондықтан, «төрттіктерге» осы мінезбен күресу керек.


5 – Олар жұбайының қалауын ескеруге бейім, оның талабына сай болуға тырысады. Соның арқасында отбасында жарасым мен үйлесім орнату оңай. Тек, өмірлік серігі үнемі махаббатын, сый-құрметін сөзбен жеткізіп, іспен дәлелдеуді ұмытпаса болғаны. Бұл «5»-тіктер үшін өте маңызды.

Қарым-қатынасқа сызат түсіруі мүмкін себептер – жалқаулығы мен өзімшілдігі. Осылармен күреспесе, кейін кесірі тиюі ықтимал. «5»-тіктің жұбайына кішігірім кеңес – өмірлік серігіңізге сезіміңізді жиі білдіріп, роамнтикалық сәттер сыйлауды ұмытпаңыз. Тек, ол екеуңіздің араңызда ғана қалсын. Көпке айтып сыр ашудың қажеті шамалы.



6 – Отбасы және отбасының қамқорлығы олар үшін өмірдің мәні деуге болады. Өзін бақытты сезінуі үшін өмірілік жарының тарапынан берілетін жылу, махаббаттың да маңызы зор. Осы қажеттілігі қанағаттандырылса, көптеген жетістіктерге жетеді және қолы неге жетсе де оны отбасымен бөліседі.

Бір әттегенайы – шектен тыс қызғаншақтығы. Сүйіктісін көшедегі көлденең көз былай тұрсын, өз туыстары мен достарынан да қызғануы ғажап емес. Сезімдері суымай, некелері бұзылмай сақталуы үшін қызғанышты құрықтаса игі.


7 – Өзін толыққанды қалыптастырған, тәуелсіз тұлға. Осының салдарынан біреуді жақсы көру, өмірін өзгемен байланыстыру, отбасын құрып басқаға тәуелді болу олар үшін қиынға соғады. Сондықтан, «7»-ліктің жұбайы оған көбірек бостандық бергені дұрыс. «Ат айналып қазығын табады» дегенді қағидаға айналдырса, отбасы тыныштығы сақталады.

«7»-ліктің бойында өзімшілдік пен менмендік жоқ емес. Отбасында келіспеушілік бола қалса, себебін осыдан іздеген дұрыс. Ұрыс-керіс керек болмаса, жұбайының да жеке тұлға екенін ескеруді, оның пікірін құрметтеуді, өзімен тең көруді үйренгені абзал.


8 – Олардың отбасылық өмірден алғысы келетін басты құндылығы – материалдық тұрақтылық пен жайлылық. Сол себепті балаларымды бәрімен қамтамасыз етем, үй-жайымды жайлаймын деп бар ықыласын соған аударады. Жеке қарым-қатынасты назардан тыс, жұбайын махаббатынан мақұрым қалдыруы мүмкін. Әлбетте, тіршілік үшін тырмысу, отбасын қаржымен қамтамасыз етуге ұмтылу – бұл бағалауға тұрарлық талпыныс. Алайда, оларды өмірдің мәніне айналдыруға болмас. Тым құрығанда, таразы басын тең ұстауға тырысқан жөн. Өз денсаулығыңыз бен рухани дамуыңызды да ұмытпаңыз. Ата-ана мен бала арасындағы байланысты, тәрбиені де естен шығаруға болмас. Сол сияқты, жұбайлық қарым-қатынасқа да уақыт пен көңіл бөліп үлгеру керек.


9 – Бұл санның иесі аса қамқор, романтикаға жақын жан. Сондықтан, отбасылық өмірді оның қолына сеніп тапсыруға болады. Алайды, «9»-дықтың өмірлік жарына сенім артуы аздап қиындау. Қарым-қатынастың басында да, отбасылық өмірдің алғашқы жылдарында да, тіпті, бірге тұрғанына жиырма-отыз жыл өтсе де екінші жартысына деген сенімсіздік оты сөнбейді. Қашан да серігінің өзіне деген сезіміне сенімсіздік білдіріп тұрады. Сондықтан, «9»-дыққа жар болам деген жандар өз махаббатын жиі-жиі білдіріп, дәлелдеп тұруға мәжбүр.


Сандарға көзсіз сенуді құптамассыз, бәлкім. Алайда, жұбайлық арақатынасты жақсарта түсуге ықпалды дейді. Неге байқап көрмеске?

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Қандай қыздар КЕРЕМЕТ КЕЛІН болады?


Банк картасындағы ОН АЛТЫ сан сізге ақша ШАҚЫРА ма, ҚАШЫРА ма?