​Қандай ЖАСЫРЫН ТАЛАНТыңыз бар екені ТУҒАН КҮНіңізден "көрінеді"

0
2 090

Бұл қабілетіңіз жайлы мүлде білмеуіңіз мүмкін


​Қандай ЖАСЫРЫН ТАЛАНТыңыз бар екені ТУҒАН КҮНіңізден

Талантсыз адам тумайды деп жатамыз. Бұл дүниеге келген әр жанның қасиет-қабілеттері, миссиясы бар дейміз. Алайда, өз талантын танымай, миссиясын біле алмай, күнін құр өткізіп жүргендер қаншама?

Талант тек әнші-бишілік, әртістік не күйшіліктен ғана тұрмайды. Ел бастайтын көсем, сөз бастайтын шешенді ғана талант деп танумен шектелмеу керек. Қандай істі басқалардан жақсы жасайсыз, нендей нәрсеге қабілетіңіз басқалардан басымырақ – сол сізге берілген талант. Қай жерде өзгелерден оқ бойы озық екеніңізді білгің келсе, туған күніңе қатысты бір ғана есеп жасау жеткілікті.


Әдеттегідей, туған күн, ай, жылыңыздағы цифрларды бір-біріне қосып шығыңыз. Екі санды мән шықса, оларды да бір-біріне қосып жіберу арқылы бір таңбалы мәнге жеткізу керек.

Мәселен, 16.01.1991 болса:

1 + 6 + 1 + 1 + 9 + 9 + 1 = 28 = 2 + 8 = 10 = 1 + 0 = 1


Дәл осылай өз өмірлік жолыңызды, талантыңызды анықтауға көмектесетін санды тауып алыңыз.


1

Сіздің сыйыңыз: батылдық. Келісеміз, тым қарапайым естіледі. Әйткенмен, батылдықты талант деп қабылдамайтындар қатты қателеседі. Шындығында, батылдық барлық нәрсенің бастамасы. Ерік-жігермен бірігіп, алға сүйрейтін өте маңызды қабілет. Кез келген нәрсені бастауда көп адамда осы қабілет жетіспегендіктен, бір орында тұралап қалып жатады. Ал сізді батылдығыңыз ештеңеден қорықпай, тәуекелге бел буып, үнемі алға жылжуға жетелейді.


2

Сіздің қабілетіңіз: ғажайыпқа сену. Түсіне білген адамға, бұл да бір талант. Өйткені, арамызда ғажайыптың болатынына, арманның орындалатынына сенетін ересектер аз. Ал сіздің риясыз сеніміңіздің арқасында армандарыңыздың басым бөлігі көп күш салусыз орындалады. Тек сіз өз ойыңызға, қалауыңызға құлақ асып, орындалатынына сеніп, адамдармен араласуды, қабылдауды, жанашырлықпен қарауды тоқтатпасаңыз болғаны.


3

Сіздің қабілетіңіз: құру және жою. Қауіпті сан, қорқынышты қабілет. Өйткені жоқтан бар жасап, небір үлкен құрылымдарды құра аласыз және барды жоқ етіп жойып та жібере аласыз. Қайсысы өзіңізге және өзгелерге пайдалырақ болатынын үнемі салмақтап, таңдау жасап жүрге тура келеді.


4

Сізің басым қабілетіңіз табиғат элементтерінің сиқырлы күшін пайдалану. От, су, жер және ауадан қуат аласыз. Өз өміріңізде және айналаңызда, қоғама тепе-теңдік, әділдік орнату сізге артылған міндет. Лайықты орындамасаңыз, жер әлемдегі үйлесім, жаратылыс заңдылықтары бұзылады.


5

Сіздің сыйыңыз: ата-бабалармен және рухтармен байланыс. Байланыс тығыз және айқын болуы үшін өз рухыңызды еркіндікте ұстауыңыз шарт. Сонда ғана екінші әлемнен келіп жатқан хабарламаларды ести аласыз, түсінесіз, зерттейсіз. Рас, көп адам сізге, ерекше қаблетіңізге қорқынышпен қарайды, қабылдамайды. Алайда, өзіңізге берілген қабілетті адамзаттың пайдасына қарай қолдану – адмзаттық парызыңыз.

6

Сіздің қабілетіңіз: емшілік. Медициналық оқу орнынан мыңдаған маман диплом алып шығып жатқанымен, білікті дәрігерлер неге аз? Өйткені, оқыған білімі, қолында қағазы болғанымен, бойында емшілік таланты жоқ. Ал сіз – туабітті емшілік қабілетке және шипалы аураға иесіз. Өзіңіздің күш-қуатыңызды және сыйыңызды дұрыс жолға бағыттай алсаңыз, адамзатың аман-саулығына сіңірер еңбегіңіз орасан болмақ.


7

Сіздің қабілетіңіз – түс жору. Түсті жақсыға жору керек деп, наным-сенімге сүйеніп екінің бірі жорамал айта береді. Алайда, жаратылыстың түс арқылы қандай хабарлама жеткізгісі келіп жатқанын тура түсінетін жандар санаулы. Сіз – солардың бірісіз.


8

Сіздің басымдығыңыз – алхимия. Бойыңызда бір заттардан екінші бір дүниені жасап шығара алатындай ұшқыр ой бар, орасан зор күш бар. Оны дұрыс пайдалансаңыз, әлемді өзгертесіз, ескіні жаңартасыз, жоқты бар етесіз. Осы бағытта еңбектенсеңіз, есімі тарихта қалатын тұлғалардың бірі болатыныңыз анық.


9

Сіздің сыйлық: астральды проекция. Көңіліңіздің де, көруіңіздің де көкжиегі өте кең. Соның арқасында басқаларға қарағанда сәл көбірек көресіз, сәйкесінше, білгеніңіз де артық. Көрген-білгеніңізбен бөлісіп адамдарға көмектесе жүрсеңіз, қайтарымы да ұшан-теңіз болады.


Осыған дейін өзіңізді тануға қаншалықты күш жұмсадыңыз? Бұл жолда біршама еңбек еткен болсаңыз, біздің айтқанымыз сіз үшін жаңалық болмауға тиіс. Ал, өзіңізді толық танымсаңыз, мұндай қабілетіңіз жайлы әлі білмейтін болуыңыз әбден мүмкін. Сіздің білместігіңіз оны жоққы шығармайды. Бойыңызда бар нәрсе булығып жата береді. Одан да, жарыққа шығарып, өзіңіздің және өзгелердің кәдесіне жаратыңыз.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖҰЛДЫЗДАР қалай ұйықтайды?