МҰНДАЙ адамдардан АУЛАҚ ЖҮРГЕН дұрыс

0
7 122

Айналаңыздағы энергия "ұрлағыштардан" алыс жүріңіз.


МҰНДАЙ адамдардан АУЛАҚ ЖҮРГЕН дұрыс

Байқаған шығарсыз, кей кісілермен сөйлескеннен кейін өз-өзіңізден күш-қуат сарқылып, ештеңе қызық болмай, қалжырап қаласыз. Кейде тіпті өмір сүргіңіз келмей кететіндей. Сізді осындай күйге түсіретін жандар – энергетикалық "вампирлер".

Олар айналасындағы адамдардың энергиясын сарқып сорып алады. Әдетте психологтар мұндай кісілермен араласпауға, аулағырақ жүруге кеңес береді.


Кімнен іргені аулақ салу керектігін білу үшін алдымен кімнің энергетикалық вампир екенін анықтау қажет. Оның ең оңай жолы – нумерологияға жүгіну. Туған күнінің цифрларын бір-біріне қосу арқылы басты санын біліп алыңыз. Мәселен, 17.08.1992 болса:

1+7+0+8+1+9+9+1=36 3+6=9

Соңында шыққан сан адамның тумысынан берілген энергетикалық деңгейінің көрсеткіші. Сан кіші болған сайын энергетика деңгейі де төмен. Сәйкесінше, осындай кісілер қаласа да, қаламаса да басқалардың энергиясын ұрлауға мәжбүр.


  • Басты саны 1, 2, 3, 4 болған жандар энергетикалық вампир болуы әбден мүмкін. Өзгелерге зиянын тигізгісі келмесе, үздіксіз энергия қорын толықтырып жүруі қажет.

  • 5, 6, 7 деңгейлі энергетикалық деңгей иелерінде бәрі жақсы, теңестірілген. Оларға өз күш-қуаты жеткілікті. Сондықтан, ешкімнен ұрламайды. Тек, басқа қуат сорғыштардан сақтануы қажет. Өзгелермен бөліссе, энергиясы тез сарқылып, ішкі әлемі босап қалады.

  • 8, 9 сандары шыққан кісілерге табиғат өте көп энергетикалық қуат сыйлаған. Өз кезегінде осы сыйын бәрімен бөлісіп жүреді. Олармен араласып, әңгіме-дүкен құрғаннан кейін адамдар өздерін жақсы, бақытты, өмірге дән риза, бойы күш-қуатқа толы сезінеді.

  • Есептеу барысында 10, 11 сандары шықса, ол жандарды айрықша қасиет қонған, құдыретті күш иесі деуге әбден болады. Ел арасындағы аурудан айықтыратын, аураны тазалайтын, басқа да адамдарға пайдалы іспен айналысатын кісілер көбіне осындай «ондықтар» мен «он бірліктер» арасынан шығады екен.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Сәуірде сізді не күтіп тұр? Жұлдызды жорамал