​Шетелдік қай автордың шығармасы жаныңызға жақын?

0
4 093

Бағытты жұлдыз белгіңізден іздесеңіз болады.


​Шетелдік қай автордың шығармасы жаныңызға жақын?

Қазақ әдебиетінің құнарын бойға сіңіріп, ақын-жазушылардың айтарын ақылға құйып алған оқырмансыз ба? Ендеше, таным көкжиегін кеңейту үшін өзімізбен шектелмей, шетел әдебиетіне көз салу артық болмайды. «Кімді оқығаным дұрыс?» десеңіз, бағытты жұлдыз белгіңізден іздеңіз.


Тоқты – Габриэль Гарсиа Маркес

Табиғатынан қызуқанды, эмоцияға берілгіш Тоқтыларға ерекше шабыт сыйлайтын, жалынды сөзге толы шығармалар жақын. Дәл осындай мінез-құлықты испан жазушысы Габриэль Гарсиа Маркес туындыларынан таба алады. Бір романын бастаса, соңына жеткенше бас алмайтын болады.


Торпақ – Джон Грин

Романтикаға берілгіш, үнемі қызықты әрі әсерлі жайларды күтіп жүретін Тоқтыларға Джон Гриннің романдары ұнайтынына күмән жоқ. Әсіресе, жасөспірімдерге арналған, махаббат машақаты мен сезім сырлары төгілген романдарын көзіне жас алып тұрып оқиды.


Егіздер – Стивен Кинг

Жұмбақ пен тылсымның құпиясын шешуді жақсы көретін Егіздердің жанына Стивен Кинг шығармалары жақын болары сөзсіз. Бір жағынан жүректі дір еткізетін үрейлі оқиға, екінші жағынан шырмауына алатын шытырман детектив романдарды оқыса, қыстың ұзақ түнін де, суығын да ұмытады.


Шаян – Джоан Роулинг

Джоан Роулинг – дүние жүзіндегі ең талантты жазушылардың бірі. Әсіресе, сезімтал, эмоцияға берілгіш, көркем әдебиеттен өмірдің мәнін, күнделікті тірліктің әрін, көңілдің нәрін, басқа да көп нәрсе іздейтін оқырмандар үшін оның туындылары биік бір төбе. Шаян белгісінде туғандар – дәл осындай жандар. Сондықтан, аталған автордың кез келген шығармасын қолға алып, оқуға бас қоя берсе болады. «Гарри Поттерді» әлі оқымаған болса, содан бастауға кеңес береміз.


Арыстан – Оскар Уайльд

Ирланд жазушысы, драматург Оскар Уайльдтың кез келген шығармасы арнайы Арыстандар үшін жазылғандай. Белгі иелері бұл автордың туындысына бас қойса, жай ғана танысып қоймай, сондағы оқиғаға бар жан-тәнімен кіріп кетеді. Кейіпкермен бірге күн кешіп, бар сезімін бастан өткізгендей болады. Бір сөзбен айтқанда, дәл осы автордың шығармаларынан Арыстандар айрықша әсер алады.


Бикеш – Харпер Ли

Бұл автордың қоржынындағы туындылардың кең танылғаны екеу ғана болса да, барлық жерден әділдік іздеп жүретін Бикештер үшін соның өзі жеткілікті. Тіпті, бір шығармасын сан қайталап оқыса да, әр жолы жаңа бір мән-мағына табады. Онымен қоймай, осы авторды оқыған соң әрі қарай АҚШ, басқа да алпауыт елдердің сот жүйесін зерттеуге кірісіп кетуі де әбден мүмкін.

Таразы – Артур Конан Дойл

Таразылар да детектив жанрының жанкүйерлері. Сондықтан, белгі иелерінің Шерлок Холмс жайлы жазылған барлық жинақтарды оқып шыққанына күмән жоқ. Егер сіз Таразы бола тұрып, әлі оқымаған болсаңыз, тез арада бастауға кеңес береміз. Содан соң барып Артур Конан Дойлдың басқа да туындыларына кезек беріңіз.


Сарышаян – Джонатан Фоер

Белгі иелеріне бар шаруасын бітірген соң жайланып отырып Джонатан Фоердің кітабын қолға алуға кеңес береміз. Оның туындыларынан жақсы әсермен қатар керемет демалысқа да кепілдік бар. Әсіресе, Сарышаяндарға күнделікті тірліктің күйбеңін ұмыттырып, жастық шақтың қызықты естеліктерін еске түсіруге үлкен мүмкіндік сыйлайды.


Мерген – Виктор Гюго

Қашанда жаңа әсер мен сезім, эмоция іздеп жүретін Мергендерге Виктор Гюгоның шығармашылық әлеміне аттануға кеңес береміз. Оның асқан дәлдікпен, бейнелі түрде суреттеген жерлеріне өз аяғымен барғандай, қайырымды кейіпкерлердің қызықты оқиғаларын өз басынан кешкендей әсер алатыны анық.


Тауешкі – Лиана Мориарти

Еңбекқор, алдына мақсат қойса, жетпей тынбайтын Тауешкілерге анда-санда болса да аздап үзіліс жасаған дұрыс. Ал үзіліс кезінде аустралиялық жазушы Лиана Мориартидың жеңіл тілмен жазылған кітапшаларын серік етсе, тіптен жақсы.


Суқұйғыш – Стивен Хокинг

Өзі қанша жасқа келсе де, ішіндегі кішкентай баланы есейтпеген белгі иелеріне әдебиеттің айрықша жанры – нон-фикшн жақын келеді. Бұл жанрдағы үздік туындылардың авторы – Стивен Хокинг. Жаратылыс құпияларына қатысты сан сұрақтың астында жүретін Суқұйғыштар ғалым-астрофизиктің туындыларынан көп мәлімет алады.


Балықтар – Федор Михайлович Достоевский

Белгі иелерінің аталған автордың «Қылмыс пен жазасын» оқығанына күмән жоқ. Алайда, онымен тоқталып қалғаны да жөн болмас. Себебі, Балықтар үшін бұл автордың туындыларынан алар нәрсе әлі де көп.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Сізге қай ТІЛДІ меңгеру ОҢАЙ БОЛАДЫ?


Үйдің нөмірі иесінің БАҚЫТЫ мен ТАБЫСЫНА қалай әсер етеді?