​СЫЙЛЫҚ саныңызды білсеңіз, бойыңыздағы ТАЛАНТТЫ ТАНУ қиын емес

0
3 965

Сіз сыйлық саны туралы біліп пе едіңіз?


​СЫЙЛЫҚ саныңызды білсеңіз, бойыңыздағы ТАЛАНТТЫ ТАНУ қиын емес

Нумерологиядағы терминдердің бірі – сыйлық саны. Сіз бұл туралы біліп пе едіңіз?

Сыйлық саны – дүниеге келген жылыңыздың соңғы екі санын қосу арқылы анықталады. Олардың қосындысы 1-10 аралығындағы сандар болуға тиіс. Одан үлкен мән шықса, кезекті рет бір-біріне қосып жібересіз. Мәселен, 1989 жылы дүниеге келсеңіз:

8+9=17

1+7=8

Соңғы шыққан 8 – сыйлық саны деп аталады.

Бұл санды білдік, енді оны не істейміз деп отырсаңыз, төменге жылжып өз мәніңізге сәйкес сипаттамамен танысыңыз. Онда сіздің бойыңызға жаратушы қандай дарын бұйыртқанын біле аласыз.


1 – Тепе-теңдікті сақтау қабілеті

Сіз барлық нәрседе баланс ұстай білесіз. Ақыл мен жүректі қатар тыңдап, екеуінің де жетегінде кетпей, суық санамен шешім қабылдайсыз. Интеллектіңіз бен шығармашылық қабілетіңіз де параллель дамуда. Бойыңыздағы ең мықты қабілеттерді толығымен пайдалана отырып, ең әлсіз тұстарыңызды жетілдіруді де ұмытпайсыз. Осындай балансты сақтауға деген ұмтылыстың жетегінде біраз нәрсеге жетесіз, біраз бәледен аман қаласыз. Өйткені, өмір тепе-теңдік ұстай алмайтындарды құздан құлататыны аян.


2 – Негативті ойлау

Иә, негізінде бұл да бір дарын. Әсіресе, айналаның бәрі жалғандыққа, алдау мен көзбояушылыққа, қызылды-жасылды көз арбайтындарға толы уақытта бәріне сене беру қауіпті. Кез келген істің жаман жағы да болуы мүмкін екенін әсте естен шығармайсыз. Жақсымен қатар жаман жағын да ойлап үлгеріп, дер кезінде шекара бекітіп, қақпаңызды жауып алу – асқан шеберлік. Тәуекелге бас тігер тұста оның соқыр тәуекел, құр бос әурешілік болуы мүмкін екенін ойлау сізді көптеген сәтсіздіктен сақтайды.


3 – Позитивті ойлау

Айналасына позитивті ой мен шуақ шашып жүру де – үлкен өнер. Осылайша сіз сөнгелі тұрған үміттерді қайта тұтата аласыз, әлсіз шоқты үрлеп маздата аласыз. Бұған позитивті ойлау қабілетіңіз, әр нәрсенің жақсы жағын көре білуіңіз, әзілқойлығыңыз, басқаларға шабыт сыйлай алатын қасиетіңіз көмектеседі.


4 – Суық сана

Сіздің ақылыңызды да, жүрегіңізді де суық сана билейді. Барлық нәрсенің жақсылы-жаманды жақтарын бірдей көре аласыз. Оларды таразыға салып, қайсысының басым екенін анықтау сіз үшін оп-оңай, ары қарай дүрыс шешім, оң қадамды анықтау да қиын емес. Сондай-ақ, ешқашан өзге біреудің тарапын таңдап, жетегінде кетпей, бейтарап болып қала алу да туабітті таланттарыңыздың бірі деуге болады.


5 – Физикалық дене

Сіздің денеңіз, ағзаңыз – ең жақын досыңыз. Оларды тез түсінесіз, шағымдарына құлақ асасыз. Соның арқасында аурудың алдын алу, энергияңызды орнымен жұмсау және орнын қайта толтыру – үйреншікті әдетіңізге айналған. Көп адамдарда осы қабілет жетіспегендіктен, шаршап-шалдығады, ауру-сырқаумен алысуға көп күш пен уақыт жұмсайды. Ал сізде ондай мәселелер алдын-ала шешіліп отырады. Сонымен қатар, біреуді тәрбиелеу, үйрету, ұстаздық ету де қолыңыздан әбден келеді.


6 – Діндарлық

Сіздің басты қаруыңыз – дұға, басты байлығыңыз – рухани әлеміңіз. Нұрлы, жарық, таза әлеміңізді сыртқы жамандықтардан сақтайтын қорғаныңыз бар. Сөзіңіздің сиқырлы күші бар, соның арқасында олар орындалады, адамдар сенеді, соңыңыздан ереді, сыйлайды.


7 – Тектілік, мәрттік

Бойыңыздан бекзадалық, мәрттік, тектілік лебі есіп тұрады. Қай ортаға барсаңыз да, қандай киім кисеңіз де, ешкімге тіл қатпасаңыз да, елдің назары бірден сізге ауады. Өйткені өреңіздің де, дәрежеңіздің де биік екені бірден көзге түседі.


8 – Асқақ рух

Сізге берілген ең үлкен дарын – бойыңыздағы қайтпас қайсарлық, асқақ рух. Энергияңызды қанша жұмсасаңыз да сарқылмайды, себебі энергияның қайнар көзі – өзіңізсіз. Соның арқасында өз дегеніңізге жетесіз, елді де соңыңыздан ертесіз. Сіздің сөзіңіз де, ісіңіз де айналаңыздағы адамдарға күш береді, жігерлендіреді.


9 – Сезімталдық

Өте нәзік сезімталдық сізге тән. Әр сөздің, көзқарастың астарын ұғынып тұрасыз. Адамдарды бір көргеннен ашулы тұрған кітаптай оқи аласыз. Әркіммен өз деңгейінде әңгіме-дүкен құрып, өз тілінде сөйлесетін қабілетіңіз бір төбе.


10 – Жарқын бейне

Айналаңызға шуақ шашып тұрасыз. Шығармашылықпен айналыссаңыз, тіпті нұрланып кетесіз. Сіздің жарқын жүзіңіздің өзі адамдарға эстетикалық ләззат, көтеріңкі көңіл-күй, өмірдің жақсы сәттерін сыйлайды. Осы қасиетіңіздің арқасында ел есінде ұзақ сақталасыз.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Туған күніңізге қарап өз аураңыздың түсін біліңіз