Бойыңызда қандай КЕМШІЛІК бар, осы болжамнан біліңіз

0
3 403

Туған күніңізде кездеспейтін цифрлар да сіз жайлы ақпарат бере алады.


Бойыңызда қандай КЕМШІЛІК бар, осы болжамнан біліңіз

Туған күн датасында, ондағы сандарда көп сыр бар екенін нумерологтар түрлі тұжырымдарымен дәлелдеп келеді. Мұндай болжамның түр-түрін оқыған шығарсыз. Бұл ешкімге жаңалық емес. Ал мына жаңалықты бұрын білдіңіз бе: туған күніңізде кездеспейтін цифрлар да сіз жайлы ақпарат бере алады. Дәлірек айтсақ, жоқ сандар – сіздің бойыңыздағы кемшіліктер.


Сонымен, бұл болжаммен танысу үшін қағазға туған күніңіздегі сандарды жазып шығыңыз (нөлден басқасын). Содан соң олардың арасында 1-ден 9-ға дейінгі қай сандар жоқ, соларды теріп жазыңыз. Мәселен, 25. 03. 1897 болса, арасында жоқ сандар – 1, 4, 6 болады. Бұл туған күн иесі 1, 4, 6 сандарында жазылған сипаттама арқылы өз бойындағы кемшіліктерімен таныса алады.


1 - Өз ойыңыздан көрі өзгелердің пікірін маңыздырақ санайсыз. Өз шешіміңізді ысырып тастап, басқалардың нұсқауымен жүргенді оңай көресіз. Бұл әдеттен арылып, жан қалауыңызды жүзеге асыру үшін айналадағы адамдардың ықпалынан арылуыңыз қажет.


2 - Өз әлеміңізде өмір сүресіз, эгоизм де жоқ емес. Өзгелердің ым-ишарасын, сезімдері мен эмоциясын кейде байқамай да жатасыз. Осы мінезіңізге ренжитіндер көп. Кейде басқалардың да бет-жүзіне барлай қарап, жан-дүниесіне үңілу артық болмайды.


3 - Тым бірбеткей, шамадан тыс қырсықсыз. Жеңілісті жек көресіз. Осы мінездеріңіз кейде қызуқандылыққа ұласып, асығыста ағат шешім қабылдауға итермелейді. Мұның соңы қателікке ұрындыратынын жақсы білесіз. Сондықтан кейде басқаларға да жол беріп, жеңіле де білу керек.


4 - Жоспарды құрасыз, мақсатты межелейсіз. Бірақ, сол мақсатқа жету жолында ұзақ әрі ұсақ қадамдар жасау сіз үшін қиын. Көлденең кездескен қиындық пен ойды бөлетін қызықтар жолыңыздан оңай тайдырады. Эмоция жетегінде кетпей, мақсатқа жеткенше алған беттен таймауды үйреніңіз.


5 - Сіздің басты кемшілігіңіз – тартыншақтық, сенімсіздік. Қандай да бір шешім қабылдау керек болғанда өте көп әрі ұзақ ойланасыз. Осының салдарынан көп жағдайда уақыттан ұтылып, мүмкіндікті жіберіп аласыз. Түйсігіңізді, ішкі ойыңызды тыңдап, оған сенім артып үйреніңіз.


6 - Шынайы бет-бейнеңізді айналадағы адамдардан жасырғыңыз келеді. Танымайтын, бөтен ортада өзіңізді жайсыз сезінесіз. Адамдармен араласып, тіл табысып кету сіз үшін қиын. Бір жақсысы, сізге адамдар өздері тартылады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қарым-қатынас орнатқысы келгендерді кеудесінен итермей, тануға, ортаңызды кеңейтуге тырысыңыз.


7 - Пессимистік ойларға көп жол бересіз, алға сүйрейтін күш, ынта, талпыныс жетіспейді. Көп нәрсенің жаман жағын бірінші көресіз. Сөйте тұра, жолыңыз болғыш. Аздап оптимист болуды үйренсеңіз, өміріңізде жақсылықтар көбейе түседі.


8 - Жалқаулық пен бүгін бітер істі ертеңге қалдыру – сіздің басты жауыңыз. Сондай-ақ, логиканы өшіріп қойып, көбіне интуицияның айтқанына ересіз. Әйткенмен, түйсігіңіз кейде шатасуы мүмкін. Сондықтан, шешім қабылдарда ішкі оймен қатар, ақыл-ойыңыздың да айтқанын тыңдаған артық болмайды.


9 - Реалист жансыз. Орны мен шекарасын білсеңіз, бұл – аса қатты кемшілік емес. Алайда, тым шектен шыққанда өмірді қиындатып жіберетіні бар. Шынайы өмір сүрем деп, сүреңсіз күн кешіп кетуіңіз ғажап емес. Арман-қиял, романтика сияқты өмірді әрлей түсетін әдемі әлемнен айрыласыз.


Өзіңізді бұрынғыдан да жақсырақ тани түстіңіз бе? Бұл сандар туған күнімде жоқ екен, бойымда осындай кемшіліктерім бар екен деп қоя салмаңыз. Онымен күресіңіз. Өз бойындағы кемшіліктермен арпалысқан жанның артықшылықтары арта береді.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖАҚЫНЫҢЫЗДЫҢ ең жиі айтатын ӨТІРІГІ