Үйіңізде ОСЫ нәрсе болса, СӘТТІЛІК өзі-ақ КЕЛЕДІ

0
2 771


Үйіңізде ОСЫ нәрсе болса, СӘТТІЛІК өзі-ақ КЕЛЕДІ

Тоқты

Белгі иелері үшін үй-жайының жайлылығы мен жылуы, жақындарының махаббатын сезіну өте маңызды. Бұл нәрсені оларға фотосуреттер бере алады. Қабырғаларға, көз жетер жерлерге сүйікті адамдардың суреттерін іліп қойса болғаны. Суретте жақындары неғұрлым көп болса, жағымды энергия соғұрлым көбірек берілмек. Сәйкесінше, айы оңынан туып, жолы болады.


Торпақ

Оларға жақсы көңіл-күй мен сәттілік үшін бар керегі – жылы естеліктер. Бақытты сәттерін еске салатын кез келген кішкентай заттың өзі жанын жылытып, бойына қуат, қиялына шабыт береді. Осындай күйде жүргенде, бар ойлағаны оңынан орындалады. Сондықтан, жағымды естелік сыйлайтын дүниелерді тастамай, көзінің қарашығындай сақтағаны дұрыс.


Егіздер

Оларға өзінің атына сай кез келген қосақты дүние (бір нәрсенің екі данасы немесе қарама-қарсы екі нәрсенің біріктірілген нүұсқасы) сәттілік сыйлай алады. Мәселен, екі аққу немесе Ай мен Күн сияқтылардың мүсіндері. Үйдегі сөрелерден осындай кәдесыйларға орын берсе, соңыра үйлесім мен сәттілік те ілесе келеді.


Шаян

Белгі иелеріне үй ішінде шағын субұрқақтың немесе алтын балық мүсінінің болуы аса маңызды. Позитивті энергия, мүмкіндіктер мен сәттілік ағыны, қанағаттану, ризашылық сезімі – мұның бәріне осы мүсіннің көмегімен қол жеткізуге болатыны Шаяндардың жағдайында рас нәрсе.


Арыстан

Оларға үй ішінде ерік-жігер мен күш-қуаттың символы бола алатын заттар ауадай керек. Мәселен, жыртқыш жануарлардың, атақты спортшылардың мүсіндері. Алқызыл түсті шамдар да жарайды. Осылардың бірі бөлмесінен табылса, Арыстан айы оңынан туған жолы болғышқа айналады.


Бикеш

Олар қашанда үй мен қызмет түйткілдерін ойлап шаршаңқы жүреді. Көбіне адреналин жетіспейді. Осындай шаршау қалыптан шығарып, өмірге дән риза, бойы қуатқа толы, не ойласа да оңынан бола кететін жан болуға жалын көмектеседі. Бұл үшін үй ішінде алау жағу керек демейміз. От не жалын түріндегі талисман немесе майшамдар да жарайды.


Таразы

Олар – шығармашылық адамдары. Алайда, жақсы идея ойлап табу үшін үлкен күш жұмсауына тура келеді. Егер үйінде желпуіш кәдесыйы немесе сүйікті музыкалық аспабы, тіпті болмағанда сүйікті музыкалық топтың постері болса, бұл біршама оңайлап, сәтті де табысты идеялар ағыны ашылар еді.


Сарышаян

Белгі иелері жұмыс үстеліне таға не ағаш жапырағының бейнесін қойып қоюына болады. Егер шын тағаны тапса немесе кепкен жапырақтардан жасалған қолөнер туындысын қойса, тіптен керемет. Көп ұзамай-ақ өмірінде тәртіп, табыс, жетістік және сәттілік ұғымдарының көбейе бастағанына көзі жетер еді.


Мерген

Олар үшін бастаған істі соңына жеткізу маңызды. Себебі, соңындағы мақтау-мадақтау, марапат – ең тәтті сәт. Сол сәттердің айқын дәлелі – кубоктар, медальдар, тым болмағанда мақтау қағаздары. Осы нәрселердің үйінде не жұмыс кабинетінде ілініп тұруы ерекше күш-қуат беріп, сәттілік магнитіне айналады.


Тауешкі

Олар қай тақырыпта болмасын біршама қырсық әрі бірбеткей. Қандай істі бастаса да, сәттілік ауадай қажет, онсыз жақсы нәтижеге жетуі екіталай. Ал, сәттілікті өзіне тарту үшін туған күніне сәйкес келетін табиғи тас көмектеседі. Тастың көлемі де, оның мүсін не әшекей түрінде болуы да маңызды емес. Бастысы, дәл Тауешкіге сәттілік әкелетін тылсым күші болса болғаны.


Суқұйғыш

Белгі иелері арасында қиындықтар мен кедергілерге ең көп тап болатын – Суқұйғыштар. Сондықтан, сәттілік тұмары ауадай қажет. Бұл ретте оларға аққу мүсіні көмектесе алады. Бұл құстың бейнесі белгі иелеріне жан тыныштығын сыйлап, босағасына бақ әкеледі, жолын сәтсіздіктерден тазартады.


Балықтар

Балықтарға жолы болғыштар қатарынан табьылу үшін ең керегі – жағымды эмоциялар. Сондықтан, сәттілік тұмары алуан түрлі болуы мүмкін. Оны тек белгі иесі өзі таңдацй алады. Бастысы – ол зат жағымды әсер, оң эмоция сыйлауға тиіс.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

КАРАНТИН кімге не ҮЙРЕТТІ? Белгі иелерін қалай ӨЗГЕРТТІ?