Жұлдызнама бойынша: карантин кезінде немен айналысқан дұрыс?

0
2 353

Әрі өзіңізді дамытасыз, әрі айналадағы жағымсыз жаңалықтардан ойыңыз бөлінеді.


Жұлдызнама бойынша: карантин кезінде немен айналысқан дұрыс?

Карантинде үйге қамалдым деп қамықпаңыз. Өзіңіз үшін пайдалы болатын іспен айналысыңыз. Әрі өзіңізді дамытасыз, әрі айналадағы жағымсыз жаңалықтардан ойыңыз бөлінеді. Немен айналысатыныңызды білмесеңіз, астрологтар кеңесіне құлақ түріңіз.


Тоқты

Белгі иелері қашанда белсенділікті, қозғалысты, әрекетті жақсы көреді. Сондықтан, оларға үйге сыю қиын. Бірақ, бұл мәселені физикалық белсенділік, қарқынды жаттығулар жасау арқылы шешуге болады. Ол үшін фитнес залға, жаттығу алаңына бару міндетті емес. Үйдің бір бұрышынан ыңғайлы орын және ұялы телефонға қосымшалар жүктеп алсаңыз болғаны.


Торпақ

Белгі иелерінің бойында көбіне аспаздық қабілет болады. Бірақ көбісі оны елең қыла бермейді. Әсіресе, ерлер. Осы мүмкіндікті пайдаланып, көп уақытыңызды асүйде өткізіп көріңіз. Жаңа дәмді пісіріп үйрену не үйреншікті асты түрлендіріп дайындаудан айрықша ләззат аласыз. Әрі аспаздық қабілетіңізді шыңдайсыз. Мүмкін, болашақта кәсібіңізге не қосымша табыс көзіне айналар.


Егіздер

Көпшіл, бәрімен тез тіл табыса алатын Егіздер – жаратылысынан әлеуметтік тұлға. Адамдармен қарым-қатынасқа түспеу сізге де қиын тиіп жатыр ма? Соңғы кездері жүйкеңіз жұқарып, ашушаң болдыңыз ба? Ендеше, байланысқа шығыңыз. Тікелей емес, видео арқылы. Әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып, пайдалы ақпараттармен бөлісіңіз.


Шаян

Белгі иелеріне астрологтар жақындарына қамқорлық жасауды, олардың көңілін аулауды кеңес етеді. Отбасы мүшелерін бірге үй шаруаларын жасауға, ойын ойнауға, жаңа білім игеруге жұмылдырыңыз. Осы арқылы өзіңіз де тыныштық тауып, жаныңыз жайланады. Бастысы, тоқтаусыз келіп жатқан жағымсыз жаңалықтардың кері энергетикасын бойға жұқтырмауға болады.


Арыстан

Лайым көңілді топта, шулы ортада назарға ілігіп жүргенді жаны қалайтын Арыстандар үшін де үйде қамалу қиын соғады. Бірақ, қамықпаңыз. Үй ішінен жөндеу, тазалау, реттеу секілді шаруалар іздеңіз. Көбіне үй бетін көрмегеннен ондай істердің жиналып қалғаны анық. Жаныңыз қалаған әуенді қосып қойып, үй шаруашылығын қолға алыңыз.


Бикеш

Жаңа ақпарат алғанды, ойлануды, талдау-саралауды жақсы көретін белгі иелері де карантинде айналысар іс таппай қалмауға тиіс. Кітап оқыңыз, мағыналы фильм қараңыз. Соңыра оны талқылап, саралауға, ой түюге уақыт жеткілікті. Отбасыңызды жұмылдыра білсеңіз тіптен жақсы.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Кімдер вирустық инфекцияны тез жұқтырады?


Таразы

Белгі иелері киноны өнер ретінде бағалай бермейді, сондықтан аса ұнатпайды да. Сіз де солай болсаңыз, басқаша амалдап көріңіз. Мәсәлен, ғаламтордан спектакль, мюзикл, пьеса қараңыз. Немесе, осы жанрдағы шығармаларды оқып көріңіз. Жанды дауыста өткен концерт видеоларын да табу қиын емес.


Сарышаян

Олар үшін ең жағымды да қызықты өткен уақыт – фильм не сериал қарап өткізген кездер. Өзгелер мағынасыз немесе жай ғана қатардағы кино деп таныған туындының өзінен Сарышаяндар терең мән тауып алады. Тәлім-тәрбие болатын тұстарын да қалт жібермейді. Сонысымен пайдалы болмақ.


Мерген

Уақытын текке өткізгенді ұнатпайтындардың бірі. Бұл кезді де бос шығындамай, пайдалы нәрсеге арнай алады. Әсіресе, жеке тұлғалық дамуға, қабілеттерін шыңдауға баса мән берген дұрыс. Кез келген онлайн курсқа жазылып, жаңа білім алыңыз. Болашақта міндетті түрде қажетіңізге жарайды.


Тауешкі

Жай күндері жұмыстан бас алмайтын Тауешкілерге тынығу расында керек-ақ. Сондықтан, карантинде немен айналыссам деп бас қатырмай, демалғаны дұрыс. Болмай бара жатса, үй шаруаларын қолға алыңыз.


Суқұйғыш

Күнделікті қарбаласты су сепкендей басқан осы уақытты ақыл-ойды ұшқырлап, қиялды дамытуға арнаңыз. Нәтижесінде керемет идеялар келеді. Өзіңізді тәртіпке, қағидаға көндігуге үйретіңіз. Кәсіби біліктілікті арттыру жолында ізденіңіз.


Балықтар

Жалғыздықты, тыныштықты жаны сүйетін белгі иелері үшін де қолайлы кез туды. Осы бір оңаша, оқшау өткізген күндерді үнсіздікпен, оймен өткізе аласыз. Осының өзі сіз үшін үлкен пайда. Оған медитация жасау, йогамен айналысу сияқты рухани практика қоссаңыз, тіптен жақсы.

Аударған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ