Жұлдызнама бойынша: Сізге қандай көлік лайық?

0
3 637

Киім секілді астыңыздағы көліктің де өзіңізге «шап-шақ» болғаны жақсы.


Жұлдызнама бойынша: Сізге қандай көлік лайық?

фото: static3.car.ru

Алыс-алыс жерлерге жүйткітіп бір-ақ сәтте жеткізетін жеке көлікті армандамайтын пенде жоқ шығар. Әркімнің-ақ көкейінде «Осы уақытта осындай көлік алсам» немесе «Мына мәшинемді анандай түріне ауыстырсам» деген тілек бар. Осы орайда астрологтар темір тұлпар жайлы армандағанда да, оны аларда да өзіңізге лайығын таңдауға кеңес береді.


Тоқты

Тоқтылар барлық жерде алда, бірінші болғанды қалайды. Соның ішінде жолда да. Жоғары жылдамдықпен жүру, шұғыл бұрылыстар арқылы адреналин алады. Оған қоса, аталған белгі иелері үшін темір тұлпардың стилі, безендірілуі, көрінісінің тартымды болуы да маңызды. Сол себепті олардың қалауы қуатты, жоғары жылдамдықты спорттық көліктерге түсіп жатады.

Жалпы алғанда, астрологтардың болжауынша, Тоқтыларға Ferrari, Subaru Alcyone, Porsche Cayman көліктерінің кез келген модельдері лайықты екен. Түске келер болсақ, қызылдың барлық реңктері және сары сәйкес келеді.


Торпақ

Бұл белгі иелері жоғары жылдамдық пен қауіп-қатерге бас тіккенді, тәуекелді ұнатпайды. Сондықтан, көлік таңдауда сапасы мен сенімділігіне баса мән бергені жөн. Ең дұрыс таңдау: үнемді, төзімді, көрнекті көліктер.

Мұндай талаптарға сәйкес келетін модельдер: Toyota Camry, Honda Jazz, Volvo S, Mitsubishi Lancer. Ал, үлкен отбасыға арналған үлгі қажет болса, RENAULT Lodgy или Ford C-Max сынды барлық қауіпсіздік шаралары қарастырылған минивэндер лайық. Түсінің жасыл, қоңыр, қара-көк реңкте болғаны жақсы.


Егіздер

Аталған белгі иелері жаңаның бәріне құмар, қолынан келсе, көлігін ай сайын ауыстыруға бар. Ең соңғы үлгідегі автокөліктер тізгініне көбіне бірінші болып Егіздер отырады деуге әбден болады. Көлікте еркіндік пен алдынан ескен желді сезінгенді жақсы көреді. Сол себепті олар үшін бәрінен де төбесі ашылып-жабылатын кабриолеттің бәсі жоғары. Ал, күнделікті өмірге ыңғайлы болуы үшін седан таңдауға тиіс болса, өз көлігін Mazda, Ford, Audi, Lexus немесе Bentley маркалары арасынан іздесін.

Түсі бойынша берілетін нұсқалар: көкшіл, ақшыл-сұр, ақ және күміс түстес көліктер.


Шаян

Қарапайым да салмақты Шаяндарға қимыл-қозғалысы жайлы, сенімді, уақыт тексерісінен өткен көліктер лайықты. Олар әрбір жаңадан шыққан жылтырақтың соңынан жүгіре бермейді, көңілі ретро-автомобильдерге қарай ауып тұрады. Әрине, бағалы да сапалы ретро-көлік мінуді екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан, астрологтар соларға ұқсас етіп құрастырылған заманауи көліктерге назар салуға кеңес береді.

Бұл қатарда Volkswagen Passat, Opel Meriva, Skoda Citigo, Fiat 500, Mitsuoka Viewt, Volkswagen MINI үлгілері бар. Түрлі түстер арасынан Шаян үшін ең лайықтысы – көктің барлық реңктері, күміс түстес көліктер.


Оқи отырыңыз:

Сізге БАҚЫТ әкелетін не екенін білесіз бе?

Арыстан

Олар үшін көліктің көрнекілігі бірінші орында. Сондай-ақ, Арыстанның темір тұлпарына тән болуға тиіс сипаттар: асқан қуаттылық, қарқындылық, сән-салтанатты салон мен сыртқы дизаинның сырбаздығы. Ол көше толы көліктен ерекшеленіп, бірден көзге түсуге тиісті.

Мұндай жағдайда ең ұтымды үлгілер Alfa Romeo, Jaguar, Bentley, Mercedes-Benz, Chevrolet Aveo, Audi А6 болмақ. Көлігінің түсі қызылкүрең, алтын түстес, сары немесе қоңыр болса, бұл Арыстанға оң әсерін тигізеді.


Бикеш

Қандай жағдайға да сыни көзқарас, сындарлы ойлаумен келетін Бикештер көлік таңдауға да өте жауапты қарайды. Олар үшін ең алдымен баға мен сапаның сәйкестігі маңызды. Белгі иелері ешқандай артық шығынды, ынсапсыздықты, орынсыз салтанатты жарата бермейді. Осы жақтарын терең зерттеп болған соң таңдауы эконом-класқа жататын төзімді, үнемді және жан-жақты функцияларды атқаратын үлгілерге түссе, құба-құп.

Өз көңілінен толықтай шығатын көлік – Nissan Qashqai, Kia Ria, Suzuki SX4 немесе Daewoo «отбасынан» болуы мүмкін. Жаңа көлігі ақ, ақшыл сары немесе сұр реңкте болса, өміріне жақсылық алып келеді.


Таразы

Әрдайым мінсіздікке ұмтылатын Таразылар үшін бірінші кезекте көліктің сыртқы көрінісі бағалы. Сондықтан назары үнемі ерекше, эксклюзивті үлгілерде. Өз көңілі ең қымбатын қалайды, бірақ, қалтасы көтермейтіндей жағдайда Renault Fluence, Peugeot 308, Citroen Cross Tourer модельдерінің бірін таңдауына болады. Таразының көлігіне лайық түс – сұр және кофе, лаванда түстес реңдер.


Сарышаян

Ауыр, қуатты, күре жолда кімнің мықты екенін көрсете алатын және түрлы сынақтарға төзімді көлік – бұл Сарышаянға тән көліктер. Мұндай жарты жолда қалдырмайтын сенімді серікті Cadillac Escalade, Range Rover, Toyota Land Cruiser үлгілері арасынан таба алады. Сондай-ақ, бір көргеннен ғашық қылатын әрі мәңгілік махаббатына айналатын – Hummer.

Көлік таңдау барысында түсінің қою қызыл, қара не күлгін болуына мән бергені жөн.


Мерген

Олар саяхаттағанды жақсы көреді, сондықтан, автокөлігінің ұзақ жолға шыдамды болғаны дұрыс. Салонының кең болғаны да маңызды. Бүкіл отбасын не достарын, қажет заттарының бәрін сыйғызу үшін трейлер не микроавтобус айдауға да кетәрі емес. Toyota Vanguard, Nissan Pathfinder, Renault Megane Wagon, Fiat Fiorino үлгілері Мергеннің барлық талаптарына сәйкес келеді.

Түсіне келер болсақ, белгі иесіне жарқын түстер: көк, жасыл, барқыт қызыл, ақшыл көк көліктер күн сайын айрықша көңіл-күй сыйлайды.


Тауешкі

Ескі көзқарастағы Тауешкілерге көрнекті, классикалық үлгідегі көліктер сай келеді. Ыңғайлылық, сенімділік, төзімділік сияқты талаптар қоятыны тағы бар. Ал, салонында артық ештеңенің болмағанын қалайды. Осының бәрін ескергенде, өз көлігін жапон не неміс өнімдері арасынан іздегені дұрыс болмақ.

Айталық, Honda Accord, BMW Гран Купе, Mitsubishi Galant сынды үлгілер. Олардың ішінде қара сұр, қою жасыл, қара не қою қоңыр түстерді таңдаған абзал.


Суқұйғыш

Еркіндікті ерекше сүйетін Суқұйғыштың шектеу салғанды суқаны сүймейді. Сондықтан, үнемі жоғары жылдамдықты көлікті қалайды. Олардың көлігі иесінің шығармашылыққа жақын екенін білдіріп, айналасын айрықша дизайнымен таң қалдырып тұруға тиіс. Байқасаңыз, сыртына сурет салынған көліктің иесі көбіне Суқұйғыш болып шығады.

Олаға ең лайық деген көлік түрлері: Morgan aero8, Saab Sport Sedan, Volvo Performance Concept.

Тиімді түстер: көгілдір ақық, көк-жасыл, көк және қоңыр-сары.


Балықтар

Балықтарға сүйір пішінді автомобильдер лайық. Көбіне байқамай арман-қиялға беріліп не ойға батып кететіндіктен, қуатты және жылдамдығы жоғары көлік руліне отырмағаны жөн. Ең дұрысы – басқаруға жеңіл, төзімді үлгілер.

Өз көлігін Mazda, Citroën, Peugeot, Buick, Subaru модельдері арасынан табуға тиіс. Ал, түсінің металл түстес, көк, ақшыл көк, су түстес болғаны жақсы.


Оқи отырыңыз:

Жұмыс арасында шаршау басып тұрған дұрыс

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

Дереккөз: strana-sovetov.com