​Жұлдызнама: Маңызды жоспарларды жүзеге асырудың сәті түсіп тұр​

0
2 021

Қаржылық жұлдызнама финансты алдын-ала жоспарлауға көмектеседі. Сол арқылы ай бойы қаражаттан қиналмай жүруге болады.


​Жұлдызнама: Маңызды жоспарларды жүзеге асырудың сәті түсіп тұр​

Тоқты

Бұл белгі иелері үшін мамыр қаржылық тұрғыдан алғанда бірқалыпты уақыт. «Қайтсем қазіргіден де көп табамын, табысымды қалай арттырамын немесе қаражатымды қалай жұмсасам орынды болады?» деген сынды сұрақтарға бас қатырмаңыз. Кіріс көлемін арттыруға деген шектен тыс құлшыныс жағымсыз жайлардың, келіспеушіліктердің орын алуына соқтыруы мүмкін. Қорымды көбейтем деп жүріп, қолыңыздағы барды жоғалтып алуыңыз да ықтимал. Сондықтан, бұрынғы жұмысыңызды атқарып, тіршілігіңізді жасай беріңіз. Келген ақшаны «бұйырғаны» деп қабылдаңыз, кеткен ақшаға «садақа» немесе «қажеттілігіме жұмсалды, солай болғаны дұрыс» деп қараңыз.


Торпақ

Осы айда қаржыға қатысты қандай жоспарларыңыз болса да, олардың ойдағыдай орындалатынына сенімді болыңыз. Шешімдерді жеңіл қабылдаңыз, сонда олардың жүзеге асуы да таң қалдырарлықтай жеңіл болмақ. Жұлдызшылар осы айда артығырақ жұмыс жасап, көбірек жоспарларды қолға алуға кеңес береді. Осылайша қомақты қаржыны қамтып қалуға, финанстық тұрақтылық пен молшылықтың іргетасын қалауға үлкен мүмкіндік туып тұр.


Егіздер

Сіз үшін қаражатқа қатысты түрлі оқиғалар мен жағдайлар үздіксіз орын алатын қарбалас ай басталды. Финанстық қиындықтарға ұшыраудан сақтану үшін жоспарсыз, маңызы аздау сатып алулардан аулақ болған жөн. Осы айда қаржылық сауаттылығыңызды танытсаңыз, ай соңына қарай финанстық тұрақтылық орнайды.


Шаян

Бұл айда өміріңізде біршама оң өзгерістер орын алады. Олардың кейбіреулері финансқа қатысты болмақ. Ақшаға қатысты армандарыңыз жүзеге асады. Ойда жүрген маңызды жоспарларды жүзеге асырып, өмірдің тәтті дәмін татудың сәті түсіп тұр.


Арыстан

Мамыр айы сізге біршама тосын сыйларын ұсынбақ. Күтпеген сыйлар мен өзгерістердің көпшілігі қаржыға қатысты орын алады. Өзіңізге ешқандай тыйым салмай, қаражатты қалауыңызша жұмсап, армандарыңызды оңды-солды орындайтын күнді көптен күтіп жүрсіз. Ол күндер осы айда келеді.


Бикеш

Бұл айда қаржылық жағдайыңызда айтарлықтай өзгерістер мен қосымша табыс болмайды. Сондықтан, тәуекелді қажет ететін, көңілде күмән туғызатын, өзін ақтамауы мүмкін деген жобаларды қолға алмай-ақ қойған дұрыс. Тұрақты да сенімді табыс түсіріп тұрған үйреншікті шаруамен ғана айналысыңыз. Қандай қиын жағдайға түссеңіз де, шыдауға тырысыңыз, ешкімнен қарыз алмаңыз. Мұндай әрекетпен финанстық жағдайыңызды одан әрі тұралатып алуыңыз ықтимал.


Таразы

Ойға алған барлық жоспарларыңызды, межелеген мақсаттарды, армандарды жүзеге асыратын кез келді. Олардың орындалуы үшін біршама салым салып, қомақты қаржыны қиюға тура келеді. Қорыңыздан бөлуге еш қиналмаңыз. Себебі, мамырда жұмсаған қаражатыңыз өзін-өзі түгелімен ақтап, түбінде қорыңызды арттыратын болады.


Сарышаян

Мамырда қаржылық жағдайыңыз бұрынғыдан да жақсарады, тек... жалқаулық танытпай, тынымсыз еңбектенсеңіз ғана. Белгі аясындағы кей жандарға қаржылық сауаттылығын арттырып, финанстық тұрақтылыққа қол жеткізуге ұмтылған абзал. Кешіктірмей, осы мамыр айында кірісіңіз.


Мерген

Мамыр айында шығындарыңызды бақылау, азайту аздап қиын болғалы тұр. Әсіресе, ай соңына қарай. Бас тартуға болмайтын қажеттіліктер мен көз қызықтыратын заттар қатары артып, сатып алмасқа қоймайды. Әсіресе, ай соңына қарай көбейгелі тұр. Дұрыс таңдау жасап, ақшаңызды орнымен жұмсау өте маңызды. Сонымен қатар, үнемдеу мен қосымша табыс жолдарын қарастыру арқылы қаржы қорыңызды арттыруға бүгіннен бастап әрекет жасаңыз.


Тауешкі

Бұл айда қаражат жағынан аздап қиналасыз. Алайда, ақшаның жетімсіздігі салдарынан өмірден түңіліп, бәрінен көңілді қалдырудың қажеті жоқ. Шыдамдылық пен сабырлылық, қаржылық сауаттылық серігіңіз болсын. Финанстық мәселелерді шешу, жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін біршама шығындалуға тура келеді. Жұлдызшылар бұл жағынан сараңдық танытпауға кеңес береді.


Суқұйғыш

Мамыр айы қаржылық тұрақсыздығымен есте қалады. Финанстық жағдайыңыздың құбылмалы болғаны сонша, бүгін өзіңізді бай-бақуатты сезініп, ақшаны оңды-солды жұмсауға мүмкіндігіңіз болса, ертеңіне-ақ әмиян түбіндегі сақырлаған тиындарды санап қалуыңыз мүмкін. Байлық пен кедейліктің арасы бір-ақ қадам, бірінен екіншісіне өту әп сәтте екеніне көзіңіз жетеді.


Балықтар

Жұлдызшылар Балықтар үшін қаржылық жағынан сәтті де берекелі кезеңнің келіп жеткенін айтады. Онымен қоймай, бұл кезең бір ғана емес, бірнеше айға созылатын көрінеді. Сондықтан, алдағы бірнеше айда түскен қосымша табыстардың көмегімен көптен көксеп жүрген армандарыңызды жүзеге асыруға, жаңа кәсіп ашып, оны жолға қоюға үлкен мүмкіндігіңіз бар, құр жібермеңіз.

Аударған: А.Мейірханқызы

ERNUR.KZ