Жұлдызнама: Өз белгіңізге қарап "карьера" жасауға болады

0
2 551


Жұлдызнама: Өз белгіңізге қарап

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тоқты

Астрологтар бұл жұлдызнама белгісі мансап үшін өте жақсы екенін айтады. Себебі, Тоқтылар амбицияға ие адамдардың қатарында. Шын мәнінде, олар кез келген жағдайда көшбасшы бола алады және шешімді тез әрі дұрыс қабылдауға қабілетті. Олар дербестігі және білімділігінің арқасында өмірде көп нәрсеге қол жеткізе алады.


Торпақ

Барлық Торпақтардың мақсаты айқын болады және олар түрлі уақыт аралығында өз мақсатына жетеді. Жұмыс орнында да басшылық тарапынан оң бағаға ие болады. Өйткені, олар қойылған міндеттерді орындай алады және табандылығының арқасында істі аяғына дейін жеткізеді. Сонымен қатар, Торпақтар кез келген адамның сеніміне оңай ие болады.


Егіздер

Егіздер бүкіл өмірін бір мансапқа арнай алмайды, себебі олардың энергиясы әр бағытқа жетерліктей мол болады. Олар өзінің қызмет саласын үнемі өзгертіп отыруы керек. Сондай-ақ, Егіздер адамдармен қарым-қатынас жасай білуінің арқасында көптеген істерде табысқа жете алады. Мысалы, саясатта немесе кино, өнер салаларында.


Шаян

Өкінішке орай, көптеген Шаяндар мансапқа қызықпайды, себебі оларда амбиция бола бермейді. Дегенмен, олар тиімді тактикалармен, еңбекқорлығымен табысқа жете алады. Шаяндарға әдебиет немесе дизайн саласы табысты болуы мүмкін.


Арыстан

Бұл белгі өкілдерінде туғаннан-ақ адамдарды басқара алатын дарын болады. Олар дұрыс шешім қабылдап, басқа адамдардың іс-әрекеттері үшін үлкен жауапкершілікті мойнына ала алады. Сонымен қатар, Арыстандар кез келген қалыпты жағдайдан пайда табуға қабілетті.


Бикеш

Бикештер – өте еңбекқор адамдар. Сондықтан, оларды басшылық жоғары бағалайды. Бикештер қағаз ісіне байланысты кәсіптерде үлкен табыстарға жете алады.


Таразы

Таразы өкілдері әрбір ісін ұзақ ойлайды және қателесу ықтималдығы өте аз. Олар өз тағдырына оң әсер тигізетін жоғары белсенділікке ие. Сондай-ақ, ешқашан қате шешім қабылдамайды. Таразылар саясат, заң саласында үлкен биіктерге жете алады.


Сарышаян

Сарышаяндар – әрқашан жеңімпаз атанады және түрлі әдістерді қолдана отырып, өз мақсаттарына қол жеткізеді. Мұның бәрі өздеріне деген сенімділіктің арқасында. Бұл белгінің өкілдері ешқашан басқа адамдарға жол бермейді, өз күшіне ғана сенеді.


Мерген

Ал, Мергендер кез келген мәселеге жеңіл қарайды және оларды өте табысты шешеді. Бұл – олардың басты ерекшелігі, соның арқасында кез-келген салада көптеген жетістіктерге жете алады. Сондай-ақ, Мергендер айналадағы адамдармен оңай байланысатындықтан, қарым-қатынасты қажет ететін мамандықтарды таңдайды.


Тауешкі

Бұл – мансаптың шыңына жете алатын ең үздік жұлдызнама белгісі. Себебі, Тауешкілер – барлық қасиеттерге ие адамдар. Мысалы, адалдық, іскерлік, тапқырлық және т.б. Олар өз жолындағы барлық кедергілерді еңсере отырып, қойылған мақсатқа жете алады.


Суқұйғыш

Суқұйғыштар – туабітті «генийлер». Адамдарды өзіне оңай тартады және көптеген айла-тәсілдерді қолдана алады. Сонымен қатар, олар өте ақылды, алға қойған мақсатына жетуге қабілетті.


Балықтар

Егер, Балықтар өз мәселелерін шешуді, кез келген жағдайға қарсы тұруды үйренсе, өмірінде көп нәрсеге жете алады. Олар үшін ең бастысы – ақша емес, бақыт!


Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ