Ерекше балалар жарыс алаңына шықты

0
6

Іс-шараға Шымкент қаласынан 6 команда, жалпы 18 қатысушы аттанған. Жалпы Қазақстанның барлық өңірінен келген 500-ге жуық бала қатысуда.


Ерекше балалар жарыс алаңына шықты

Бүгін Астана қаласында «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партия мен Қазақстан оқу-ағарту министрілігінің «Ұлттық ғылыми - практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастырумен «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі басталды.

Іс-шара аясында қатысушылар бочча, жеңіл атлетика және эстафета бойынша екі күн бойы сайысқа түседі. Бұл фестивальдің басты мақсаты – ерекше балаларды қоғам өміріне бейімдеу, олардың спорт арқылы әлеуетін ашу және инклюзивті орта құруға ықпал ету. Іс-шараға Шымкент қаласынан 6 команда, жалпы 18 қатысушы аттанған. Жалпы Қазақстанның барлық өңірінен келген 500-ге жуық бала қатысуда.
Жиынды ашқан «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің айтуынша, бұл фестиваль қайырымдылық пен бауырмалдық тоғысқан бірегей алаңға айналып отыр.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инклюзивті спортқа ерекше мән беріп келеді. Президенттің тікелей тапсырмасымен осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биыл екінші мәрте өтіп жатқан «Тең мүмкіндіктер» фестивалі – соның айқын дәлелі. Іріктеу кезеңіне 2000-нан астам үміткер қатысып, үздіктер анықталды. Қатысушылардың барлығы болашақта үлкен жетістікке жетіп, халықаралық аренада беделді спорттық марапаттарға ие болады деп сенемін. Бұл – баршамыздың ортақ мерекеміз», – деді ол.
Сондай-ақ іс-шараға партияның Әйелдер қанатының төрайымы Шолпан Каринова, Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Әбдиев пен Наталья Дементьева, Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Арман Ташметов, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, сондай-ақ қоғамдық ұйым өкілдері, спорт қайраткерлері, ұстаздар және ата-аналар қатысты.
Өз кезегінде партияның Әйелдер қанатының төрайымы Шолпан Каринова ерекше қажеттілігі бар балалардың жігерін жанитын, рухын көтеретін осындай игі іс-шаралар ұйымдастыру аса маңызды екенін атап өтті.
Бөлісу