​«Асқазанның жартысын кесті»: Құрманай Бақтиярқызы ауыр дертпен арпалысқанын айтты

0
2 249

«Димашпен «мировой» концертте жүрдім»


​«Асқазанның жартысын кесті»: Құрманай Бақтиярқызы ауыр дертпен арпалысқанын айтты

Ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызы «Инстаграм» парақшасына өзінің қазіргі жағдайы жайлы жазып, тілектес болған тыңдармандарына алғысын айтты.


Ол осыдан біраз уақыт бұрын денсаулығы сыр беріп, аурухананың жан сақтау бөліміне түсіп қалған еді.


«Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп, жақсы өткен. Асқазанның ауырып жүргеніне екі жыл болды. Барлық анализдерім жақсы шығып, отадан соң тұрып, үйге қайтқанмын. «Ішек «спайка» болған, тілу керек, әйтпесе болмайды» деді.


Ары қарайғысын білмеймін. Комаға түсіп, өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен «мировой» концертте жүрдім. Иә, анық көрінеді. Жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқанымды көрген достарым бәріне дайын тұрды. Алланың қалауы ғой, «100 пайыздан пайыздан бір-ақ пайыз үміт бар, бәріне дайын болыңыздар» деген екен...


Бұл тақырыпты осымен жабамын. Жаман күндер артта қалды. Бір дертке шипа іздегенімде алла ауыр, көтере алатын сынақ беріп, он дертімнен айықтырды. Ішекті жуғызды, асқазанның жартысын да, артығын да кесті. Қан да тазарды. Ұйқы бездер орнына келді. Қан қысымы мүлдем жоғалды. Әр қиындықтың артында қайырлы үлкен жеңілдігі мен қуанышы бар деп тегін айтпаған екен. Өзіме емес, көзіме, құнды сөзіме мән бер, халқым! Мен сіздермен сондай бақыттымын», - деп жазды Құрманай Бақтиярқызы.


Ақынның жазбасына желі қолданушылары да ақ тілегін жаудырды. «Алла шипасын берсін, қиын күндер енді артта қалсын», «Екінші өмірің басталған екен, бала-шағаңның қызығын көр», «Дәрігерлерге сенім жоқ, отаны дұрыс жасамаған боп тұр ғой», «Түсіңізде Димашты көргеніңіз – екінші тынысыңыздың ашылғаны! Енді Димашқа арнап өлең жазыңыз!», «Аман болыңыз, ұзақ өмір тілеймін» деп жазды көпшілік.