Алматы көшелеріне Ермек Серкебаев пен Ескендір Хасанғалиевтің есімі беріледі

0
202

Сонымен қатар қалада енді Толоконников пен Померанцев көшелері болады.


Алматы көшелеріне Ермек Серкебаев пен Ескендір Хасанғалиевтің есімі беріледі

ERNUR.KZ. Алматыда бірнеше көшенің атауы ауысады, деп жазады sputnik.kz.

Мәслихаттың мәліметінше, тұрғындардан қала көшелеріне Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтың есімін беру туралы өтініштер келіп түскен.
Қалалық мәслихат шешімінің жобасы бойынша:
Бостандық ауданы Ю.Гагарин даңғылының К.Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне Ермек Серкебаев;
Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников;
Түрксіб ауданының "Жас Қанат" шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге Ескендір Хасанғалиевтің есімін
Бостандық ауданындағы атауы жоқ көшеге Юрий Померанцевтің есімін беру жоспарланған.
Шешім жобасы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.