Алматыда ер адам әйелді 12 рет ұрып, баспалдақтан құлатып жіберген (ВИДЕО)

0
275

Ер адам әйелді 55 секундта 12 рет ұрған.


Алматыда ер адам әйелді 12 рет ұрып, баспалдақтан құлатып жіберген (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Алматыдағы көпқабатты тұрғын үйлердің лифтісінің жанында ер адамның әйелді аямай сабағаны қауіпсіздік камерасына түсіп қалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бейнежазбаны «НеМолчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі телеграм арнасына жүктеді.

Видеодан көрінгендей, ер кісі әйелді ұрып, баспалдақтан төмен қарай теуіп құлатып жібереді. Артынан өзі асықпай лифтіге кіреді. Ал оның бәрін лифтінің жанында тұрған екі жігіт көріп тұрады. Олардың бірі басбұзарды тоқтатуға тырысқан әрекет жасап көрсе, екіншісі таяқ жеп жатқан әйелге міз бақпай қарап тұрған.

Дина Таңсәрінің жазуынша, бейнежазбадағы әйел соққыға алып жатқан ер адамнан ажырасып кеткен, бірақ бұрынғы күйеуі оның ізіне түсіп, ұрып жүр.

«Видеода екеуі де ер кісіні тоқтатуға тырыспайды. Аяқ-қолдарын кісендеп қойғандай қарап тұр. Бірі тіпті білегін айқастырып алған. Олар қорыққаннан араласпай тұр деп айтушы болмаңыз. Жоқ, олар қорқып тұрған жоқ. Олар мұндай зорлықты үнемі көрген, олардың еті үйреніп кеткен. Есі дұрыс адам мұндайды көргенде есінен тана жаздайды. Бірақ бізде емес. Ол әйелді картоп салған қап сияқты ұрғылады. Содан кейін түк болмағандай бәрі лифтке кіріп кетті. Ал әйелдің жай-күйі не болды? Тірі ме? Көмек керек шығар, бірақ оған ешкімнің оған басы ауырмайды»,- деп жазды белсенді.

Дина Таңсәрі Алматы полициясынан болған оқиғаға шара қолдануды талап етті.