ҚазАвтоЖол: Гуманитарлық жүктер ақылы жолдармен тегін тасымалданады

0
446

Ол үшін 1403 байланыс орталығына өтінім қалдыруы қажет.


ҚазАвтоЖол: Гуманитарлық жүктер ақылы жолдармен тегін тасымалданады

иллюстрациялық фото

Ақылы жолдар гуманитарлық жүктерге тегін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктеріне 2024 жылдың 24 сәуірінен 5 мамыр аралығында ақылы жолдарда жол жүру тегін болатынын хабарлайды, – делінген хабарламада.

Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берген кезде көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.