Қонаев қаласында граната жарылып, екі полицей жарақат алды

0
229

Олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды.


Қонаев қаласында граната жарылып, екі полицей жарақат алды

ERNUR.KZ. Қонаев қаласында оқу-жаттығу кезінде граната жарылған. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алды, деп жазады stan.kz.

БАҚ беттерінде оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің бірі граната лақтырып, соның салдарынан екі полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат тарады. Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеме жасады.

"Оқу полигонында жаттығу сабақтары кезінде жарық-шу гранатасы пайдаланылып, облыстық департаменттің екі қызметкері дене жарақатын алғанын хабарлаймыз. Нәтижесінде олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды”, – деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаментінен.