Павлодар облысындағы ХҚО сайты бұзылғаны туралы ақпарат тарады

0
1 409

Баспасөз қызметі осыған байланысты арнайы хабарлама таратты.


Павлодар облысындағы ХҚО сайты бұзылғаны туралы ақпарат тарады

ERNUR.KZ. Павлодар облысында ХҚО сайты бұзылғаны туралы ақпарат тарады. Хабарлама eGov mobile-да тіркелмеген пайдаланушыларға түскен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Кеше-бүгін бірқатар БАҚ-та ХҚКО сайтының бұзылуы туралы жаңалықтар жарияланды. Хабарламада «1414-тен SMS келіп түссе, сілтемені ашпаңыз, өйткені сайтты алаяқтар бұзып, адамдардың атынан несие алуда» делінген.

Дегенмен, баспасөз қызметінде облыста ХҚКО сатының бұзылғаны туралы ақпарат шыңдыққа сай келмейтінін хабарлайды. Сонымен қатар, ХҚКО-ның бірыңғай сайты жоқ екенін мәлім етті.

«1414-тен жіберілген хабарламалар жалған емес. Бұл хабарлама eGov mobile - да тіркелмеген пайдаланушыларға түсті. EGov Mobile мобильді қосымшасы сауалнамалардан өту үшін, сондай-ақ жаңалықтар туралы хабарлау үшін әртүрлі өмірлік жағдайларда жеке SMS және push-хабарламалар жібереді», – деді баспасөз қызметінде.

Айта кетерлігі, халыққа қызмет көрсету орталықтары жергілікті жерлерде қызмет көрсетеді. Электрондық үкімет порталы немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерге онлайн тапсырыс беруге болады.