Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градус үсік жүреді - Қазгидромет

0
697

Солтүстікте, шығыста, орталықта қатты жаңбыр, қар жауады.


Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градус үсік жүреді - Қазгидромет

ERNUR.KZ. Еліміздің басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронталды бөліктер әсер етіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, деп жазады kaz.inform.kz.

Ал, солтүстікте, шығыста, орталықта қатты жаңбыр, қар жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауса, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста дауыл тіркелуі мүмкін.

«Оңтүстік-батыста, оңтүстікте, батыста шаңды дауыл, солтүстікте тұман болады. Алдағы түндері Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градус үсік күтіледі», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар кейбір өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 1-2 мамырда Жетісу, Жамбыл облыстарында, 1-3 мамырда Алматы облысында қатты жауын-шашын жауады деген ықтималдық болғандықтан тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар су жайылуы мүмкін.