Жаңа үйлерді салуға 8 мыңнан астам жер учаскесі дайын

0
275

Елімзде қарғын су басқан 10 өңірдің басым бөлігінде қираған үйлердің орнына жаңасы салынып жатыр.


Жаңа үйлерді салуға 8 мыңнан астам жер учаскесі дайын

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында 11 мердігер компания Қобда ауданында 89 үйдің құрылысын бастады. Батыс Қазақстанда облысында - 203, Қарағандыда -1, Павлодарда - 5, Солтүстік Қазақстан облысында -100 үй салынуда. Ал Қостанай облысында зардап шеккендерге 31 пәтер берілді, деп жазады zakon.kz.

Қалған өңірлерде арнайы комиссия бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен Атырау облысы, Құлсары ауданында қазір мыңнан астам үйге бағалау жүргізілді. Бұл жұмыстар аяқталған соң, жер учаскелері бөлініп құрылыс басталады. Жер учаскесі беріліп, үйлер салынғанша әрбір нысан ерекше бақылауда болады.

Қазір әкімдіктер үйдің құрылысына деп 8 мыңнан астам жер учаскесін дайындап қойды. Ақмолада - 335, Атырау облысында - 3465, Ақтөбеде - 409, Қостанай облысында - 2189, Батыс Қазақстанда - 188, Солтүстік Қазақстан - 1500, Қарағанды облысында - 6, ал Павлодар облысында - 5 жер учаскесі қарастырылған.

Жалпы тасқын салдарынан ел бойынша 12 мыңдай тұрғын үйді су басқан. Президент қираған үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге 5 ай мерзім бергені белгілі. Десе де, кейбір әкімдіктер бұл жұмысты ертерек, яғни 1-қыркүйекке дейін аяқтаймыз деп мәлімдеді. Қазір бұл мәселе мемлекет басшысының қатаң бақылауында.