Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына шымкенттік 11 спортшы жолдама алды

0
193

Шымкенттік спортшылар спорттың бірнеше түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 254 алтын, 195 күміс, 249 қола медаль еншілеген.


Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына шымкенттік 11 спортшы жолдама алды

ERNUR.KZ. 2024 жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында (Франция) өтетін жазғы Олимпиада ойындарына шымкенттік 11 спортшымыз жолдама жеңіп алды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының Спорт және дене шынықтыру басқармасының 2024 жылғы 1 тоқсандағы жұмысы туралы» баспасөз конференциясында Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы мәлімдеді.

Атап айтқанда, нысана көздеуден Никита Чирюкин, бокстан Сабырхан Махмуд, таеквондодан Абабакиров Самирхон, семсерлесуден Алимжанов Эльмир мен Сертай Ерлік, стенд атудан Мария Дмитриенко, байдарка және каноэ есуден Сергей Емельянов, Руфина Искакова, Сергей Токарницкий, грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов, көркем гимнастикадан Эльжана Таниева бақ сынайтын болады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта грек-рим күресі, стенд ату және нысана көздеу спорт түрлерінен Олимпиада ойындарына 3 жолдама жеңіп алу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта, Олимпиада Ойындарына үміткер спортшылар тізімдері жасақталып, Олимпиадаға дейінгі қатысатын рейтингтік және лицензиялық жарыстары бекітіліп, спортшыларымыз қызу дайындық үстінде.

Сондай-ақ басқарма басшысы жоғары спорттық жетістіктер бойынша 2024 жылдың 4 айдағы жеткен нәтижелер туралы да кеңінен баяндап берді. Қала спортшылары спорттың бірнеше түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 254 алтын, 195 күміс, 249 қола медаль еншілеген. Бүгінде қоржында жалпы саны 698 медаль бар.
Мәселен, Азия чемпионаттарында жалпы саны 27 медалға қол жеткізілді. Оның 10 алтын, 9 күміс және 8 қола медаль еншілесе, ал әлем чемпионаттары мен кубоктарында 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медальға ие болып, жалпы саны 9 медальді қанжығасына байлаған.

2024 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша 1 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 79 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалған.