ШЫМКЕНТ: Әскердегі спортшылар жастарды шабыттандыруда

0
306

Боксшылар өздерінің жетістіктерімен бөлісті, спорттық мансабындағы қиындықтары мен қуаныштары туралы әңгімеледі


ШЫМКЕНТ: Әскердегі спортшылар жастарды шабыттандыруда

ERNUR.KZ. ҚР ҚМ Спорт комитеті - Орталық спорт клубының Шымкент қаласындағы Спорт кешені үйірмелерінің тәрбиеленушілері мен 35748 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбаздары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының атақты боксшыларымен кездесті.

Кездесуге бокстан еліміздің бірнеше дүркін Спартакиада чемпионы, әскерлер арасындағы Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал Құттыбеков пен Алматы қаласындағы орталық спорт клубының аға жаттықтырушысы, бокс командасының бастығы аға лейтенант Әлішер Омаркулов қатысты. Арнайы шақырылған қонақ болып бокстан Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Әлем чемпионы және 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола жүлдегері ҚР ҚМ Спорт комитеті - Орталық спорт клубының әскери қызметшісі ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Сәкен Бибосынов келді.
Әңгімелесу барысында Армия боксшылары өздерінің жетістіктерімен бөлісті, спорттық мансабындағы қиындықтары мен қуаныштары туралы әңгімеледі, сонымен қатар аға буын спортшылары бокс үйірмесінің мүшелеріне жаттығулардың жаңа әдістері туралы айтып, кейбіреулерін көрнекі түрде көрсетті.
Спорттық үйірме тәрбиеленушілері мен сарбаздар тәжірибелі мамандардан құнды кеңестер алып, жаттығулар мен жекпе-жектерге құлшыныспен қатысты.
Жылы және бауырлас атмосферада өткен іс-шарада барлығы жағымды эмоциялар, керемет көңіл-күй және бір-бірін жаңа жетістіктерге итермелейтін шабыт алды.
Қорытындылай келе, АОСК спортшылары кішкентай спортшылар мен сарбаздарға көбірек спортпен шұғылдануды, денсаулығын нығайтуды және ел үшін сенімді тірек болуды тіледі.


Бөлісу