ШЫМКЕНТ: “Жасыл аймақ” апталығы Алатауда жалғасты

0
316

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады.


ШЫМКЕНТ: “Жасыл аймақ” апталығы Алатауда жалғасты

ERNUR.KZ. Шымкентте Еңбекші ауданы да “Таза Қазақстан” акциясында белсенділік танытуда.

Бүгін аудан тұрғындары, әкімдік қызметкерлері және Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы аудан аумағында орналасқан Алатау саябағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға 200-дей адам, 4 техника жұмылдырылған.
- Қаламыздың тазалығына үлесімізді қосайық деп келдік. Бұл науқан жәй ғана тазалыққа шақыру ғана емес, ынтымақ-бірлікке, ұжымдық еңбекке баулу деп түсінеміз. Қаламызды таза ұстау қала тұрғыны ретінде баршамыздың міндетіміз, - дейді Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының актрисасы Әсел Ілияс.
Қалаға сүйіспеншілік қаланың тазалығына атсалысудан басталады. Айта кетейік, бұрын қоқыс үйіліп жататын орыннан халыққа жайлы, көк желекті саябақ ашылғанына маңайдағы халық дән риза.

Еске салсақ, Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлестерін қосуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелген еді.

Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар.

Президенттің тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің іс-шара жоспары бекітілген.
Экологиялық акцияның алғашқы «Таза өлке» апталығында қала тұрғындары ерекше қолдау білдіріп, қоғам белсенділері, ерікті жастар, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысқан.

Акция аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Сонымен бірге, 282 шақырым көше бойы, 85 шақырым аяқ жолдары, 59 мың дана ағаштарды әктеу және қырқу жұмыстары жүргізілген.

Бөлісу