«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Сайрамдықтар қарттардың үйлеріне тазалық жұмыстарын жүргізді

0
307

Қираған қоршауларын қалпына келтірді. Бұдан бөлек, талдарды бұтап, аулаларын артық қоқыстар мен арам шөптерден арылтты. Бөлмелерін жинап, әктеп берді.


«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: Сайрамдықтар қарттардың үйлеріне тазалық жұмыстарын жүргізді

Сайрамдық қызметкерлер қарттардың тұрғын үйлеріне тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республика көлемінде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында мемлекеттік және әлеуметтік қызметкерлер Сайрам ауданындағы мүмкіндігі шектеулі және көмекке мұқтаж қарттардың ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталмыш шара шеңберінде тұрғын үйлер ауласындағы бау-бақшаларындағы қураған ағаш бұтақтарын қырықты. Қираған қоршауларын қалпына келтірді. Бұдан бөлек, талдарды бұтап, аулаларын артық қоқыстар мен арам шөптерден арылтты. Бөлмелерін жинап, әктеп берді.


Жүргізілген тазалық жұмыстарына жүректері жылып, көңілі толған қариялар қызметкерлерге алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.


Жалпы Сайрам ауданында акция шеңберінде көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты түрде жалғасып жатыр. Науқан аясында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың қатысуымен Көлкент-Қарабұлақ тас жолының бойына 100 түп қара ағаш көшеттері егілді. Ағаштардың түптерін әктеу, жол жиектеріндегі шөп-шаламдарды ору секілді санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.