ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте 43 батыр анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

0
143

Жалпы 43 ана марапатқа ие болды.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте 43 батыр анаға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

Бәйдібек ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік награда табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында көпбалалы отбасы саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. 15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай, Бәйдібек ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік награда табысталды.


Аудан әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев алтын құрсақты аналарды қабылдап, ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталған ауданның көпбалалы аналарына «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарын табыстады. Аудан тұрғындары арасынан 12 ана «Алтын алқа» төсбелгісімен, 31 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды. Жалпы 43 ана марапатқа ие болды.


Айта кетейік, Бәйдібек ауданында 550-ге жуық «Алтын алқа» иегері және 1300-ден аса «Күміс алқа» иеленген аналар тұрады. Сонымен қатар 145 «Батыр ана» мен 200-ге жуық І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар бар. 18 жасқа дейінгі 4 және оданда көпбаласы бар аналар саны – 2958.