"Жындарды шақыратын шын қарғыс бар": Америкалық мектепте Гарри Поттер жайлы кітапқа тыйым салынды

0
2 291

Дін өкілдерінің пікірінше, кітаптағы қарғыстар ойдан шығарылмаған екен.


ERNUR.KZ. Теннесси штатындағы (АҚШ) Әулие Эдвард бастауыш мектебінде оқушыларға кітапханадан Гарри Поттер жайлы кітапты алуға тыйым салынды, деп жазады РИА Новости.

Мектеп басшылығы мен дін өкілі Дэн Рихилдің пікірінше, ағылшын жазушысы Джоан Роулингтің романында кездесетін қарғыс пен дуалар шын мәнінде жындарды шақырады екен.

"Бұл кітапта сиқырмен жақсылық та, жамандық та жасауға болады деп жазылған. Бірақ, бұл - өтірік. Кітаптағы қарғыс пен дуалар шын. Оларды айту арқылы балалар жындарды шақыруы мүмкін", - дейді дін өкілі.

Рихилдің бұл пікірін АҚШ және Италиядағы өзге де дін өкілдері қолдаған. Олар да мұндай әдебиетті мектеп кітапханасынан алып тастауды жөн санайды.

Сәуір айында Гаданьск қаласындағы (Польша) дін қызметкерлері Гарри Поттер жайлы, "Сумерки" және "Көне дәуір медицинасы мен сиқырының құпиясы" кітаптарын өртеген болатын. Осы оқиғаның басы-қасында жүрген дін қызметкері Ян Кухарскийдің пікірінше Роулинг кітабы Құдайдың сөздеріне қарсы келеді екен.