​ҚАРБЫЗДЫҢ емдік ҚАСИЕТІН білесіз бе?

0
14 773

Күніне қанша қарбыз жеу керектігін білесіз бе?


​ҚАРБЫЗДЫҢ емдік ҚАСИЕТІН білесіз бе?

фото: badfon.ru

Шілде-тамыз айлары қарбыздың таза пісіп жетілген уақыты. Жаз мезгілінде ыстық тағамның орнын әрі тамақ әрі сусын болатын осы қарбыз басатыны анық. Қарбыз жеңіл, тойымды әрі дәмді ас десек те болады. Сонымен қатар, пайдалы әрі емдік қасиеті де бар.


ҚАРБЫЗ:

  • ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартады;
  • ағздағы улы заттар мен шлакты шығарады;
  • қантүзілімді реттейді;
  • қант диабеті мен жүрек ауруына шалдыққандарға ем болады;
  • зат алмасуды жақсартып, теріні жаңартады;
  • бүйрек пен бауырдың жұмысын жеңілдетеді;
  • қан қысымын қалпына келтіреді.

Бұл ауруларды емдеу үшін қарбызды қалай қолданатынымыз жайлы төменде толығырақ жазылған.

фото: ok.ru

1. Өт қабын емдеу үшін 5 ас қасық ұсақталған қарбыздың қабығын 1 литр суға салып, отқа қоясыз. 25-30 минуттай баяу отта қайнатыңыз. Белгіленген уақыттан соң оттын сөндіріп, тұндырып қойыңыз. Шамамен 35-40 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 стақаннан күніне 4-5 рет ішесіз. Емді тамақтанудан 20 минут алдын жүргізу керек.

Бұл сусын гастрит пен тоқ ішектің қабынуына да керемет ем болады.


2. Қарбыздың құрамындағы фолий қышқылы қаназдықпен күреседі. Әсіресе, жүктілік кезде, емізулі аналарға қарбызды көбірек жеуге кеңес береміз.


3. Ағзаны холестериннен тазарту үшін, қан қысымы көтерілген кезде, тұз байланғанда, буын қабынғанда, қант диабетімен ауыратындар қарбызды күнде жеуі керек. Сондай-ақ, 1 стақан қарбыз шырынына 1 ас қасық бал араластырып ішсеңіз де аурудан айығасыз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.


4. Қарбыз шырыны несеп жүргізетін қасиетке ие. Егер кіші дәретке сирек баратын болсаңыз күніне 3 рет 200 грамнан қарбыз шырынын ішіңіз.

фото: 1zoom.ru

5. Денеңіз ісіп, суықтап ауырып жүрсеңіз немесе бойыңызды әлсіздік билеп, қалжырап жүрсеңіз қарбыздың қабығынан шырын дайындап ішіңіз. Оны әзірлеу үшін қабықты ұсақтап турап, суға салып қайнатасыз. 25-30 минуттай қайнаған соң тұндырып қоясыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, бал араластырыңыз. Дайын болған шырынды күніне бір рет ашқарынға 100 мл-ден ішсеңіз шаршауды жеңіп, құштарлығыңыз артады. Емделу мерзімі – 7 күн.


6. Қуықасты безі ауырғанда күніне 2 келі қарбыз жеңіз. Немесе күніне 4 рет 1-2 стақан қарбыз шырыны мен сәбіз шырынын араластырып ішсеңіз де ем болады.


7. Тоқ ішек суықтаса кептірілген қарбыздың қабығынан дәрі әзірлеңіз. Дайындау үшін 100 гр. ұсақталған қабықты 2 стақан қайнаған суға салып, тұндырасыз. Салқындаған кезде сүзіп алып, 1/2 стақаннан 4 рет ішесіз.


8. Басыңыз ауырып мазаласа 2 стақан қарбыз шырынын аз-аз жұтымнан ішіңіз.


9. Қарбыздың дәнін пешке салып, кептіріп аласыз да, еттартқыштан өткізесіз. Сосын сүтпен араластырып күніне 1 рет 2 стақаннан ішесіз. Бұл ағзадағы құрттарды жояды.


10. Созылмалы іш қату кезінде күніне 1 келі қарбыз жеуді әдетке айналдырыңыз. Осылайша 5-6 күн үзбесеңіз, іш қатудан құтыласыз. Ал қыжыл мазалағанда 1 стақан қарбыз шырынын ішіңіз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ШӨЛДЕП тұрғанда СУ ішуге БОЛМАЙТЫНЫН білесіз бе?